лауазымдық міндет
Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Долайты орта мектебі» отдела образования Шуского района
БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры
................... С. Розахунов
Лауазымдық нұсқау №6
Әлеуметтік педагог Ниязова Гулжаханның лауазымдық міндеттері:
1. Тұлғаның психолог – медик - педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір жағдайын зерделейді, қызығушылығы мен қажеттігін, мәселелерін, келіспеушілік жайларын, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің тәртіптен ауытқуларын анықтайды және оларға уақытылы әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетеді;
2. Әлеуметтік – педагогикалық жұмыстың міндеттерін, формаларын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік мәселелерін шешу тәсілдерін анықтайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, балалардың құқығы мен бостандығын жүзеге асыруда әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік көмек шараларын қабылдайды;
3. Білім алушылар, тәрбиеленушілер, балалар мен мекеме, отбасы ортасы, түрлі әлеуметтік қызметтермен жұмыс жасайды.
4. Білім алушыларды (тәрбиеленушілерді) білім беру ұйымдарында және мекен - жайы бойынша тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау бойынша тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүзеге асырады;
5 жетім балалар мен ата - ана қамқорынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала жастан мүгедектерді. қамқоршылық, баспанамен, жәрдемақымен, зейнетақымен, дүние - мүліктік, дүние - мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстыүйлестіреді;
6.Әлеуметтік ортада ізгілік, саламатты адамгершілік қарым - қатынасты орнатуға көмектеседі;
7. Преподавателимен, ата - аналармен және басқа заңды өкілдермен байланыс жасайды;
8.Білім беру үдерісі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
9. Білім алушылардың құқықтары мен бостандығының сақталуын қамтамасыз етеді, аз қамтылған және басқа оқушылардың ыстық тамағына жауап береді, жетімдерге, ата - ана қамқорынсыз қалған балаларға пана беру және басқа мемлекеттік мекемелерге орналастыру үшін құжаттарын дайындайды, Жалпыға міндетті оқу қорына, ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы Қаулысына сәйкес әлеуметтік қорғалмаған білім алушыларға және аз қамтылған отбасы балаларына қаржылық және материалдық көмек көрсетуге бөлінген құралдарды жұмсауға, алдын алу Кеңесі, қамқорлық пен қорғаншылық кеңесі жұмысына жауап береді, оқушылардың сабаққа қатысуын (сабаққа қатысуды есепке алуды жүргізу) бақылайды;
10. Өз құзыреті шегінде ата - аналарға (оларды ауыстырушы тұлғаларға), сондай - ақ мектептің педагогикалық жұмыскерлері мен білім алушыларға кеңестік көмек көрсетеді;
11. Әрбір бақытсыз жағдай туралы мектеп әкімшілігіне дереу хабарлайды, бірінші дәрігералды көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
12.Өзінің кәсіби біліктілігін арттырады; әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік жұмыстың басқа формаларының іс - әрекетіне қатысады;
13. Мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысына қатысады, бұйрықтар жобасын дайындайды;
14. Кезеңдік тегін медициналық тексеруден өтеді;
15.Мектепте, тұрмыста, қоғамдық орындарда педагогтың қоғамдық ережесіне сәйкес тәртіптің этикалық нормаларын сақтайды.
Әлеуметтік педагогтың құқықтары
1. кәсіби ары мен адамгершілігін қорғауға;
2. арыздармен және өз жұмысына баға беретін басқа да құжаттармен танысуға, олар бойынша түсініктеме беруге;
3.оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін, оқу құралдары мен материалдарды, оқулықтарды, білім алушылардың білімдерін бағалау әдістемесін еркін таңдауға және қолдануға;
4. біліктілігін арттыруға;
5. сәйкес біліктілік санатына ерікті негізде аттестатталуға және аттестаттаудан өту табысты болған жағдайда оны алуға;
6. білім алушыларға сабақ кезінде және үзілісте сабақтарды ұйымдастыруға және тәртіп сақтауға жататын міндетті өкімдер беруге, білім алушыларды мектептің білім алушыларын марапаттау және жазалау туралы ережемен бекітілген жайларда және тәртіпте тәртіптік жауапкершілікке тартуға.
5. Жауапкершілігі
1. әлеуметтік педагог білім беру бағдарламасын орындау сапасы үшін, сабақ кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығы үшін, олардың құқығы мен бостандығын бұзғаны үшін ҚР заңнамасы бойынша жауапкершілікке тартылады;
2. дәлелді себептерсіз мектеп Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі ережелерін, мектеп директорының заңды бұйрықтарын және локалды нормативтік актілерді, нағыз нұсқаулықпен белгіленген лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісті деңгейде орындамағаны үшін, оның ішінде өзіне берілген құқықты пайдаланбағаны үшін әлеуметтік педагог Қазақстан Республикасының еңбек кодексімен анықталған тәртіптік жауапкершілікке тартылады;
3. оқушы тұлғасына физикалық және (немесе) психикалық күштеумен байланысты тәрбие әдістерін қолданғаны, оның ішінде бірнеше рет болса, сондай – ақ басқа да моралға қарсы теріс қылық жасаса, әлеуметтік педагог ҚР еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес жұмыс істеп отырған лауазымынан босатылуы мүмкін. Мұндай теріс қылыққа байланысты жұмыстан шығару тәртіптік жауапкершілік шарасы болып табылмайды.
4. өзінің лауазымдық міндеттерін орындауына (орындамауына) байланысты мектепке немесе білім беру үдерісіне қатысушыларға келтірген кінәлі зияны үшін әлеуметтік педагог ҚР еңбек кодексімен және (немесе) азаматтық заңнамамен бекітілген тәртіпте және шекте материалдық жауапкершілікке тартылады.