Әлеуметтік педагогтің жылдық жұмыс жоспары 2024-2025ж
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТІҢ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
Осы әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспары «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы(ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 № 68 бұйрығымен өзгерістер) негізінде қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) бір рет әзірленді және оқу жылы ішінде жүзеге асырылады.
Әлеуметтік-педагогикалық қызметтің негізгі мақсаты: | Білім алушыларды тәрбиелеуді, бейімдеуді және әлеуметтендіруді әлеуметтік-педагогикалық, ақпараттық және құқықтық қолдауды қамтамасыз ету | Негіздеме:
| |
Негізгі кәсіби қызмет | 1. Білім алушыларды бейімдеуге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету 2. Білім алушыларды әлеуметтендіруге әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету 3. Материалдық көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз ету | ||
Қосымша кәсіби қызмет | Оқу-тәрбие іс-шараларын іске асыруға қатысу |
Жылдық жоспар бойынша өткізілетін іс-шаралар «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі, «ҚР баланың құқықтары туралы» ҚР 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығы, «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
№ р/с | Іс-шаралар | Орындау мерзімдері | Жауаптылар | Есеп беру нысандары | |
І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу | |||||
Әлеуметтік педагогтің оқу жылына арналған жұмыс жоспарын (қағаз немесе электрондық форматта word (ворд) немесе pdf (пдф) әзірлеу және оқу жылы ішінде жүзеге асыру | 26.08.2024ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Жоспар | ||
Мектептегі білім алушылар туралы мәліметті "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жүргізу | Жыл бойы | Сынып жетекші Әлеуметтік педагог | ҰББДҚ | ||
Мектептің әлеуметтік паспортын "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесінде (электронды форматта) жаңарту және құру | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог | ҰББДҚ | ||
Сынып жетекшілерден оқушылардың әлеуметтік тұрмыс жағдайын зерттеу жөнінде мәліметтерді және сыныптың білім алушылары туралы (сыныптың әлеуметтік паспорты) кестені жинау | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | ҮТЖТА, диагностикалық нысандар | ||
Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес, жартылай жетім, көпбалалы, аз қамтылған, АӘК алатын, сәтсіз отбасынан шыққан, қиын жағдайдағы оқушылар) оқулықпен қамтамасыз ету | 26.08-29.08.2024ж. | Әлеуметтік педагог Кітапханашы | Мәлімет | ||
Мектептің әлеуметтік паспортын қалыптастыру, білім алушылардың отбасы түрі бойынша санатын анықтау:
| 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||
Білім алушылардың өзге де санаттарын анықтау:
| 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Тізім | ||
Мектептің әлеуметтік паспортын, әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушылардың тізімін жергілікті уәкілетті органдарға жолдау | 02.09-31.10.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың жеке іс-қағаздарын реттеу, оқушылардың жеке қызығушылығын бақылау, есепке алу журналы жүргізу | 26.08.2024-30.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Сынып жетекшілер | Мәлімет | ||
Мектепте атқарылған әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мектеп сайтында, әлеуметтік желілерде, қажет болған жағдайда БАҚ мақала, пост жариялау | 26.08.2024-30.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Жарияланым | ||
II. Балалық құқығын қорғау жұмысы | |||||
Білім алушыларды (1-4 сынып, 5-11 сынып білім алушыларының жекелеген санаттары) бір реттік тамақтандырумен қамту мемлекеттік қызметін жүзеге асыру және білім алушыларды сапалы тамақтандырумен қамту бойынша шаралар кешенін іске асыру (бракераждық комиссия, тиым салынған заттар, ас мәзірі, табель және т.б.). Мектеп асханасын жалға алушы есебінен білім алушыларды бір реттік тамақтандырумен қамту | 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Тізім, өтініштерді тіркеу журналы, бұйрық | ||
«Білім алушылардың жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметін іске асыру, білім алушылардың жазғы демалыс лагерьлерде сапалы тынығуын қамтамасыз ету | 02.06.-13.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог ДТІЖО | Тізім, өтініштерді тіркеу журналы, бұйрық | ||
"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушыларына қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметін іске асыру, қаржылай әрі материалдық көмек көрсететін білім алушыларды анықтау және уақытылы қаржылай көмек алуын қамтамасыз ету | 01.08.-15.08.2025ж. | Әлеуметтік педагог ДТІЖО | Тізім, өтініштерді тіркеу журналы, бұйрық | ||
Білім алушылардың жекелеген және өзге де санаттарына демеушілер және өзге де көздер арқылы қаржылай және материалдық қолдау көрсету жұмыстарын ұйымдастыру | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Тізім, ҚК шешімі | ||
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру: профилактикалық, диагностикалық және әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсету жұмыстары | 02.09.2024-23.05.2025ж. | ДТІЖО Педагог-психолог Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
«Қош келдің, жаңа жыл»: білім алушыларды аудан (қала),облыс және президент шыршаларына қатыстыру, білім алушыларыдң жекелеген санаттарына демеушілер және басқа да көздер есебінен жаңа жылдық сыйлықтар табыстау | 23.12.-27.12.2024ж. | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Педагог ұйымдастырушы | Мәлімет, АКТ | ||
Өгей ата-анасымен тұратын білім алушыларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау: жоспарын құру, бақылауға алу және ҮТЖ тексеру, диагностикалық жұмыстарды жүргізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | ДТІЖО Құқық-менеджер Әлеуметтік педагог | Жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
«Мектепке жол» Республикалық акциясы аясында баланың әлеуметтік-материалдық және отбасылық жағдайларына байланысты мектеппен қамтамасыз етілмеуінің алдын-алу бойынша рейдтік шаралар және әлеуметтік-педагогикалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру | 01.08.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Ата-аналар комитеті Сынып жетекші | Жоспары, жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
«1 маусым – Балаларды қорғау күні» қарсаңында қайырмдылық акциялары мен мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру | 02.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог ДТІЖО Педагог ұйымдастырушы | Мәлімет | ||
IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс | |||||
АІІБ ЮПТ есебінде, сәтсіз, мектепішілік есепте, тәуекел топта тұратын білім алушылар: әлеуметтік-педагогикалық қолдау, диагностикалық жұмыстар мен жекелей жұмыстар жүргізу (жеке жоспар), қаржылай және материалдық қолдау көрсету, сабақтарына қатысу | Уақытында | МДТІЖО Құқық-менеджер Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Құқық бұзушылықтың, қаңғыбастық пен тіленшіліктің алдын алу, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандар балаларды анықтау, түнгі уақытта ата-анасыз және заңды өкілдерісіз жүрген балаларды анықтау мақсатында профилактикалық рейдтік іс-шаралар | 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДТІЖО Құқық-менеджер Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Профилактикалық жұмыс:
| 02.09.2024-23.05.2025ж 02.09.2024-23.05.2025ж. | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы | |||||
Әлеуметтік-медициналық санатындағы оқушыларды анықтау, тізімін бекіту | Уақытында | Әлеуметтік педагог | Тізімі | ||
Директор жанындағы мәжіліс (қаралатын мәселе): - Сабаққа себепсіз келмейтін білім алушылар туралы; - Әлеуметтік мәртебеге ие білім алушылар туралы; | Уақытында | ДТІЖО Әлеуметтік педагог | Хаттама | ||
Педагогикалық кеңес (қаралатын мәселе): - Жетім және ААҚҚ қалған білім алушылардың жағдайы; - Бір реттік тамақтандыру сапасы және келіп түскен арыздар мен шағымдар. | Уақытында | ДТІЖО Әлеуметтік педагог | Хаттама | ||
Қамқоршылық кеңес (қаралатын мәселе): - Білім алушылардың заңды өкілдерінің бір реттік тамақтандыруға ұсыну туралы өтінішін қарау; - Білім алушылардың заңды өкілдерінің қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру туралы өтінішін қарау; - Білім алушылардың заңды өкілдерінің бір реттік қаржылай және материалдық көмек тағайындау туралы өтінішін қарау; - Білім беру ұйымына қайырымдылық көмек түрінде түскен қаржы қаражатын бөлу жөнінде және оның нысаналы жұмсалуы туралы, демеушілік, қайырымдылық және өзге де көмекті пайдалану бағыттарын, нысандарын, мөлшері мен тәртібін таңдау жөнінде; - Аудан және облыс әкімінің шыршасына, Президент шыршасына баратын білім алушылар туралы. | Уақытында | ДТІЖО Әлеуметтік педагог | Хаттама | ||
Аудандық білім бөлімінің қамқоршылық бөліміне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың жарты жылдық есебін өткізу | 17.12.-26.12.2024ж. 26.05.-06.06.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Іс-құжат көшірмелері | ||
Жетім және ААҚҚ, патронаттық тәрбиедегі балалардың құқығын қорғау:
| 02.09.-06.09.2024ж. 02.09.2024-23.05.2025ж. 17.12.-26.12.2024ж. 26.05.-06.06.2025ж. 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Жоспарға сәйкес іс-шаралар | ||
V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс | |||||
Ата-аналар жиналыстарына қатысу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Мәлімет | ||
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, отбасында қиын жағдай орнаған оқушылардың ата-аналарына, оқушыға және қиын оқушылармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізу | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Психолог | Кеңес беру журналы | ||
Үйде оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен кездесу және әлеуметтік педагогикалық жұмыстар атқару | 02.09.2024-23.05.2025ж. | Әлеуметтік педагог Психолог | Мәлімет | ||
VI. Диагностикалау-талдау қызметі | |||||
Оқушылардың әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау: отбасы картасы, әлеуметтік картасы, оқушы картасы және т.б. | Тамыз Қаңтар | МДТІЖО Әлеуметтік педагог | Отбасы картасы, әлеуметтік картасы, оқушы картасы | ||
Білім алушылар арасындағы зорлық-зомбылық сауалнамасы | 02.12.2024ж. | Әлеуметтік педагог | Қорытынды | ||
Ата-аналар мен білім алушыларға тамақтану және бір реттік тамақтандыру сапасына қанағаттану деңгейін анықтау сауалнамасы | 20.09.2024ж. 10.02.2025ж. | Әлеуметтік педагог | Қорытынды | ||
Бір реттік тамақтандырумен қамтылған білім алушыларға және ата-аналарға арналған ұсынымдар, видео-түсіндірмелер, түсіндірме жұмыстарын жүргізу: «Ас – адамның арқауы», «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» | 10.10.2024ж. 03.03.2025ж. | Әлеуметтік педагог Медбике | видео-түсіндірмелер | ||
Аббревиатура:МДТІЖО – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
ҰББДҚ – Ұлттық білім беру деректер қоры;
АӘК – атаулы әлеуметтік көмек;
ҚК – Қамқоршылық кеңес;
ҮТЖ – үй тұрмыс жағдайын тексеру;
ААҚҚ – ата-анасының қамқорлығынысыз қалған