№2 Әдістемелік кеңес
«Алматы облысының білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
№2 Әдістемелік кеңес
Білімдегі олқылықтарды шешу барысы, және олардың орнын толтыру мәселелері
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: Н. Хусайдинова
2021-2022 оқу жылы
Қазіргі әлемде білім қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізгі факторы ретінде қарастырылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасындағы білім берудің негізгі міндеті оның сапасын арттыру болып табылады.
Пандемияның алғашқы кезеңінде мұғалімдер де, оқушылар да қашықтықтан оқуға дайын емес еді.
Дегенмен, карантиндік шараларға жауап бере отырып, барлық деңгейдегі әдістемелік қызметтің қолдауымен мектептың педагогикалық ұжымы қысқа мерзімде қашықтықтан оқыту форматында оқыту, тәрбиелеу және оқудан тыс жұмысты қайта бағдарлап, ұйымдастыра алды.
Қашықтықтан білім беруге мәжбүрлі көшу мектепке жаңа тәжірибе берді. Бірақ мектептің мұндай оқыту форматына дайын еместігі оқушылардың біліміне әсер етті.
Қашықтықтан оқыту барысында тоқсандық және жылдық тұрақты мониторинг және талдау жүргізді. Алайда оффлайн оқуға көшкенде сол қойылған бағаға білім алуышалардың білімі сәйкес еместігіне көзіміз жетті. Қашықтықтан оқыту форматында білім деңгейінің өскенін және оффлайн оқуға көшу кезінде оның төмендегенін жақарту мақсатында олқылытарды жою мақсатында төменгі ісі-шаралар жүргізілді.
- Оқу жылының басында барлық сыныптардан бастапқы бақылау тапсымалары алынды.
- Сол тапсырмалардан білім алушылардың өтілген күрелі тақырыптарды толық түсінбегені анықталды.
- Өткен оқу жылында өтілген тақырыптар бойынша оқу мақсаттары сәйкес келетін тақырыптар бойынша жоспарлар жасалынды.
- Негізгі пәндерден сабақ беретін пән мұғалімдері өткен оқу жылында өтілген тақырыптарға жақын, оқу мақсаттары сәйкес келетін тақырыптарды өздерінің қысқа мерзімді жоспарларының оқу мақсаттарына мақсаттарын қосып, сабақ барысында алдыңғы жыл тақырыптарын қайталап, білім алушылардың естеріне салыып, сол бойынша сабақтың қорытынды бөлімінде 1-2 тапсырмалар орындау арқылы өтілген тақырыптарды толықтырып, олқылықтарды жобда.
- Сабақтан тыс жекелеген пәндер бойынша қосымша сабақттар ұйымдастырылуда.
- Мұғалімдер тарапынан оқушыларға қосымша көңіл бөлу, яғни оқу материалын беру және тексеру әдістемесінің өзгеруі, оқушылардың оқу іс-әрекетінің уәждемесін қалыптастыру.
Үлгерімге әсер ететін жағдайлардың бірі – оқушының ынта-жігері мен табандылығының, талпынысының бірлігі, оның мінезіне, мүдделері мен құштарлығына көп көңіл аудару мұғалімнен талап етіледі. Соны ескере отырып, әр пән мұғалімі өзінің сыныптарындағы білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою үшін офлайн форматта сабақтар жүргізіп жатыр. Соның негізінде пәндер бойынша нашар игерілген тақырыптар, білім сапасына тікелей әсер ететін барлық факторлар анықталып, оқушылардың білім сапасын көтеруде түрлі форматтағы сабақтар ұйымдастырылуда. Пәндер бойынша мұғалімдерге облыстық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады. Сабақтарда күрделі тақырыптарды, күрделі бөлімдерді, тақырыптарды қамтиды
Осыған байланысты пән мектеп әкімшілігі мұғалімдермен оқушылардың қалып қою себептерін анықтай отыра, оқушылармен жұмысты ұйымдастырудың консультациялық қажеттілігі туындады:
- мұғалімдердің жұмысындағы проблемаларды анықтау, мұғалімдердің өз қызметі мен өзін-өзі талдау тәжірибесін жетілдіру;
- үлгермеушілердің алдын алу бойынша озық тәжірибені жинақтау және насихаттау;
- мектеп оқушыларының оқу сапасының төмендеуіне байланысты әдістемелік және кәсіби дағдыларын жетілдіру.
- Алдағы уақытта білім сапасын арттыру мақсатында олқылықтарды жою үшін төмендегі мақсаттар мен міндеттерді атқару керектігі ескертіледі.
– барлық мұғалімдерге оқу процесінде функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тапсырмаларды барынша пайдалану.
– пән қауымдастықтарына мониторинг деректерін талдау және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бойынша өз ұсыныстарын ұсыну;
– мәтіннің ақпаратын табуға және шығаруға, мәтін хабарларын түсінуге және бағалай білуге бағытталған әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту.
Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, зияткерлікті дамытуға ықпал ететін логикалық ойлауды қалыптастыруға арналған тапсырмаларды орындату.
Білім сапасының төмендеуінің факторларының бірі ретінде қашықтық кезеңінде мектепішілік бақылаудың әлсіреуін атауға болады.
Мұғалімге арналған мектепішілік бақылау мұғалім көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын бақылаудың өзіндік түріне айналуы тиіс.
Осыған байланысты осы оқу жылының басынан бастап мектеп әкімшілігі мұғалімддердің сабақтарына қатысты.
Менің ойымша, бұл жұмыстың мерзімінде орындалуы және мұқияттылығы болашақта жақсы оқу нәтижелерінің кепілі болып табылады.
Мен өз сөзімді біздің қиын, бірақ маңызды да тиімді жұмысымыздың оң нәтижелері көп болсын деген тілекпен аяқтағым келеді.