ҚР Білім және ғылым министрінің № 472 бұйрығы
Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді.
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-4 сыныптарға арналған сынып журналының,
5-11 сыныптарға арналған сынып журналының,
мектепалды сыныптардың журналының;
факультативтік сабақтардың немесе үйде оқыту журналының,
білім алушының жеке іс қағазының,
1-4 сынып білім алушыларының үлгерімі туралы табельдердің,
5-11 (12) сынып білім алушыларының сабақ үлгерімі туралы табелдердің,
бұйрықтарды тіркеу кітабының (негізгі қызметке, жеке құрам бойынша, білім алушылардың қозғалысы бойынша),
педагогикалық кеңес хаттамалары кітабының,
педагог қызметкерлердің жеке құрамын есепке алу кітабының,
білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың,
кеткен білім алушыларды есепке алу кітабының,
келген білім алушыларды есепке алу кітабының,
босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналының,
білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабының,
негізгі орта білім беру ұйымын бітіргендігі туралы аттестатты беру және есепке алу кітабының,
жалпы орта білім беру туралы атестатты есепке алу және беру кітабының,
мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған теориялық оқытуды есепке алу журналының,
жеке сабақтарды есепке алу журналының,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына арналған өндірістік оқытуды есепке алу журналының,
білім алушының үлгерімі кітабының,
диплом беру кітабының,
дипломдардың телслабовидящихн беру кітабының,
академиялық анықтама беру кітабының,
білім алушылардың атаулы кітабының нысандары алынып тасталсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) и 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | А. Аймагамбетов |
Қазақстан Республикасы |
Орта білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Құжаттарды педагогтер қағаз немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматында толтырады. Электрондық форматта толтыратын жағдайда қағаз нұсқа талап етілмейді.
Электрондық цифрлық қол электрондық жүйеге қосылған және құжаттар электрондық форматта жүргізілген жағдайда, мөр мен қолға теңестіріледі.
Барлық оқу пәндерінің педагогтері:
күн сайын, сабақ кестесіне сәйкес:
2) қысқа мерзімді (сабақ) жоспарды (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
2) тәлімгерлік жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
тоқсандық қорытындысы бойынша:
автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын және бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдауды жүргізеді (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
оқу жылының қорытындысы бойынша бір рет:
9 (10), 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау хаттамаларын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
сынып жеткшісінің жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді және іске асырады;
тоқсандық және оқу жылының қорытындысы бойынша:
1) 1-4 сынып білім алушысының үлгерім табелін, 5-11 (12) сынып білім алушысының үлгерім табелін (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) білім алушының жеке іс қағазын (қағаз немесе электрондық форматында) жүргізеді.
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде әлеуметтік педогогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді және іске асырады;
оқу жылы ішінде:
1) мектептің әлеуметтік паспортын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) мектептегі білім алушылар туралы мәліметті (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылы басталғанға дейін бір рет және оқу жылы ішінде:
педагог-психологтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді және іске асырады;
оқу жылы ішінде:
1) психологиялық қызметтің топтық және жеке жұмысын есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) педагог-психологтің консультациясын есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта сөз немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
1) тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) Мектептің даму бағдарламасы (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
3) педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтерді (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
4) мектепішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
5) оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
6) педагогтердің жеке құрамын есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
7) оқу-тәрбие жұмысы жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді/толтырады.
оқу жылының ішінде қажеттілігіне қарай:
1) ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта);
2) білім алушыларды жазатын алфавиттік кітапты (қағаз немесе электрондық форматында);
3) кеткен және келген білім алушыларды есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
4) бұйрықтарды тіркеу кітабын (негізгі қызмет, жеке құрам, оқушылар қозғалысы бойынша) (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
5) педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңес хаттамаларын әзірлейді/жүргізілуін қадағалайды.
оқу жылының соңында бір рет:
1) негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
2) жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
3) білім алушылардың үлгерім табельдерін есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында);
4) мақтау қағаздарын және мақтау грамоталарын беруді есепке алу кітабын (қағаз немесе электрондық форматында) толтырады.
6. Басшы (директор):
оқу жылы басталғанға дейін бір рет: тәрбие жұмысы жоспарын, мектептің дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысы жоспарын, мектепішілік бақылау жоспарын, жұмыс оқу жоспарын бекітеді (қағаз түрінде немесе word немесе pdf электрондық форматта);
Тәлімгерлік жоспарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығымен бекітілген Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20486 болып тіркелген) сәйкес қосымша ақы алатын педагог толтырады.
Ата-аналар жиналысының, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік кеңестің хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізіледі.
Қортытынды аттестаттау хаттамалары "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) бекітілген 3-қосымша нысанына сәйкес жүргізіледі.
Одан әрі (оң жақ беті)
Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _______________________ | |||||||||||
Тоқсандық бағалау көрсеткіші | Күні, айы | Тақырыбы | Үй тап сырма сы | ||||||||
Оқу бағдарламалары бөлімдері үшін тоқсандық ЖБ балы | ТЖБ баллы | БЖБ % (ең жоғары 50%) | ТЖБ % (ең жоғары 50%) | Жиынтық % | Тоқсандық бағалау | ||||||
БЖБ 1 | БЖБ 2 | БЖБ 3 | БЖБ 4 | ||||||||
Ең жоғары балдар | |||||||||||
|
|
|
|
|
"Өзін-өзі тану" пәні бойынша қысқа мерзімді (сабақ) жоспар(ы)
Мектеп_______________Күні____________Педагог___________________
Сынып____________Оқушылар саны___________
Тақырып_____________________________________
Құндылық____________________________________
Қасиеттер ____________________________________
Мақсаты: | Ресурстар: (материалдар, дереккөздер) | ||
Сабақтың барысы: | Ескерту | ||
Позитивті мәлімдеме (дәйексөз) |
| ||
Оқиғаларды әңгiмелеу (әңгімелесу) |
| ||
Шығармашылық іс-әрекет |
| ||
Топпен ән айту |
| ||
Үй тапсырмасы |
| ||
Сабақтың соңғы минуты |
| ||
Нысан | |||
Пәндер бойынша орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық)
жоспар ____________пәні___________сыныбы
Барлығы:____сағат, аптасына:___сағат
№р/с | Бөлім/Ауыспалы тақырыптар | Сабақтың тақырыбы | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Мерзімі | Ескер ту | |
І тоқсан |
| ||||||
|
|
|
|
|
|
| |
ІІ тоқсан |
| ||||||
|
|
|
|
|
|
| |
ІІІ тоқсан |
| ||||||
|
|
|
|
|
|
| |
ІV тоқсан |
| ||||||
|
|
|
|
|
|
| |
Нысан | |||||||
Тәлімгерлік жоспары ___________ оқу жылы
Жас маман туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
Білімі |
|
Қандай оқу орнын қашан бітірді |
|
Педагогикалық практика қорытындысы |
|
Лауазымы |
|
Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары |
|
Сынып жетекшілігі |
|
Тәлімгерлікті іске асыратын педагог туралы мәлімет
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
|
Білімі |
|
Қандай оқу орнын қашан бітірді |
|
Дипломы бойынша мамандығы |
|
Педагогикалық өтілі |
|
Лауазымы |
|
Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптар |
|
Біліктілік санаты |
|
Жұмыс мақсаты |
|
Міндеттері |
|
Жұмыстың негізгі бағыттары | -жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамамен жұмыс; |
Қорытынды | Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау. Жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп |
Тәлімгерлікті іске асыратын педагогтің қызметін жоспарлау, ұйымдастыру және оның мазмұны бойынша іс-шаралар
№ | Қызмет мазмұны | Жұмыс нысаны | Мерзімі | ||
|
|
|
| ||
Нысан | |||||
____________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
_________________________________________________________________________
Автоматтандырылған ақпараттық жүйеден автоматты түрде жасалатын түсініктемелері бар бөлім бойынша жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелері бойынша талдау (ақпараттық жүйе болмаған жағдайда, қағаз түрінде)
______ тоқсан ____________ пәні бойынша
Сынып:
Оқушылар саны:
Педагог:
Мақсаты:
БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау
Пән | Оқушы | Жоғары балл | ЖБ балдарының пайыздық мазмұны | Са па % | Үлгерім % | ||
| төмен | орта | жоғары | ||||
| 0-39% | 40-84% | 85-100% |
|
| ||
|
|
| Оқушылар саны |
|
| ||
БЖБ 1 |
|
|
|
|
|
|
|
БЖБ 2 |
|
|
|
|
|
|
|
ТЖБ |
|
|
|
|
|
|
|
| Қол жеткізілген мақсаттар | Қиындық тудырған мақсаттар |
БЖБ 1 |
|
|
БЖБ 2 |
|
|
ТЖБ |
|
|
1. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау білім алушылардың мынадай білім деңгейін көрсетті: жоғары (В): 85-100% орта (С): 40-84% төмен (Н): 0-39%
2. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтар тізбесі: _____________________________________________________________________
3. Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларда туындаған қиындықтардың себептері: _____________________________________________________________________
4. БЖБ және ТЖБ нәтижелерін талдау қорытындысы бойынша жоспарланған жұмыс (қажет болған жағдайда білім алушылардың ТАӘ көрсетумен) :_________________________
Күні________________Педагогтің (Т.А.Ә.(болған жағдайда)____________
Нысан |
Мектептің даму бағдарламасы (5 жылға арналып жасалады)
Бағдарлама паспорты
Атауы | 20..-20 .. жылдарға арналған мектептің даму бағдарламасы |
Әзірлеу үшін негіздеме |
|
Негізгі әзірлеуші |
|
Мақсаттары |
|
Міндеттері |
|
Күтілетін нәтижелер |
|
Іске асыру мерзімдері | 20..-20 .. жылдар |
Кіріспе
Бағдарламаның мақсаты
Бағдарламаның даму кезеңдері
Жылдар | Мероприятие | Орындаушылар |
|
|
|
Бағдарлама мониторингі
Мектептің оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және қадағалайды;
онда мониторинг нәтижелері, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, білім беру саясатының басым бағыттарындағы ықтимал өзгерістер негізінде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларға түзетулер енгізу көзделеді.
I. Мектеп қызметінің ағымдағы жағдайына қысқаша сипаттама Мектептің 20...-20... жылдардағы білім беру жүйесінің жағдайына талдау Мектептің сыртқы және ішкі даму перспективаларын бағалау
Кадрлық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Материалдық-техникалық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Информациятық ресурстар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Білім беру және инновациялық қызмет сапасын арттыруға оқу-әдістемелік шарттар | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Білім беру мазмұнын іске асыру | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерінің даму шарттары, білім беру сапасы | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар мен идеалдарға бағдарланған белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және өзін-өзі іске асыру шарттары | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және іске асыру шарттары | |||
Ішкі мықты жақтары | Ішкі осал жақтары | Қолайлы мүмкіндіктер | Сыртқы қауіптер (тәуекелдер) |
|
|
|
|
III. Мектептің миссиясы, мақсаттары мен міндеттері
Мектептің миссиясы:
Мектептің мақсаты:
Мектептің міндеттері:
IV. Мектепті дамытудың басым бағыттары
V. Бағдарламаны іске асыру тетіктері
VI. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Нысан |
Педагогтердің оқу жүктемесі (тарифтеу) туралы мәліметтер
Нысан |
Мектепішілік бақылау жоспары
______________оқу жылы
№ р/р | Бақылау тақырыбы | Бақылау мақсаты | Бақылау объектісі | Бақылау түрі | Бақылау әдістері | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Қарау орны | Басқару шылық шешім | Екінші бақылау | ||
I. Нормативные документыдың орындалуын бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
ІІ. Талаптарға сәйкес мектеп құжаттамасының жүргізілуін бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
ІІІ. Оқу процесінің сапасын бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
IV. Білімнің олқылықтарын толтыру және төмен көрсеткіштермен жұмыс істеу бойынша жұмыстарды бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
V. Оқу-зерттеу қызметі | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
VІ. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
VIІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
VIIІ.Материалдық-техникалық базаның нығаюын бақылау | ||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| ||
Нысан |
Титул парағы
____________________________________________
(білім беру ұйымының атауы)
Бекітемін: |
Оқу-тәрбие жұмысы жоспары ______________оқу жылы
Негізгі жұмыс бағыттары | Мероприятие | Жауаптылар | Орындау мерзімдері | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
|
|
|
| ||
Нысан | |||||
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы ______________________________________________
(облыс, республикалық маңызы бар қала және астана)
___________________________________________________
(аудан, қала (ауыл)
________________________________________________
(орта білім беру ұйымының атауы)
________________________________________________
(сынып)
_______ /________ оқу жылы
(Сол жақ беті)
Ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы
№ | Айы, күні | Сынып | Пән | Пән бойынша педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Сабақты өткізбеуінің себебі |
|
|
|
|
|
|
беттің соңына дейін
(оң жақ беті)
Сабақты ауыстырған педагогтің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Ауыстырған сабақтың саны | Сабақты өткізген педагогтің қолы |
|
|
|
Ескерту: Ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналын әрбір мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары (директор) жүргізеді.
Ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы орта білім беру ұйымы электронды жүйеге қосылған жағдайда электрондық форматта ғана толтырылады, оны қағаз түрінде толтыру талап етілмейді.
Жазбалар тек ресімделген тиісті құжаттардың негізінде жүргізіледі (мектепішілік бұйрықтар, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, сынып журналындағы жазбалар және т.б.). Ауыстырылған сабақты жүргізген педагог ол жөнінде журналға қол қояды.
Нысан |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Білім алушыларды жазатын
Қазақстан Республикасы |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Педагогтер құжаттарды қағаз және/немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматта толтырады.
1. Жалпы білім беретін, арнайы пәндердің оқытушысы, өндірістік оқыту шебері:
күн сайын сабақ кестесі мен оқу процесінің кестесіне сәйкес:
1) оқу сабағының жоспарын (теориялық немесе өндірістік оқыту) (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) теориялық оқытуды есепке алу журналын, жеке сабақтарды есепке алу журналын, өндірістік оқытуды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді/жүргізеді.
білім алушыларды аралық аттестаттау/білім алушыларды кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша аралық аттестаттау кезінде:
1) емтихан ведомосын (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта);
2) емтихан ведомосын (білім алушыларды кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша аралық аттестаттау үшін) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден шығару арқылы электрондық форматта) толтырады.
оқу жылының басында жылына бір рет:
пән/модуль/өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді.
2. Оқу тобының жетекшісі (куратор):
оқу жылының басында жылына бір рет:
топтың оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта) әзірлейді.
3. Әлеуметтік педагог:
ай сайын, оқу жылы ішінде:
девиантты мінез-құлықты білім алушыларды есепке алу журналын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді;
оқу жылының басында жылына бір рет:
әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
4. Жатақхана тәрбиешісі:
оқу жылының басында жылына бір рет:
жатақхана тәрбиешісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
5. Оқу бөлімінің меңгерушісі:
ай сайын:
педагог жұмысының әрбір айға арналған оқу уақытын есепке алу ведомосін (сағатпен және (немесе) кредитпен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады;
оқу жылы ішінде қажет болған жағдайда:
1) білім алушылар контингенті бойынша бұйрықтарды тіркеу кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) білім алушылардың атаулы кітабын (қағаз және/немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта);
3) академиялық анықтама беру кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында);
4) дипломдардың телнұсқаларын беру кітабын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматында) жүргізеді.
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) білім алушының үлгерім кітапшасын (қағаз және/немесе электрондық word немесе pdf форматта);
2) білім алушының студенттік билетін ресімдеуді ұйымдастырады.
оқу жылының аяғында жылына бір рет:
1) диплом бланкілерін есепке алу журналын;
2) диплом беру кітабын (қағаз және/немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады.
6. Бөлім меңгерушісі:
оқу жылының басында жылына бір рет:
бөлім меңгерушісінің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлейді.
7. Басшының оқу, оқу-әдістемелік немесе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) педагогикалық кеңестің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
3) педагогтердің тарификациялық тізімін (қағаз және/немесе электрондық форматта);
4) оқу жылына арналған (қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
5) оқу жылына арналған колледжішілік бақылау жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
оқу жылының аяғында жылына бір рет:
педагогтің бір жылдағы оқу уақытын есепке алу ведомосын (сағатпен және (немесе) кредитпен) (қағаз немесе автоматтандырылған жүйеден жүктеу жолымен электрондық форматта) толтырады.
8. Басшының оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
1) оқу жылына арналған оқу-әдістемелік жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);
2) оқытушылардың кәсіби өсуі үшін даярлау және біліктілікті арттыру жоспарын әзірлейді.
9. Басшының тәрбие немесе оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында) әзірлейді.
10. Басшының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары:
оқу жылының басында жылына бір рет:
оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесін ақпараттандыруды дамыту бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді.
11. Басшы (директор):
оқу жылы басталғанға дейін бір рет:
(қызмет бағыттары бойынша) жұмыс жоспарын, колледжішілік бақылау жоспарын, оқу жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматтарында) бекітеді.
Педагогикалық және әдістемелік кеңестердің хаттамалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалану қағидаларына сәйкес (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматтарында) жүргізіледі.
Педагогикалық кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 қазандағы № 506 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4993 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтік кеңесінің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларында айқындалған.
Әдістемелік кеңестің отырыстарын өткізу кезеңділігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5090 болып тіркелген) Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесінде айқындалған.
Қазақстан Республикасы |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың нысандары
Нысан |
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.09.2021 № 472 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________
(білім беру ұйымының атауы) Оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту)
_____________________________________________________________
(сабақ тақырыбы)
Модуль /пән атауы___________________________________________
Педагог ___________________________________________ дайындады
20_ жылғы "__" ____________
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ __________________
Сабақтың түрі
2. Мақсаты, міндеттері
3. Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
4. Қажетті ресурстар
5. Сабақтың барысы
"Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес педагог тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және пәннің немесе модульдің ерекшеліктері мен білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, қосымша элементтерді енгізуге құқылы.
Нысан |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Теориялық оқытуды есепке алу журналы
Оқу тобы _________________________
Оқу курсы _________________________
Мамандығы _______________________
Біліктілігі __________________________
20___/20___ оқу жылы
___________________________________
Мазмұны
№ р/с | Модуль индексі | Пән және (немесе) модуль атауы | Оқытушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) | Парақтар |
1 |
|
|
|
|
Ескерту: Мазмұндағы бағандар саны оқу жылы ішінде оқу тобында оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер санына байланысты белгіленеді.
№ 5.1-нысан. ОҚУ ЖЫЛЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН МОДУЛЬДЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
№ р/с | Модуль атауы | Оқу жоспары бойынша сағат саны | Басталу мерзімі | Аяқталу мерзімі |
1 |
|
|
|
|
Ескерту: Мазмұндағы бағандар саны оқу жылы ішінде оқу тобында оқытылатын модульдер санына байланысты белгіленеді.
№ 5.2-нысан. ТОПТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(сол жақ беті)
№ р/с | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Туған жылы, айы және күні | Атаулы кітаптағы нөмірі | Оқуға қабылдау туралы бұйрықтың күні мен № |
|
|
|
|
|
Топтың жетекшісі (тьютор) __________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
ТОПТАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
(оң жақ беті)
№ р/с | Білім алушының үйінің мекенжайы | Телефоны | Контингент қозғалысы | Қосымша мәліметтер |
|
|
|
|
|
№ 5.3-нысан. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ҚАТЫСУЫ МЕН ҮЛГЕРІМІН ЕСЕПКЕ АЛУ
(Сол жақ беті) (Оң жақ беті)
Ескерту: Журналдағы өткен оқу материалын жазуға, білім алушының сабаққа қатысуын және үлгерімін есепке алуға арналған парақтар саны оқу жоспарына сәйкес топта оқытылатын пәндер және (немесе) модульдер санына, оның оқу ұзақтығына байланысты оқу сабақтары журналының бланкілерін басып шығару кезінде белгіленеді.
Бір модульді бірнеше оқытушы оқытқан жағдайда, бұл нысанды оқытушылар оқу сабақтарының кестесіне сәйкес кезекпен толтырады. Модуль бойынша оқыту бағдарламасының теориялық бөлімі аяқталғаннан кейін (соңғы сабақты жүргізетін оқытушы) модуль бағдарламасының теориялық бөлігінің іс жүзінде орындалуын көрсете отырып, сағат және (немесе) кредит түрінде "Модуль бойынша қорытынды" жазады.
Әр семестрдің қорытындысы бойынша (соңғы сабақты жүргізетін оқытушы) оқу жұмыс жоспарына сәйкес модуль бойынша жалпы орташа баға қойылады.
Модульдің индексі | Оқытушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________ | |||||||||||
№ р/с | Білім алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Айы, күні | Сабақ өткізу күні | Оқу сағатының саны | Сабақтың тақырыбы/бағалау критерийлері | Үйге не тапсырылды | Оқытушының қолы | |||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
№ 5.4-нысан. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ
№ р/с | Білім алушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Тексерілген күні | Медициналық топ (негізгі, дайындық, арнайы) | Ескерту |
|
|
|
|
|
№ 5.5-нысан. ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
№ р/с | Білім алушылардың аты-жөні | Модуль индексі_______ Өндірістік оқу | ||||
1-жартыжылдық (семестр) | 2-жартыжылдық (семестр) | Жылдық баға | Емтихан бағасы | Қорытынды баға | ||
| Оқу жоспары бойынша сағат және (немесе) кредит саны |
|
|
|
|
|
| Іс жүзінде жүргізілген сағаттар және (немесе) кредиттер |
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
Модуль индексі_______ Пән және (немесе) модуль атауы | Сабаққа қатыспаған сағат саны | |||||||||
Жарты жылдық семестр | Жарты жылдық семестр | Жылдық баға – сынақ | Емтихан бағасы | 1-жартыжылдық (1-семестрде) | 2-жартыжылдық (2-семестрде) | бір жылда | барлығы | |||
барлығы | оның ішінде себепсіз | барлығы | оның ішінде себепсіз | барлығы | оның ішінде себепсіз | |||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Топ жетекшісінің (шебердің), оқытушылардың қолы ___________
Басшының оқу ісі жөніндегі орынбасары __________________
Ескерту: "Пән және (немесе) модуль атауы" деген бағанның саны оқу жоспары мен бағдарламаларына сәйкес журнал бланкілерін басып шығару кезінде белгіленеді. Емтихан сеcсиясына шығарылған пәндер және (немесе) модульдер бойынша емтихандар мен сынақтарда алынған бағалар қойылады.
Журналды толтыру бойынша ескертулер мен ұсыныстар
Күні | Ескертулер мен ұсыныстардың мазмұны | Журналды тексерушінің аты-жөні, лауазымы және қолы |
|
|
|
|
|
|
Ескерту:
Журналды толтыру қағидалары
1. Журнал теориялық оқытуды есепке алу және оқу-тәрбиелік жұмысты қорытындылау үшін қатаң есептіліктегі құжат болып табылады.
2. Оқытушылар журналды бір оқу тобына және бір оқу жылына толтырады.
3. Топтағы білім алушылар туралы мәліметтерді (№ 5.2-нысан) атаулы кітапқа, бұйрықтар кітабына және білім алушының жеке ісіне сәйкес оқу бөлімі толтырады. "Үйінің мекенжайы" деген бағанда білім алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың мекенжайы көрсетіледі.
4. № 5.3-нысанда білім алушылардың сабаққа қатысуы және ағымдағы үлгерімі, өткізілген сабақтардың және үйге берілген тапсырманың мазмұны, жұмсалған сағат саны көрсетіледі.
Әрбір оқу пәніне және (немесе) модульге қажетті парақ, оған бөлінген оқу сағаттары мен консультациялардың санына байланысты бөлінеді. Консультациялар пәнге және (немесе) модульге бөлінген соңғы парақтарда ескеріледі.
Бақылау, зертханалық және басқа да жұмыстардың бағалары, олардың өткізген күнгі бағанға қойылады.
Білім алушының сабаққа немесе консультацияға қатыспауы "ж" әрпімен белгіленеді.
1- "Өнер" бейіні бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында концертмейстердің сабақты сүйемелдеуі кезінде толтырылады.
5. Білім алушылардың медициналық тексеріс нәтижесі туралы мәліметтерді медициналық қызметкер № 5.4-нысанында толтырады.
6. Жартыжылдықтағы (семестрдегі) және оқу жылындағы үлгерім бағалары, сондай-ақ оқу жоспарын орындағаны туралы мәліметті оқытушылар "Оқу-тәрбие жұмыстарының қорытындысы" (№ 5.5-нысан) парағында толтырады. Өндірістік оқыту бойынша бағаларды сол парақта әр топтың шеберлері немесе оқытушылары қояды. Әр білім алушының теориялық оқу бойынша сабаққа қатыспаған сағаттарының жалпы санын топ жетекшісі (шебері) қояды.
7. Журналдағы барлық жазбалар анық, ұқыпты түрде көк түсті сиямен жазылады. Түзетулерге тыйым салынады.
8. Журналдың толтырылуын бақылауды басшының оқу және (немесе) оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары, оқу-тәрбие процесінің мониторингін бөлім меңгерушілері жүзеге асырады. Олардың ескертулері мен ұсыныстары журналдың соңындағы тиісті парақта жазылады.