2024-2025 оқу жылында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында жүргізілген іс-шаралар
2024-2025 оқу жылы
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты:
Жалпыадамзаттық және құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері:
Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, татулық, келісім, ынтымақ және ел бірлігін сақтауға, отаншылдық пен мемлекетшілдікке тәрбиелеу.
Жақсылыққа, игілікке бой түзеуге, абыройлы болуға, ар-ұждан, намыс, жауапкершілік, мейірімділік, қамқорлық пен әділдік қасиеттерін жоғары ұстауға баулу және құқықтық мәдениетін қалыптастыру.
Денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға, ойдың тазалығын және эмоционалды тұрақтылыққа баулу.
Табиғатқа, табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға және табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу және еңбекқорлыққа баулу.
Күтілетін нәтиже:
Ата-анасын сыйлайды, перзенттік парызын түсінеді, «қарашаңырақ», «жеті ата», «тектілік» ұғымдарының маңызын бағалайды, отбасы татулығы мен берекесін қадірлейді.
Отаншыл, мемлекетшіл, намысшыл, халқына адал қызмет етуді, мемлекет тәуелсіздігін және елі мен жерінің тұтастығын қорғауды борышым деп санайды және ұлттық мәдениетті құрметтейді, салт-дәстүрлерді біледі, оны сақтайды.
Әр ісіне, қадамына жауапкершілікпен қарайды, әдепті және мейірімді, сөзіне берік, ісіне адал, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсетеді, ар-ұятты жоғары бағалайды.
Жан мен тән тазалығын сақтайды, дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді, эмоционалды жай-күйін басқарады.
Тұратын үйін, ауласын, қаласын таза ұстайды, қоғамдық орынға және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайды, табиғатқа жанашыр және туған жердің қайталанбас ерекшелігін және оның бірегей болмысын таниды және адал еңбекті жоғары бағалайды.
Құндылықтар:
- Тәуелсіздік және Отаншылдық
- Бірлік және Ынтымақ
- Әділдік және Жауапкершілік
- Заң және Тәртіп
- Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік
- Жасампаздық және Жаңашылдық
Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр айда біртұтас тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
Қыркүйек – Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы
Қазан – Тәуелсіздік және Отаншылдық айы
Қараша – Әділдік және Жауапкершілік айы
Желтоқсан – Бірлік және Ынтымақ айы
Қаңтар – Заң және Тәртіп айы
Ақпан – Жасампаздық пен Жаңашылдық айы
Наурыз – Бірлік және Ынтымақ айы
Сәуір – Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік айы
Мамыр – Жасампаздық пен Жаңашылдық айы
2024-2025 оқу жылында мектепте 18 сынып жетекші, 1 МАД тобы жетекшісі болып тағайындалды. Жыл басында жылдық жоспар біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша алты құндылық негізінде түзіліп, жұмыстар жоспар бойынша атқарылып келеді.
https://drive.google.com/file/d/1FauMddqqTprYlf7kD8wmUNN5ZDUOObFc/view?usp=sharing
https://drive.google.com/drive/folders/1jiz9KjkkUjjM9p0mkgv4JQDAQud3Fm_l?usp=sharing
https://www.instagram.com/reel/C_nhn0QMvUo/?igsh=MjIybHZpYzBsZGE5
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы
Білім күніне орай 1 қыркүйекте салтанатты іс-шара, 2 қыркүйек күні «Мектеп – мейірім мекені!» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/C_XeVkvsQr3/?igsh=MW5ieHNqYTlrejR5OA==
https://www.instagram.com/reel/C_bHKops1ln/?igsh=MWQxbXhiZDl5YjNybQ==
А.Байтұрсыновтың туған күніне орай 2024 жылы Долайты орта мектебінде 5-22 қыркүйек аралығында Тіл мерекесіне орай «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында онкүндік өткізілді. Онкүндікке іс шара түзіліп қазақ тілі, ұйғыр тілі, орыс тілі, ағылшын тілі мұғалімдері ашық сабақ және сыныптан тыс тәрбие сағаттарды өткізді.
Тіл мерекесінің ашылуында «Ізгілік» пән бірлестігінің жетекшісі Х. Накисбекова жоспармен ұстаздарды және оқушыларды таныстырды. 7-9 сынып оқушылары тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп оқыды, 10-11 сынып оқушыларының қатысумен баяндамалар оқылды. Мұғалімдер ұлттық киімдерді киіп өз өнерлерін көрсетіп, оқушыларға төрт тілде сұрақтар қойып білімдерін байқады.
«Тіл-татулық тірегі» тақырыбында 7-11 сыныптар аралығында эссе байқауы өткізілді. Нәтижесінде, 9 сынып оқушысы И.Османжанова, 10а оқушысы Ж.Айдарханның,11 сынып оқушысы Р. Руслановалардың жазған эсселері үздік деп танылып мақтау қағазымен марапатталды. «Өлең сөздің патшасы» өлеңді мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Бірінші орын алған оқушылар 6 сынып оқушысы А.Арманжанова, А.Гожалимова, Н.Талипова 10 сынып оқушылары Ж.Айдархан, Ш.Ибадуллаева мақтау қағазымен марапатталды.
Қазақ тілі және орыс тілі пәні мұғалімдері Г.Аширова 7 сыныппен «Атам бата береді» кіріктірілген ашық сабақ, А.Максимова 10ә сыныппен «Мамандық таңдау- болашақты таңдау» ашық сабақ, Д.Мичитова 11ә сыныппен Е.Әбікенұлы «Пәтер іздеп жүр едік» ашық сабақ, Х.Нақысбекова 10а сыныппен «Қазіргі қоғам құндылықтары» тақырыбында ашық сабақ, Б.Нұрқасымбай «Қыз Жібек» жыры ашық сабақ, Г.Рошанова 9ә сыныппен «Назугум» романы ашық сабақ, В.Ходжаева
8а сыныппен «Деловые документы» ашық сабақ, Н.Хусайдинова 6а сыныппен «Free time» ашық сабақ, М.Амаева 8а-8ә сыныптарымен «Pollution and environment» ашық сабақ, Г.Аширова мен Д.Мичитова «Ақынға тағзым» І.Жансүгіров-130 жыл толуына орай тәрбие сағатын, Х.Накисбекова мен А.Максимова 10а-10ә сыныптармен «Сәкен-сыршыл ақын» тақырыбында әдеби кеш, Г.Рошанова мен А.Русланова «Махмут Қашқари» тақырыбында әдеби кеш, М.Амаева,А.Шавдунова 8-9 сыныптармен «Полиглот-2024» тақырыбында сайыс сабақтарды өтті.
Онкүндіктің қорытындысында 7-10 сыныптармен КТК (көңілді тапқырлар клубы) тақырыбында сайыс ойыны өткізіліп нәтижесі шығарылды. Онкүндіктің қорытындысында белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазымен марапаттап, сыйлықтар берілді.
Осы көрсетілген іс шаралардың барлығы өз дәрежесіне сай өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/DADH93asxFX/?igsh=eWloODB1NTJza3g5
https://www.instagram.com/reel/DADqoMKMIgF/?igsh=MXhkenJleDFkZXFscw==
https://www.instagram.com/reel/DASkmLmsz5p/?igsh=YTI1dXAwMWZwemY=
https://www.instagram.com/reel/DAYbItLsJvh/?igsh=aXgxMWN0eWp6bHVt
«Уақытты басқару және өзін-өзі ұйымдастыру» тақырыбында ата-аналар жиналысытары өткізілді. Сынып сағаттарда қауіпсіздік сабақтары 10 минуттын қамтиды.
Отбасы күніне арналған «Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі» тақырыбында челлендж өткізілді.
Буллинг,кибрбулленгтің алдын алу мақсатында қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
Еңбек күніне орай «Еңбек түбі береке» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
https://www.instagram.com/reel/C_0G9PUM2Vk/?igsh=MTk4bGNyZXBsNHgxeg==
https://www.instagram.com/reel/C_0Qec5M7Q3/?igsh=MWF4YXhlYzRkZWQ0cg==
https://www.instagram.com/reel/C_xRhhLsglu/?igsh=aGNzdzdlbGFyN24y
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық
«Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет жобасы негізінде 9 сынып оқушылары аулымыздағы қарт адамдарға көмек көрсетіп мектепішілік волонтерлық акциясы ұйымдастырылды.
https://www.instagram.com/reel/DA0-BFfMVPu/?igsh=MW9qYXo4cnl0aTI1Ng==
1 қазан қарттар күніне орай «Қарттарым алтын қазынам» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/DAlmXCIspta/?igsh=OWI4eGsxbWJnY2ty
https://www.instagram.com/reel/C_vBgl4sjMt/?igsh=cXByaGlrdGE4bnNp
https://www.instagram.com/reel/C_vkZKVsnvU/?igsh=cjl1NHF1eXJjNGw4
https://www.instagram.com/reel/DAImbzrsxcc/?igsh=djIzcWt4YjZ4NGwz
https://www.instagram.com/reel/DATQBhOMaB9/?igsh=MTIxdnU1d2J5djNpbg==
https://www.instagram.com/reel/DAlP4V_sNDb/?igsh=em1uZXh1ZmVzM2M0
https://www.instagram.com/reel/DAlfDEtsVtR/?igsh=NXBmY3p3MXlwdmEw
Мұғалімдер күніне арналған «Даналық ұстаздан» челленджі ,11 сынып оқушылары тарапынан құттықтау,өзін-өзі басқару ұйымы тарапынан «Дублер» күні өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DAqD-l8Mxql/?igsh=MWEza2Z3bnl3dHBteg==
https://www.instagram.com/reel/DAoMM8lM91x/?igsh=NHU0cnpzbmJ0Njh4
https://www.instagram.com/reel/DAqQSv-MBD7/?igsh=NG84eWNveXAxcW1h
Қазан айында жоспар бойынша «Күзгі асар» жәрмеңкесі және «Күзгі бал» кеші ұйымдастырылды.
Республика күніне арналған «Республикам – мақтанышым!» тақырыбында мектепішілік іс шара ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/DBa8GxksCgb/?igsh=bmxidjd5YTEycGpo
https://www.instagram.com/reel/DBa8qAFsVTO/?igsh=MWd4MDg4aWp1OGJtaw==
https://www.instagram.com/reel/DBgJ0-Xgkna/?igsh=MTk5bGpxaDJqNWY0dA==
https://www.instagram.com/reel/DBgMiSHgcV4/?igsh=cXJsaWF0bG5zbGFw
Құқық бұзушылықтын алдын алу мақсатында сынып жетекшілер отырысы өткізіліп, 5-11 сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді.
https://www.instagram.com/reel/DA8HdmZsLL9/?igsh=YzJjbzJ0OXB0Y2di
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатанда мектебімізде үлкен үзіліс кезінде кезекшілер ұлттық ойындарды ұйымдыстырады.
https://www.instagram.com/reel/DA-X3FfMqy5/?igsh=NDV6YW4xYWhhbTg0
https://www.instagram.com/reel/DBI0cHssAz4/?igsh=dG5kdjJnZDJiMDkw
https://www.instagram.com/reel/DBJ1sRpsvAv/?igsh=MWVhOHRvOGV6Nnpmdg==
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жоспарына сай 5-9 сынып және 10-11 сынып ата-аналарымен"Ұйқы реттелмей өмір реттелмейді" тақырыбында 1 сағаттан сабақ өткізілді. https://www.instagram.com/reel/DBLZ8OiMGzJ/?igsh=dTRicHBraXZndGVp
https://www.instagram.com/reel/DBWvJBWMK9S/?igsh=MWh1ZTM2aHFzbjYxcQ==
Мектебімізде «Жасыл клуб» жұмысы бойынша жылдық жоспар жасалып,жоспар бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.
https://www.instagram.com/reel/DBGnSPysYPl/?igsh=Z2VodTU0anY5OXNq