Лауазымдық міндет ,Әлеуметтік педагогтың 2025-2026ж » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лауазымдық міндет ,Әлеуметтік педагогтың 2025-2026ж
10
март
2026

Лауазымдық міндет ,Әлеуметтік педагогтың 2025-2026ж

Қазақстан Республикасы 

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген

Бекітемін

Мектеп директоры

________________А.Давлетов

«____»  ___________2025 ж



Әлеуметтік  педагог Авдинованың  лауазымдық  міндеттері
 
 

  1. Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
  2. Баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
  3. Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларын зерттейді.
  4. Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
  5. Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойынша алдын-алу жұмыстарын жүргізеді;
  6. Әлеуметтік-педагогикалық диагностика, әдістемесін анықтайды;
  7. Патронат бойынша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;
  8. Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;
  9. Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен жәнеәлеуметтік қызметкермен байланысын ұйымдастыру;
  10. Сынып жетекшімен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
  11. Білім беру ұйымдарының білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді.
  12. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және олардың микроорталығын, өмір сүру жағдайын зерделейді мен мүдделілігі мен қажеттілігін, даудамайлық жағдайларды, тәртібіндегі ауытқуларды анықтайды, уақытында әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді.
  13. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың  әдістерін, түрлерін,  міндеттерін анықтайды, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу тәсілдерін, балалардың, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруда әлеуметтік көмек және әлеуметтік қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
  14. Білім алушылар, тәрбиешілер, балалар мен әкімшілік органдар, ведомстволар, әртүрлі әлеуметтік қызметтің мамандары, қоғам, жанұя, білім беру ұйымдары арасында байланыс орнатады.
  15. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, әдістерін, баланың әлеуметтік және жеке проблемаларын шешу жолдарын, анықтайды.
  16. Тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдары мен тұрғылықты мекен жайы бойынша білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) білім алуы, тәрбиеленуі, дамуы және әлеуметтік қорғалуы бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
  17. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, бала кезінен мүгедек балаларды мүліктік және мүліктік емес құқықтары бойынша патронат бойынша тұрғын үймен, жәрдем ақымен, зейнет ақымен қаматамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді.
  18. Балалар мен мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасында байланыс орнатады.
  19. Мұғалімдермен, ата-аналармен басқа заңды өкілдермен өзара қарым-қатынас жасайды.
  20. Білім беру ұйымындағы оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады.
  21. Компьютерлік сауатты, ақпараттық-коммуникациялық біліктілікке ие.

Жалпы ереже

  1. Әлеуметтік педагог өз жұмысында: ҚР Конституциясын, ҚР «Білім туралы» заңын, БҰҰ «Бала құқығы туралы» Конвенциясын, ҚР «Бала құқығы туралы» Заңына, ҚР «Неке және Отбасы туралы» Заңын, ҚР «Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралы» Заңын, «Әлеуметтік педагог» ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді қатаң сақтайды.
  2. Әлеуметтік педагог мектеп директорына бағынады.






                                   Таныстым                       А.Авдинова