Мектеп директоры » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

Мектеп директоры


Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Долайты орта мектебі» КММ –нің директоры Розахунов Сатурин Авдуновичтың өмір баяны.

Розахунов Сатурин Авдунович 1964 жылы 13 маусымда Долайты ауылында дүниеге келді. 1971 жылы Долайты ауылындағы Калинин атындағы 8 жылдық мектептің 1 сыныбына қабылданып, 1979 жылы 8 сыныпты бітіріп, Алматы қаласында 1979-1983 жылдары аралығында Құрылыс техникумында білім алып, архитектор мамандығы бойынша диплом алды. 1984-1986 жылдары әскери борышын өтеп келіп, 1987 жылдың қыркүйек айынан бастап, Калинин атындағы қазіргі Долайты орта мектебінде технология пәні мұғалімі болып жұмыс атқарды.1989 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы педагогикалық институтының география факультетіне оқуға  түсті.

1993 жылы оқуды аяқтап , осы жылдан бастап география пәні мұғалімі болып ауыстырылды. Осы жылдар аралығында  2003 жылдан 2010 жылға дейін бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып қызмет атқарды. 2010-2013 жж. педагог-ұйымдастырушы,  2013 -2015 жж. директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  2015 жылы 1 қыркүйектен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметерін атқарды. 2016 жылы 12 желтоқсан күнінен бастап осы күнге дейін Долайты орта мектебінің директоры лауазымын атқарып келуде.