Педагог ұйымдастырушының 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 І тоқсанында атқарған жұмыстарына сараптама » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагог ұйымдастырушының 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 І тоқсанында атқарған жұмыстарына сараптама
04
ноябрь
2024

Педагог ұйымдастырушының 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 І тоқсанында атқарған жұмыстарына сараптама

    Мектеп парламенті бұл-оқушылардың өз еріктерімен біріккен ұйымы, мектеп өміріндегі мәдени іс-шаралар мен ағымдағы болып жатқан істерді шешуге белсенді түрде атсалысып, мектепті жарқыратып көрсетеді.
 Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, мектеп өміріне жәйнан-жәй қарамайтын, өзін-өзі басқару ұйымы арқылы жұмыстарды іске асыратын, өздерінің комуникативті және ұйымдастыру шеберліктерін шыңдайды.
 Мектеп парламенті бұл – белсенді оқушылар, олар мектеп өміріндегі мәселелер мен ағымындағы істерге бей-жәй қарамайды. Бұндай істерге шығармашыл көзбен қарайды. Мектептің алдына қойған мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруға белсене араласады.
 Парламент шығармашылығы өзінің бекітілген ережесі негізінде мектеп әкішілігі мен тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілед
 Парламент міндеттері.
 Мектеп парламенті оқушылардың өкілетті ұйымы болып саналады. Сонымен қатар алдына мына бағыттағы міндеттерді қояды:
 - Мектеп ортасында өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту;
 - Азаматтық айқын көзқарас танытуға, адамгершілік қасиеті жоғары ұстауға, оқушылардың рухани мәдениетін көтеруге тәрбиелеу;
 - Білім алу кезінде мектеп парламенті оқушылардың қызығушылығын арттыруды жүзеге асырады.
 Мектеп Парламенті оқу жылының қыркүйек айында құрылады.Өзін-өзі басқару ұйымында мектеп президенті мен 8 фракция жетекшілері бар. Ақпарат және баспа фракциясы, Құқық және тәртіп фракциясы, Мәдениет және өнер фракциясы, Дебаттық қозғалыс фракциясы, Бақыт фракциясы, Қайырымдылық фракциясы, Спорт және  салауатты өмір салты фракциясы, Өзін-өзі тану фракциясы.  Әр фракция бойынша жетекшілер бекітілген (тарих мұғалімдері, дене шынықтыру мұғалімдері, биология мұғалімдері, психологтар,музыка пәні мұғалімі). 

Тәрбиеленушілерге сапалы білім саналы тәрбие беру негізінде мектебімізде «Жас ғалым» дебат клубы,  «Жас Ұлан» ұйымы «Отан», «Еңбек», «Зерде», «Салауат», «Руханият», «Экоәлем», «Жеті жарғы» бағытты негізінде жұмыстар атқарады. «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  жұмыс жүргізеді, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.
    Барлық бағыттар бойынша тәрбие жұмысында сынып сағаттары, дөңгелек үстел, әңгіме, кездесу, үйірме және секция жұмыстары, саяхаттар т.б. негізінде жүзеге асырылады. 
Өткізілген іс-шаралар бойынша барлық ақпараттар мектеп сайтына салынып отырады.
 
 

«Долайты  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушының 202-2023 оқу жылында атқарылған іс-шаралар  сараптамасы


  1 қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім-мейірім- мекені»  атты салтанатты  жиын өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/Ch9R-6Ag-Yt/?igsh=Z2swN3V0djF4bTYy

 Қыркүйек айының 15 күні «Денсаулық күні-2022», «Сау бол!, Жүз жаса» тақырыбында дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлікте денсаулық фестивалі өткізілді. Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Фестивальге 2-11 сынып оқушылары түгел қатысты.Спорттық ойындар, жаттығулар, волейбол ойынынан жарыс ұйымдастырылды.


https://www.instagram.com/p/CirXLVesfu-/?igsh=a28zdWx2bW05dTB5

   5 қыркүйек Қазақстан Республикасының Тілдері күні мерекесіне орай «Жас Ұлан» ББЖҰ ұйымдастыруымен «Тіл –сарқылмас қазына» тақырыбында өлеңді жатқа айту сайысы өткізілді. Мақсаты: Тілге деген құрметін арттыру, есте сақтау -қабілетін дамыту. Сайысқа   7-11 сынып оқушылары қатысты. Қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


2022 жылдың 22 қыркүйек күні Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп перзиденті сайлауы болып өтті.Сайлауға жалпы 97 адам қатысты.Сайлау қорытындысы комиссия құрамымен бірлікте шығарылды. Ең көп дауыс жинаған 11   сынып оқушысы Ниязов Имран мектеп президенті болып сайланды.


https://www.instagram.com/p/CizkJzvsUFY/?igsh=czlpMmVsYmxlYjMz

       Мұғалімдер күніне орай  3-7 қазан күндері арасында ұстаздарды құттықтауға арнап 7-10сынып оқушылары   арасында қабырға газеттер сайысы ұйымдастырылды.  Қорытындысы бойынша 8 сынып оқушылары 1 орынға ие болды.7 қазан күні ұстаздар қауымын ұлықтауға арналған мерекелік кеш өткізілді. Ең ерекше құттықтауларға арналған бейнероликтер мектеп инстаграм  парақшасына жүктелді. Қорытындысы айтылды. Мектеп Парламенті мұғалімдерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мектеп дәлізін, акт залын сәндеп, таңертең жалынды тілектерімен ұстаздарды қарсы алды.

https://www.instagram.com/reel/CjfT3SMgteZ/?igsh=Z2hoOGwxc2FmY2k4

       Мектеп Парламенті «Жас Ұлан» ұйымы 14  қазан күні 1-10 сыныптар арасында «Алтын күз» тақырыбында күзгі балл кеші өткізілді. Оқушылар арасында қолөнер көрме байқауын өткізді. 


https://www.instagram.com/p/Cjz0-ggMcAo/?igsh=ejZydWt5cDczc2d2

21 қазан күні жалпы Республикалық Гимн орындау рәсімі өткізілсе,   25 қазан Республика күніне орай «Қазақстан-менің Отаным» тақырыбында челлендж өткізілді.22 қазан күні салтанатты   іс-шара ұйымдастырылды. 

https://www.instagram.com/reel/Cj-TG7CAN-D/?igsh=MWdiem16cDBlcXZ1ZQ==



  Қараша айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2-5 сынып оқушыларымен «Кітаппен бірге өсеміз» тақырыбында кітапханаға саяхат ұйымдастырылды.. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға тарту,бос уақытын тиімді пайдалануға үйрету, тіл байлығын арттыру.


  21-25 қараша күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президент күніне «Елбасы –Мәңгілік Ел көшбасшысы» шығармалар байқауы өткізілді. Оқушылар шығармаға өз ойларын ашық жазып жеткізген. Ең үздік шығарма деп 7 сынып оқушысы Хелилов Арзумның жұмысы танылды. 

14 желтоқсан Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас қыран» , «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. «Жас Қыран» ұйымына 2 сынып оқушылары Таиржанов Мухаммет, Гайратов Дилияр, 3ә сынып оқушысы Дильшадова Дилраба, «Жас Ұлан» ұйымына 5 сынып оқушылары Исадуллаев Эльдар, Османжанова Шахмина, Долкунов Эльзат, Тохтахунов Ильхамдар өтіп ұйым қатарын толтырды.


https://www.instagram.com/p/CmVkTJgKILa/?igsh=ZHNpbGQ2eG1xOTQz

   16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2-5 сыныптар арасында «Байрағы биік -Тәуелсіздік» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Оқушылар салған суреттері дәлізге ілінді. Қорытындысы  шығарылды.


   15 желтоқсан күні мектепте «Өзін -өзі басқару» ұйымы, «Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылармен бірлікте «Елімнің бақытын тербеткен- Тәуелсіздік» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, Үлкен Ақсу округтік әкімі аппарты, ауыл ақсақалдары, зейнеткер ұстаздар шақырылды.Іс-шара жоғары дәрежеде өткізілді.

27-29 желтоқсан күндері аралығында -0-11 сыныптармен «Жаңа жыл-2023» атты жаңа жылдық кеш болды. 


  Қаңтар айында   «Жас Ұлан» ББЖҰ «Таланттар арамызда» 2-7 сыныптар арасында қолөнер бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, шығармашылыққа баулу. Оқушылар қолдан жасалған бұйымдарын алып келіп мектеп фойесіне қойылды. Қорытындысы бойынша ең жақсы деп танылған өнерлерге сыйлық берілді.


  19 қаңтар күні 7-11 сынып оқушыларымен «Санаңды сақта жас ұрпақ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: оқушыларға адамгершілік тәрбие беру. Дөңгелек үстелде оқушыларға сұрақтар қойылды, өз ойларын ашық айтып түсіндірді.

  27 қаңтар күні «Жігіт сұлтаны-2023» атты ұлдар арасында байқау өткізілді. Байқауға 7-10 сыныпардан 1 оқушыдан қатысты. Алдын ала берілген жоспар бойынша дайындалып келген ұлдар жарыста өнерлерін көрсетті. Әділ қазылардың шешімімен І орынға 10 сынып оқушысы Турдилиев Амир, ІІ орынға 9 сынып оқушысы Тохтигожаев Курванжан, ІІІ орынға 9 сынып оқушысы Кокумбеков Ерасыл ие болды.


https://www.instagram.com/reel/CpCr813AOb6/?igsh=MWJ0dHlyYjRycDg2Mg==


М.Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына баланысты «Мұхтардың өзі де үлгі, өмірі де» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.

  14 ақпан күні жылдық жоспарға сәйкес ауған ауылдық соғыс ардагерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге ауылдық округі әкімдігі, ауыл ақсақалдары шақырылды. Кездесу барысында ардагерлер оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, басынан өткізген оқиғаларды мазмұндап берді. 


  27ақпан 1наурыз аралығында 1-6 сынып оқушылары арасында «Ризашылық пен алғыс» атты қабырға газеттер сайысы өткізілді. Мақсаты: бір-біріне деген құрметін арттыру, үлкендерді құрметтеуге алғыс айта білуге тірбиелеу.

Оқушылардың шығарған қабырға газеттері дәлізге ілінді. Ең жақсы деп танылған газеттер сыйлықтарға ие болды.



  1 наурыз күні Мектеп парламентіндегі оқушылармен бірлікте «Алғыс айту парызым» тақырыбында ертеңгілік ұйымдастырылды. Оқушылар ұстаздарға, ата-аналарға, достарына өз алғыстарын айтты.Алғыс айту күніне байланысты ән, өлеңдерді жатқа оқыды. 9 сынып оқушылары дайындаған «Біз-біргеміз» атты флешмоб көрсетті.


 7 наурыз күні Мектеп парламенті,  Жас ұлан ұйымының ұйымдастыруымен   «Сұлу әйел, Асыл ана, ибалы қыз» тақырыбында мерекелік концерт өткізілді. Оқушылар тарапынан дайындаған концерт көрермендердің көңілінен шықты. 


https://www.instagram.com/p/Cpm2SXrsPY9/?igsh=Z3FpdHJsdms1dmg=

 22 наурыз мерекесіне орай 1-4 сыныптар арасында «Қош келдің әз Наурыз» атты суреттер байқауы өткізілді.Қорытындысы бойынша жүлделі І орынға 4а сынып оқушысы Гожалимова Амина, ІІ орынға 4а сынып оқушысы Арманжанова Адилям, ІІІ орынға 4 ә сынып оқушысы Абдуманапов Мурат ие болды.

  22 наурыз күні Долайты ауылы тұрғындарымен бірлікте «Қош келдің- әз Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада мектеп оқушылары тарапынан дайындаған концерттік бағдарлама, салт-дәстүр, ұлттық ойындар көрсетілді. 


https://www.instagram.com/p/CqH-IDZsecE/?igsh=MW9ucXYwMHNydzRtMA==

 11 сәуір күні 1-7 сынып оқушылары арасында  «Биші болам өскенде» тақырыбында би байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: шығармашылыққа баулу, қабілеттерін анықтау. Байқауға 5 оқушы дайындалып келген. Олар:3 сыныптан Масимжанова А, Дильшадова Д, 4 сыныптан Гожалимова А, Арманжанова А,

 5 сыныптан Османжанова Ш. 

  Қорытындысы бойынша І орынды Османжанова Ш, ІІ орынды Гожалимова А, ІІІ орынды Дильшадова Дилраба иеленді.


12 сәуір ғарышкерлер күніне орай Жас ұлан  ұйымындағы оқушылар баяндама оқыды, 4 а,ә сыныптағы Гожалимова А, Арманжанова А, Абдуманапов М, Ташполатова А, Дильшадова Розаналар өлеңдерді жатқа оқыды. Оқушылар Қазақстан ғарышкерлері туралы түсінік алды.Мақсаты: кісілердің еңбектерін құрметтеуге үйрету.

  1мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесіне орай 28 сәуір күні мектепте «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында би, флешмоб,  ұйымдастырылды. Мақсаты: достыққа, бірлікке, ауызбіршілікке тәрбиелеу.Әр сынып өздері дайындап келген ұлттардық достық биін көрсетті.

 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай патроиттық әндер байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Байқауға 

4а сыныптан Гожалимова Амина, 4ә сыныптан Дилшадова Розана, 5ә сыныптан Османжанова Шахмина, 6а сынып оқушысы Дчамсембаева Аяна,  8 сынып оқушысы Айдархан Жансая қатысты. Қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

  9 мамыр күні Жеңіс күніне орай «Ел есімі-ер есінде» тақырыбында гүлшоқыларды қою рәсімі өткізілді. 


 30 мамыр күні Мектеп парламенті «Өзін-өзі» басқару ұйымы 2022-2023 оқу жылында атқарған жұмыстарының мәтіндік есебін тапсырды. 1 жыл бойы істелінген жұмыстар, жетістіктер, кемшіліктер туралы СВОД талдау жасалынды. 

        «Адал Ұрпақ» клубы 2022-2023 оқу жылында 1-11 сынып жетекшілері   «Адалдық-адамдық белгісі» ,«Адалдық-ардың ісі», «Адамгершілік асыл қасиет»,  «Адамгершілік шуағы сөнбесін», «Адал ұрпақ –мәңгілік елдің кепілі»,«Адал ұрпақ-ел тірегі», «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Жемқорлық індет, жою міндет» «Сыбайлас жемқорлық және қоғам», «Елімнің болашағы менің қолымда» тақырыбындағы сынып сағаттарды өткізді.

Жыл бойы  «Қоғамдық тәртіп негізі» дөңгелек үстел, «Қазақстан –құқықтық мемлекет» апталық,    «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқауы,

 «Біздің таңдаумыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстел, «Біз парақорлыққа қарсымыз» тақырыбында флешмоб, «Жемқорлықпенқалай күресеміз» атты

 пікір – сайыстар, «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» атты шығарма байқауы   ұйымдастырылып келді.Желтоқсан айында аудандық «Адал ұрпақ» клубының байқауына қатыстық.Ата-аналар жиналыстарында баяндамалар оқылды, түсінік жұмыстары жүргізілді.


           «Жас ғалым»  дебат клубының мақсаты мен міндеттері: дарынды және бастамашыл жастарды дамыту; қоғамның әлеуметтік және саяси бағытталған азаматтарын қалыптастыру; клуб мүшелерінің сыни ойлауын, шешендік шеберлігін, коммуникативті дағдыларын дамыту; қоғамның назарын колледждің, қаланың, аймақтың, елдің, әлемнің ең өзекті мәселелеріне аудару және әр түрлі деңгейдегі басшылармен іскерлік байланыс орнату; талқыланған мәселелерге қатысты іс жүзінде жүзеге асырылатын ымыралы шешімдерді әзірлеу; шығармашылық кәсіби тұлғаны, даралықты, клуб мүшелерінің өз көзқарастарын қорғай білу, басқаларды сендіру, сондай-ақ өз қателіктерін мойындай білу қабілеттерін еркін дамыту. Дебат клубында  Дебаттық шаралар:        

«Оқуға     құштар   мектеп,    жобасы     аясында    Жастар кітап оқи ма? «Ұлы даланың жеті қыры» танымдық сабақ, «Білім беру жүйесіне патриотизм сабағын енгізу», «Білім беру жүйесінің Латын әліпбиіне көшуі», «Тәрбие басы-отбасы» дөңгелек үстел, «Көшбасшы және табысты адам болу үшін не істеу керек?» ЛД форматы, «Мектепте смартфонды қолдану туралы» тақырыптарда қыркүйек айынан мамырға дейін дебат өткізілді.



https://www.instagram.com/p/Ck71eXustPZ/?igsh=OG56cTN2bDA1ZXNh















«Долайты  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушының 2023-2024 оқу жылында атқарылған іс-шаралар  сараптамасы



            1 қыркүйек Білім күніне орай «Мектебім-мейірім- мекені»  атты салтанатты іс-шара өткізілді.   5 қыркүйек « Қазақстан халқы тілдері 

күні» мерекесіне байланысты «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» тақырыбында онкүндіктің ашылу салтанаты  ұйымдастырылды.   Мақсаты: оқушыларға мемлекеттік тілді сүюге, тіл мәртебесін биік ұстауға баулу.

https://www.instagram.com/reel/CxCIU1VIvRm/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

  8 қыркүйек күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерімен бірлікте  Республикалық сергіту сәті челленджі ұйымдастырылды.Мақсаты; балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Челленджге 1-11 сыныптар түгел қатысты.

https://www.instagram.com/reel/Cw7a5G_s__9/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

25-29 қыркүйек күндері арасында «Өзін-өзі басқару» ұйымы, «Жас Ұлан» ББЖ ұйымындағы оқушылармен бірлікте 1 қазан «Қарттар күніне» орай қарттарға көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: жалғыз басты қарт және мүгедектерге көмек көрсету болып табылады. Акцияға 8-11  сынып оқушылары қатысты.

https://www.instagram.com/p/CyA3Jj9MIRq/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

https://www.instagram.com/reel/C0I_aZpM1Yx/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

  1 қазан қарттар күніне орай «Мектеп парламенті» ұйымындағы оқушылар  ауылдағы ардагер ұстаз, қарт ата-әжелердің үйлеріне барып, құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.Мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап, тыңдай білуге инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/Cxxj0atsHjK/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 5 қазан ұстаздар күні мерекесіне байланысты  «Ұстаз -аты биік әрі мәңгілік» атты құттықтау газеттері мен ашық хаттар байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлау,ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.

https://www.instagram.com/reel/Cx5EHhfsfNa/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 Өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен  5 қазан күні «Ұстазыма мың алғыс» тақырыбында  мерекелік концерт өткізілді. https://www.instagram.com/reel/Cx5EHhfsfNa/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 5 қазан ұстаздар мерекесіне байланысты өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен дублер күні өткізілді. Фракция мүшелері алдын ала бөлінген міндеттер бойынша жұмыстар атқарып, сабақтарды өтті.

https://www.instagram.com/reel/CyA7uCIMRw1/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

11 қазан күні мектепте жылдық жоспарға сәйкес «Ата-ана –бала тәрбиесінің айнасы» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыста «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» атты баяндама оқыды. 

https://www.instagram.com/p/CyQJrA4ssb_/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

18 қазан күні «Жас ғалым» дебаттық клубының жылдық жоспарына сәйкес «Қазіргі заманғы бағалау жүйесі- БЖБ мен ТЖБды қолдайды» тақырыбында дебат ойыны өткізілді. 




16 қазан күні  Мектеп Парламентінің Президентіне Үміткерлер сайлау комиссиясының сұрақтарына жауап беріп, дайындап келген сайлауалды бағдарламаларын қорғады. «Мен Президент болсам...» видеопрезентация жасады. Кандидаттардың бағдарламалары мектеп сайттарына, дәліздегі қойылып, постерлері ілінді.

https://www.instagram.com/p/CydpLp-sEtk/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

  Әр сыныпта сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, агитациялық жұмыстар жүргізілді. 21.10.2023 жылы Мектеп Президенті сайлауы өтті. Сайлауда 43,2 пайызбен 8-сынып оқушысы Хелилов Арзум Мектеп президенті болып сайланды.

https://www.instagram.com/reel/CyqazJtMg-w/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

17 қазан күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының жылдық жоспарына сәйкес 4-7 сыныптар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ тақырыбында» суреттер байқауы өткізілді. Мақсаты: Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/p/CyfqHOTsu5r/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

23 қазан күні «9 айға -9 іс-шара» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау челленджі өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/CyvRbWfsT2j/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

25 қазан Республика күніне орай Өзін-өзі басқару ұйымындағы оқушылар құттықтау челдленджін өткізді және концерттік бағдарлама көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/CyvXhlmM_Gy/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

27 қазан күні «Мектеп парламенті» өзі-өзі басқару ұйымы Президентінің ұлықтау рәсімі өткізілді. «Өзіні-өзі басқару» ұйымының Президенті және «Жас Ұлан» ББЖ ұйымының Ұланбасы «Мектеп парламенті» фракциясының министрлері тағайындалды.Мектеп президенті Хелилов Арзум салтанатты түрде ант қабылдады.Парламент құрамындағы басшыларға арнайы төсбелгілер тағылды.

https://www.instagram.com/reel/CzA0ZV8MS6P/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

3 қараша күні «Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында кітапханашы А.Анадуллаевамен бірлікте күзгі каникул кезінде «Бәріміз кітап оқимыз» атты отбасымен кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану және кітап оқуға баулу.

https://www.instagram.com/reel/CzP8Z0VIwQX/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

10 қараша мектептің жылдық жоспарына сәйкес 1-10 сыныптар арасында «Алтын күз -2023» атты күзгі балл кеші ұйымыдастырылды.

https://www.instagram.com/p/CzsZBIQInC6/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

17 қараша күні «Төрт тоқсан-төрт өнер» жобасы аясында «Асық ату» челленджі ұйымдастырылды.Оқушылар «Бес табан», «Бес асық» ойындарын ойнады. 

https://www.instagram.com/reel/Czvgp7AMQcL/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

20 қараша дүниежүзілік балаларды қорғау күніне байланысты онкүндік іс-шаралар жоспары жасалынып, жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды.

https://www.instagram.com/reel/Cz5RXwSo9IN/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

27 қараша күні «Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылар «Қоғамға қызмет ет» атты қарттарға көмек көрсету акциясы ұйымдастырылды. 

https://www.instagram.com/reel/C0I_aZpM1Yx/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

12 желтоқсан күні «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару ұйымындағы оқушылар 

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

https://www.instagram.com/reel/C0vbC-QIonz/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

21 желтоқсан күні зейнеткер ұстаз Қадиров Тохтахун Бахтахунұлы және спорт шебері, чемпион Адилжан Сайдуллаевпен «Мен сізді үлгі тұтамын»   тақырыбында ашық алаң өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C1KXxbOMkEk/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

22 желтоқсан күні Республикалық «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды салтанатты қабылдау рәсімі өткізілді. Жас қыран ұйымына -6 оқушы, «Жас Ұлан» ұйымына 11 оқушы қабылданды.

27-28 желтоқсан күндері аралығында мектептің жылдық жоспарына сәйкес «Төрлет Жаңа-2024 жыл» атты жаңа жылдық мереке кеші өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C1gyoOOsFUo/?igsh=MzRlODBiNWFlZA==

2024 жылдың 12 қаңтар күні «Жас қыран» ұйымындағы оқушылармен «Жас математиктер» атты сайыс өткізілді. Мақсаты: оқушылардың математикалық қабілеттерін тексеру, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

https://www.instagram.com/reel/C2HchikMV7C/?igsh=MWZldWZ4dG00eXZnMg==

«Жас ұлан» ұйымындағы оқушылармен «Ұлы жүздің бас биі-Төле би» атты сынып сағаты өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C2MmrkQMOlp/?igsh=N2pud3d2b2wwbGRt

«Досболлайк: достық қолын соз» атты акция аясында Спорт және  салауатты өмір салты фракция жетекшісінің ұйымдастыруымен волейболдан жарыс өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C2cQLCastsp/?igsh=MW9xb3d1MmxmZ2U2aQ==

«Жас ғалым» дебат клубындағы оқушылармен Линкольн Дуглас форматында «12 жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығы» тақырыбында дебат өткізілді.

https://www.instagram.com/p/C3ib_FeMiKl/?igsh=MWUzcWF0NGd1MzFheg==

19 ақпан күні АПФ форматында «Қазіргі заманғы бағалау жүйесі БЖБ мен ТЖБды қолдайды» тақырыбында дебат өткізілді.

https://www.instagram.com/p/C3icJ99s5j9/?igsh=MWt5NWNuNnhkaDR6aA==

1 наурыз күні алғыс айту күніне орай   Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Алтын  жүрек» атты акция ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/C3qCeK1sMwy/?igsh=N21qNG52eWkwYjlh

 7 наурыз күні 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне орай «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C4TfEfuL2fB/?igsh=MWVzZnNua3lsZGowNQ==

16 наурыз –мәдениет және ұлттық салт дәстүр күніне орай «Бесікке салу рәсімі» көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/C4lD0YlMOzq/?igsh=cHdrcmY0OHpmb2Fp

19 наурыз күні мектепте көктем мен жаңаруды айшықтайтын Наурыз мерекесі өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C4u08FXsngd/?igsh=am9wM2wxbzV2NTgz

«Тоғыз айға тоғыз іс-шара» жобасы аясында 12 сәуір күні шахмат ойнаудан челлендж ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/C5qZ_uPsj9U/?igsh=eHczdXRsaWRzMDhr

24 сәуір күні Өзін-өзі басқару ұйымындағы оқушылар «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты челлендж түсірілді.

https://www.instagram.com/reel/C6LWAKAMBdt/?igsh=MWVzOXQwcGlyZ2kxdA==

30 сәуір күні 1 мамыр –Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Береке бастауы- бірлік, ел іші тату бірлік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C6acyuSIMTA/?igsh=MTR4MWI3ZXZrMmRwNQ==

  25 мамыр күні «Мектебім саған мың алғыс» атты соңғы қоңырау мерекесі өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C7Y8AEqsZT0/?igsh=cnN3dG9jbWZldGRn

1 маусым халықаралық  балаларды қорғау күніне орай  «Біз бақытты баламыз» атты мрекелік ертеңгілік ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/C7reCy0sb4N/?igsh=bW5sZXE5eGp2ZGc=







«Долайты  орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог ұйымдастырушының 2024-2025 оқу жылында атқарылған іс-шаралар  сараптамасы



Оқу жылының басында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын негізге ала отырып жоспар жасалынып бекітілді. 

1 қыркүйек күні білім күніне орай «Мектебім-мейірім мекені» атты салтанатты жиын өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C_XeVkvsQr3/?igsh=MW5uYTRsbXd5ZWZyag==

  9 қыркүйек күні «Бұрымды қыз» челленджі аясында мектептегі қыздарға «Шолпы, шашбау тағу дәстүрі» көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/C_sREvdMAjd/?igsh=MWNzb3FjMmF3NzMzaA==

  9-13 қыркүйек аралығында 1-10 сынып оқушылармен «Отбасы –бақыт мекені» атты челлендж ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/C_vjQkMseoV/?igsh=eDI1OXB6N2Q5b3ph

 5 қыркүйек Тілдер мерекесіне орай мектепте онкүндік ашылып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 18 қыркүйек күні қазақ тілі пәні мұғалімдерімен бірлікте   «Өлең –сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/DADqoMKMIgF/?igsh=ZG9vMGhmNGt1MWhx

 12 қыркүйек күні «Адал ұрпақ» клубының жылдық жоспарына сәйкес адалдық сағаттары өткізілді.

https://www.instagram.com/reel/C_0WdLNsq49/?igsh=aDQ0MDUzMGVnampv

 1 қазан –Халықаралық Қарттар күніне орай «Қарттарым алтын қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырлды.

https://www.instagram.com/reel/DAlmXCIspta/?igsh=Z3BtYWdza2k4aGI5

«Даналық ұстаздан» челленджі аясында ұйымдағы оқушылар «Ұстазым» әнін орындады.

https://www.instagram.com/reel/DAqD-l8Mxql/?igsh=N2lpZXBpaXlqZ3h1

3 қазан күні Мектеп парламентіндегі оқушылардың ұйымдастыруымен Дублер күні өткізілді..

https://www.instagram.com/reel/DAqQSv-MBD7/?igsh=MThsYms5dHE2dHkxcA==

 7 қазан күні Қарттар күніне орай «Қоғамға қызмет ету» волонтерлық қызмет, қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DA0-BFfMVPu/?igsh=MXUxOHpkcW4wdDNpag==

 Оқушылардың қоңырау кезінде уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Көңілді үзіліс» жобасы өз жұмысын атқарып келеді.

https://www.instagram.com/reel/DBG4577MUXa/?igsh=Ynk1NXhueXBiOG9x

17-18 қазан күндері мектепте 1-10 сынып оқушыларымен «Алтын күз-2024» атты күзгі бал кеші ұйымдастырылды.

https://www.instagram.com/reel/DBRcq7eMaPi/?igsh=bWFzaHJrZTJ4a214

19 қазан күні мектепте мектеп парламенті президенті және ұланбасы  сайлауы өткізілді. Сайлауға жалпы 97 оқушы қатысты. Үміткер ретінде 5 оқушы өз кандидатурасын ұсынған. Қорытындысы бойынша 27 % бен 10 сынып оқушысы Ибадуллаева Шахризат мектеп президенті және Ұланбасы болып сайланды.

https://www.instagram.com/reel/DBTudf2s-aN/?igsh=NGt3MWM2bm8yM3k2

https://www.instagram.com/reel/DBTudf2s-aN/?igsh=NGt3MWM2bm8yM3k2

21 қазан күні 5-7 сыныптар арасында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында суреттер байқауы өткізілді.

https://www.instagram.com/p/DBYnkW8MJrn/?igsh=YjF4ZXk4a2trbmY1

24 қазан күні Республика күніне орай Мемлекеттік Гимнді жатқа орындау челленджі ұйымдастырылды. 

https://www.instagram.com/reel/DBgMiSHgcV4/?igsh=NTNnNHhienZiNzYy

24 қазан күні Республика күніне орай «Республикам мақтанышым» атты салтанатты іс-шара өткізілді. Ұйымдағы оқушылар тарапынан дайындалған концерт көрсетілді.

https://www.instagram.com/reel/DBgJ0-Xgkna/?igsh=MWg5NndzZXhzb3l1MQ==