Медбикемен кездесу
2025 жылдың 10-14 ақпан күндері арасында Долайты орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова апталық жоспарға сәйкес жұмыстар атқарды. «Нашақорлықтың, маскүнемдіктің және шылым шегудің алдын алу» атты мақсатында мектеп медбикесі Н.Насаевамен сұхбат жүргізілді. жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды. Адал ұрпақ клубының жылдық жоспарына сәйкес клуб мүшелері «Адал ұрпақ туралы не білесің?» тақырыбында 5-7 сынып оқушыларынан сауалнама алынды. Мақсаты: “Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие қалыптастыру.