Жобалардың жру барысы » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
декабрь
2022

Жобалардың жру барысы

   2022-2023 оқу жылы «Алматы облысы білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіде жалпы негізгі  «Ұстаз талапты болса, шәкірт талантты болады»  тақырыбында алынды. Бұл негізгі тақырып аясында пән бірлестіктер төмендегі тақырыпшалар бойынша кіші жобаларды атқаруда. Атап айтқанда 

Қатысушылар: 

  1. «Тілашар» бастауыш сынып бірлестігі- «Біз әдепті баламыз»
  2. Квант математика, физика, информатика пәні бірлестігі «Логикалық есептер»
  3. «Ізгілік», «Фологог» қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, ұйғыр тілі пән бірлестіктері «Мәнерлеп оқу»
  4. «Эколог», «Заңгер» география, биология, химия, тарих пән бірлестіктері «Тұған жер-алтын ұям»
  5. «Издиниш» көрем еңбек пән бірлестігі «Қол өнер мол-өнер»
  6. «Чамбаш» дене шынықтыру пәні бірлестігі «Спорт-бақытқа бастар жол»

Жобаның мақсаты: Білім алушылардың жас ерекшіліктеріне байланысты, дарындылығын, білімдерін, талаттарын оқу   жазу сауаттылығын арттыру, жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік   

құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту,

Жобаның өзектілігі: білім алушыларға шығармашылық тапсырмалардың берілмеуі;

Жобаның міндеттері:

  • Мектеп білім алушыларының шығармашылық белсенділігін дамыту; 
  • Мектеп білім алушыларының білімге, спортқа, өнерге болған белсенділігі және оқырман біліктілігін дамытуға бағытталған өзара байланысты жаба жүйесін қалыптастыру;
  •  Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап –талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – білім, өнер, салауатты өмір  екендігін түсіндіру; білім алушылардың  мәдени тәрбиесін, қызығушылығын дамыту;

Күтілетін нәтіже:

  • Мектеп білімалушыларының білімге, өнерге, спортқа белсенділігі артады.
  •  Мектеп білім алушыларының  белсенділігі және  біліктілігін дамытуға бағытталған жаба жүйесі қалыптасады.
  • Жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – білім, өнер, салауатты өмір екенін түсінеді.
  •  Білімалушылардың мәдени тәрбиесі,  қызығушылығы дамиды. 


Барлық жобалар бойынша жылдық жоспар жыл басында тексеріліп, бекітілді. Жоспар бойынша «Біз әдепті баламыз» жобасы аясында жыл басында педагог-психолог пен бірге барлық бастауыш сынып білім алушыларынан сауалнама алынды. Тіл мерекесіне орай «Мәнерлеп оқу» бойынша 3а,ә сынып білім алушыларының өлеңдері ю-туб, каналдарына жүктелді. «5 минуттік дауыстап оқу» бойынша 4а сынып білім алушыларының бейне жазбалары ю-туб каналына жүктелді. «Әдеби кітаптарды оқып, мазмұндау» бойынша 3а,ә сынып білім алушыларының жүмыстары ю-туб каналына жүктелді.   

Квант математика, физика, информатика пәні бірлестігі «Логикалық есептер» бойынша пән мұғалімдері өздері сабақ беретін, сыныптарға жұмыс дәптерін ұстап, сабақтан тыс логикалық есептерді орындап жатыр.                          «Ізгілік», «Фологог» қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, ұйғыр тілі пән бірлестіктері «Мәнерлеп оқу» жобасы бойынша «Тіл мерекесінде» 5 сынып біоім алушысы Ш. Османжанова, 9 сыныпта Б. Бахавдинова, 8а сыныпта Г. Аюпжановалардың бейне жазбалары ю-туб каналына жүктелді. Республика күніне орай 7 сынып білім алушыларының өлеңдері мен тақпақтары ю-туб каналына жүктелді. Жыл барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері оқулар бойынша әр бір баланы нақты оқуларға дайындауда.

«Эколог», «Заңгер» география, биология, химия, тарих пән бірлестіктері «Тұған жер-алтын ұям» жобасы аясында күздік мереке кезінде 5-11 сынып білім алушылары күздік жеміс-жедектерден эикебаналарды жасады. «Ауылымның көрікті жерлері» тақырыбында 8ә, 10 сыныптар бейне жазбаларды жасады.

   «Издиниш» көрем еңбек пән бірлестігі «Қол өнер мол-өнер» жобасы аясында Республика күніне орай аудандық, аймақтық көрмелерге қатысты. Одан басқа әр көркем еңбек пәні сабақтарында матамен, бессер мен жұмыстар жүргізілуде.

    «Чамбаш» дене шынықтыру пәні бірлестігі «Спорт-бақытқа бастар жол» жобасы аясында футбол, валейбол,, баскетбол бағыттары бойынша пән мұғалімдеріне бөлінген. Әр мұғалім өз бағыты бойынша, сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырып. Аймақты, аудандық жарыстардан жүлделі орындарға иеленуде.