2022-2023 оқу жылына арналған мектепішлік тамыз кеңесі » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылына арналған мектепішлік тамыз кеңесі
17
август
2022

2022-2023 оқу жылына арналған мектепішлік тамыз кеңесі

Күн тәртәбәнде:
Қткен оқу жылын талдау, жаңа оқу жылының басталуы Мектеп директоры С. Розахунов
Тренинг
2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Н. Хусайдинова
2022-2023 оқу жылында Әлеуметтік жұмыстардың ерекшілігі Әлеуметтік педагог Г. Ниязова
Жаңа оқу жылындағы педагог-ұйымдастыру жұмыстары Педагог-ұйымдастырушы Н. Хелилова
Тәрбие жұмыстары Р. Касимова
БЖБ, ТЖБ алу уақыты мен талаптары Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Д. Мичитова
Жаратылыстану пәндері бойынша олқылықтарды шешу жолдары Химия пәні мұғалімі: Р. Азнабакиев
Бастауыш сыныптардағы өзгерістер мен толықтырулар Бастауыш сынып мұғалімі З. Мухтарова
“Quizzes test” бағдарламасы мен жұмыс істеу жолдары Математика пәні мұғалімі Ш. Турсунова
Білім алушылардың функионалдық сауаттылықтарын арттыру жолдары Л. Аширова
Дене шынықтыру сабақтарындағы өзгерістер мен толықтырулар Дене шынықтыру пәні мұғалімі Н. Идимов
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 ✓ Мектепалды даярлық сыныптарына арналған Үлгілік оқу жоспарлары
мен Үлгілік оқу бағдарламаларын өзгерту
✓ Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда 35 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрайды
Анықтама:
Бір күнтізбелік жылда:
демалыс күндері-117
демалыс және мереке күндері - 75 күн
оқу күндері-173
Мектептерде білім алушылар үшін демалыс күндерінің жиыны-192 күн
2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші
сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне 35 минуттан үш
сабақ, қазан айынан бастап Санитариялық қағидаларға сәйкес көз шынықтыру
жаттығулары мен гимнастикаларын жасай отырып 45 минуттан өткізіледі
. Мектепішілік бақылау нормативтері
No Бақылау нысандары Нормалар
1 Сабаққа қатысу, бақылау және талдау
- директордың орынбасарлары үшін
айына кемінде 8 сабақ;
- білім беру ұйымының директоры үшін
айына кемінде 4 сабақ;
- 1 сабаққа қатысу ұзақтығы – 45 минут.
2 Қысқа мерзімді және орта мерзімді
жоспарларды тексеру мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
3 Электронды сынып журналдарын тексеру мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
4 БЖБ және ТЖБ-ның жүргізілуін тексеру мектептің бекітілген кестесі бойынша
5
Оқыту процесінде педагогтердің
қашықтан оқыту технологиялары мен
ЦБР қолдануы
мектепшілік бақылау жоспарына сәйкес
Сабақтарды бақылау нәтижелері пәндік
әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің отырыстарында жүйелі
түрде талқылануы тиіс.
Сабақты талдау (ауызша жүргізілуі мүмкін) мыналарды көздейді:
- педагогтің сабақты өзіндік талдауы;
- сабақтың ұтымды және проблемалық тұстарын бөліп көрсету;
- педагогке ұсыныстар беру.
Педагогтердің бір-бірінің сабағына жүйелі түрде қатысуы ұсынылады.
Педагог дәптерлерді, жазбаша жұмыстарды тексеру нәтижелері бойынша
білім алушыға кері байланыс (түсініктеме, орындалған жұмыстағы
олқылықтарды түсіндіру және т.б.) ұсынады.
Мұғалімнің кері байланысы орындалған тапсырмалардың қорытындылары бойынша
түсініктемелер, рубрика, ұсыныстар беру арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау электрондық журналдарда балл
түрінде жүзеге асырылады, қажет болған жағдайда мұғалім түсініктемелер енгізеді.
Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың
оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу мен сабақта сараланған
жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және бір баллдан он баллға дейінгі шекте
жүзеге асырылады.
Үйде оқитын, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін мұғалім оқу
жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып, жеке тапсырмалар
әзірлейді.
2022-2023 оқу жылында Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі»
аттестатын алуға үміткерлер үшін «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні
бойынша қорытынды аттестаттау (жазбаша емтихан) «НЗМ» ДББҰ
филиалдарының базасында өткізіледі. (2008 жылғы 18 наурыздағы No 125
бұйрыққа 2022 жылғы 12 мамырдағы No 193 бұйрығымен енгізілген өзгерістер
мен толықтырулармен)
Жалпы білім білім беру ұйымдарында ББЖМ өткізу 4 және 9-сынып білім
алушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауға, алған білімі
мен дағдыларды өмірлік жағдайларда қолдануына бағытталатын болады.
4-сынып бойынша:
− оқу сауаттылығы (бір дұрыс жауапты таңдаумен 10 тест тапсырмасы:
бірінші мәтінге – 4 тапсырма, екінші мәтінге – 6 тапсырма),
− математикалық сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 12 тест
тапсырмасы),
− жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (бір дұрыс жауапты таңдаумен 8
тест тапсырмасы) тексеріледі.
9-сыныпта:
− оқу сауаттылығы (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Тест
тапсырмаларының саны – 30, оның ішінде әр пән бойынша -10 тест тапсырмасы
(ең жоғары балл-30).
− математикалық сауаттылық. Бір дұрыс жауапты таңдаумен 13 тест
тапсырмасы (ең жоғары балл – 13).
− жаратылыстану-ғылыми сауаттылық (физика, химия, биология,
география).
Тест тапсырмаларының жалпы саны – 32 (8 контекст, әр контекстке бір
дұрыс жауапты таңдаумен 4 тест тапсырмасы, барлығы 32 тест тапсырмасынан
тұрады (ең жоғары балл -32).
Тестілеу кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды қолдана отырып, оқыту тілінде жүргізіледі.
2022-2023 оқу жылында білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың
орнын толықтыру жұмысы жалғасады.
Оқу жылының басында мектеп әкімшілігіне барлық пәндер бойынша білім
алушылардың біліміне әкімшілік бақылау жұмыстарын жүргізу ұсынылады.
Бақылау нәтижелері бойынша білім алушылардың біліміндегі
олқылықтардың орнын толықтыру үшін әрбір педагогтің және мектептің жұмыс жоспары әзірленеді
Оқу пәндері бойынша білім алушылардың білім сапасына жүйелі
мониторинг жүргізіледі.
Білім олқылықтарының орнын толықтыру бойынша мектеп жұмысы
алгоритмінің үлгісі ұсынылады (uba.edu.kz).
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері:
1) пәннің оқу бағдарламасы бойынша біліміндегі олқылықтар;
2) оқу-танымдық іс-әрекетіндегі олқылықтар;
3) оқуға қажетті өзіндік жеке қасиеттерінің даму деңгейінің жеткіліксіздігі;
4) эмоционалды қолайсыздық.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау алгоритмі:
1) бірнеше педагогтің сабақтарды, оқыту процесін бірлесіп жоспарлауы
(олқылықтардың орнын толықтыру үшін оқу материалын қайталау, бекіту, оқу
тапсырмаларының минимумын орындау, қателерді талдау және жою бойынша
оқу әрекетін реттеу және т.б.);
2) оқу іс-әрекеті барысында қолдау көрсету және кеңес беру;
3) бірінші сыныптың білім алушылары мен осал топтың балаларын
психологиялық бейімдеуді қамтамасыз ету;
4) оқу іс-әрекетін ынталандыру (көтермелеу, табысты жағдаяттарды
туғызу, оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б.).
5) оқушының оқу іс-әрекетінің және оқу жетістіктерінің мониторингі
(білім алушыларға жүйелі сауалнама жүргізу, оқу тапсырмаларының
орындалуын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауда белсенділікті арттыру
және т.б.);
6) қосымша сабақтарды және өзара көмек беруді ұйымдастыру;
7) білім алушыға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс;
8) өздігінен орындайтын тапсырмалар үшін қашықтан оқыту жүйесін
пайдалану.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру жұмыстарында:
педагогке:
- білім алушының артта қалу себептерін, оның оқу жетістіктерінің деңгейін
және біліміндегі олқылықтарды анықтау;
- жеке қолдау көрсету үшін білім алушының қажеттіліктерін зерделеу;
- жеке тапсырмаларды таңдай отырып, оқытудың жеке жоспарын әзірлеу;
- жүйелі кері байланысты ұйымдастыру ұсынылады.
Педагог оқушылардың білім алу қажеттіліктерін және жеке даму жолын
ескере отырып, пән бойынша білім алушылардың білімін толықтыру алгоритмін
дербес әзірлейді. Мысалы:
23
- өткен және ағымдағы оқу жылдарындағы оқу пәні сабақтарының
тақырыптарын, оқу мақсаттарын кіріктіру;
- пәндер бойынша өткен оқу жылының материалдарын жаңа оқу жылының
барлық кезеңіне бөлу;
- жаңа тақырыптарды және оқу мақсаттарын меңгертуге дейін бұрынғы оқу
материалдарын қайталау;
- білім алушыларға қиындық тудырған тақырыптар бойынша қосымша
сабақтар өткізу;
- білім алушыларға күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша жеке
және топпен консультациялар өткізу;
- өткен оқу материалы бойынша оқу пәнінен олимпиадалар ұйымдастыру;
- каникулдық сабақтарды және жазғы мектепті ұйымдастыру;
- формативті бағалауда өткен оқу жылындағы оқу бағдарламасы бойынша
тапсырмалар әзірлеу және енгізу;
- өткен оқу жылындағы материалдар бойынша зерттеу және жобалау
жұмыстарын ұйымдастыру;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру сабақтары үшін Үлгілік оқу
жоспарының вариативтік компонентінің сағаттарын пайдалану;
- білімдегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында қосымша білім
беру ұйымдарының мүмкіндігін барынша пайдалану;
- білім беру платформаларын қолдану.