29
август
2024
№1 педагогикалық кеңес
Алдағы оқу жылындағы өзекті міндеттер білім алушылардың академиялық
адалдығын дамыту, білім беруді жақсарту үшін жасанды интеллектіні қолдану,
үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жүргізу болады.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды
2024 жылғы 2-қыркүйек алғашқы оқу күні, оқудың аяқталуы - 2025 жылғы
23 мамыр.
• Тілдерді кезең-кезеңмен оқыту шеңберінде 3- сыныпта «Шетел тілі» пәнін
оқыту енгізіледі
• «Көркем еңбек» пәнін кезең-кезеңмен «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке ба-
улу» пәндеріне бөліп оқыту 3-сыныпта жалғасады, 4-сыныпта «Көркем ең-
бек» пәні оқытылады
Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерінде жекелеген пәндерді
оқытудың инновациялық тәсілдері енгізіледі
• 2024 жылдан бастап «Цифрлық ұстаз» жобасын іске асыру шеңберінде
тұрмысы төмен отбасылардан шыққан білім алушылармен жұмыс белсен-
діріледі
• 2024 жылдан бастап педагогтерді аттестаттаудың жаңа форматы енгізілді
Цифрлы технологияларды пайдаланып шағын жинақты ауыл мектептерінің
әлеуетін дамытуға бағытталған пилоттық жобалар масштабталады
Оқыту мен бағалауда жасанды интеллектіні қолдану аясы кеңейтіледі.
Жобамен жұмыс – бұл білім алушыларға тілдің ережелері мен лексиканы үйренуге ғана емес, сонымен қатар өзіндік жұмыс жасау дағдыларын, зерттеу, коммуникативті және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың тиімді әдісі.
Тілдік пәндерді оқытуда жобамен жұмыс жасаудың бірқатар артықшылықтары бар:
• білім алушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады;
• жеке ізденуді, жауапкершілікті және бастамашылықты дамытады;
• зерттеу жұмысын жүргізу, ақпаратты талдау және проблемаларды шешу
дағдыларын қалыптастырады;
• ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдыларын жақсартады;
• білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады;
• пәнаралық байланыстардың қалыптасуына ықпал етеді
білім алушыларға алған білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолдануға
мүмкіндік береді.
Тілдік пәндердегі жоба тақырыптары әртүрлі болуы мүмкін:
1. Тілі оқытылатын елдің тарихы мен мәдениетін зерттеу.
2. Белгілі жазушылар мен ақындардың, өнер қайраткерлерінің өмірі мен
шығармашылығын зерттеу.
3. Тілі оқытылатын ел мен қалаларына туристік маршруттар құру.
4. Әр түрлі тілдердегі лингвистикалық құбылыстарды салыстырмалы талдау.
5. Өз тілдік жобаларын (сайттар, блогтар, бейнероликтер) және т. б. жасау
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс
Тілдік пәндер бойынша үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс істеу педа-
гогтен оқытудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы кешенді түрде жеке жұмыс жүргізуді талап етеді. Осы санаттағы білім алушылармен жасалатын жұмыстар:
• жазбаша жұмыстардың, тесттердің, ауызша сауалнамалардың нәтижелерін
талдау;
• білім алушылармен, ата-аналармен, сынып жетекшісімен және басқа пән-
дерді жүргізетін педагогтермен тығыз қарым-қатынаста болу;
• білім алушылардың білімдегі олқылықтарын, оларға қиындық туғызатын
мәселелерді анықтау.
Бұл мәселелерді шешу үшін:
• білім алушының жеке ерекшеліктерін ескеру (жұмыс қарқыны, ойлау стилі,
есте сақтауы);
• олардың тіл үйренуге деген ынтасын дамыту;
• білім алушының өз қабілеттеріне деген сенімін қалыптастыру;
• оқу процесін барынша тиімді және нәтижелі жүргізу (материалды жеңіл-
детіп, бөліп беру т.б.).
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша жұмысты жетілдіру үшін PISA, PIRLS және т. б. халықаралық салыстырмалы зерттеулердің материалдарымен, тест жинақтарымен және нәтижелерімен «Талдау»
АҚ сайтынан танысуға болады https://taldau.edu.kz/storage/app/media/PISA/%20
%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%BF%20PISA-2022.pdf
Білім алушылардың жобалық зерттеу әрекетін ұйымдастыру
Математика және информатика бойынша білім алушылардың жобалық зерттеу қызметін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл процесті жүзеге асыру қадамдары:
• тақырыпты таңдау: білім алушыларға өздеріне қызықты жоба тақырыптарын таңдауға мүмкіндік беру. Олармен информатика саласындағы өзекті тақырыптарды талқылау немесе таңдаудың бірнеше нұсқасын ұсыну;
• топ құру: білім алушыларды бірлесіп жұмыс істеу үшін топтарға бөлу; әр топтағы әр түрлі дағдылар мен қызығушылықтарды ынталандыру;
• зерттеу мақсаттары: білім алушыларды өз жұмыстарына бағыттайтын жоба-
Білім алушылардың цифрлық дағдыларын дамыту
Өндірістің барлық салаларында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы мектеп түлектерінен цифрлық техникамен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруді,
интерфейстердің жұмысын түсінуді, деректерді жинау мен цифрлық өңдеуді, деректерді қорғауды, ақпаратты іздеуді, қолдануды және ақпараттық көздерді әртүрлі негіздер бойынша саралауды талап етеді. PISA зерттеулері көрсеткендей, мектептер білім алушылардың цифрлық құрылғы экранында берілген ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін, бірнеше көздерден алынған ақпаратты бағалау дағдыларын, осындай ақпараттың сенімділігі мен жарамдылығын бағалау қабілетін дамытуы қажет. Digital Bridge 2023 халықаралық форумының қорытындысы бойынша Қазақстан
Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау шеңберінде «Astana Hub» корпоративтік қорымен бірлесіп 2024 жылғы тамызда орта білім беру ұйымдарының білім алушылары үшін бағдарламалау негіздерін оқыту бойынша онлайн-білім беру платформасы пилоттық режимде іске қосылады.
Тірек мектептерге бекітілген шағын жинақты мектептердің білім беру процесін «Математика», «Физика», «Химия», «Биология» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша қашықтан ұйымдастыруға болады.
Пәндерді қашықтан оқыту 4 модель бойынша ұйымдастырылады:
1-модель: нақты уақыт режимінде синхронды оқыту, педагог пен білім алушылардың өзара қарым-қатынасы тікелей оқу процесінде жүреді;
2-модель: асинхронды оқыту, мұнда педагог пен білім алушы белгілі бір уақыт режимінен тыс оқу кезеңінде байланыста болады;
3-модель: білім алушылар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін ата-аналармен және (немесе) өзге де заңды өкілдермен өзара байланысты пайдаланып, қашықтан оқытуды және офлайн-форматты біріктіретін гибридті оқыту;
4-модель: консультациялық оқыту, мұнда негізгі мәселе педагогтің белсенді
қолдауымен білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере оқыту.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру үшін тірек және шағын жинақты мектептердің «бірыңғай» жұмыс оқу жоспары әзірленеді, ол педагогикалық кеңестердің бірлескен отырысында бекітіледі.
Қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдары Академияның https://uba.edu.kz/ru/metodology/3?page=21 сайтында қолжетімді
Формативті бағалауды сапалы жүзеге асыру үшін педагог:
• оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсаттарына түрлендіреді және
сабақ мақсаттарына сәйкес бағалау критерийлерін әзірлейді (оның негізінде
білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілетін белгі). Оқу бағдарламасының мақсаттарын сабақ мақсатына айналдыру үшін педагогтің оқытылатын пәннің мазмұнын, үлгілік оқу бағдарламасын, мемлекеттік білім беру стандарттарын жоғары деңгейде меңгеруі көзделеді. Сабақтың мақсаттары білім алушылардың сабақ аяқталғаннан кейін не білуі, түсінуі немесе жасай алуы керек екенін анықтайды. Сабақтың әрбір мақсаты білім алушылардың үлгерімінің бір нақты аспектісіне бағытталуы және іс-әрекеттің бір етістігімен көрсетілуі тиіс. Сабақтың мақсаттары мен оларға қол жеткізу критерийлерін сыныптағы әр оқушы түсініп түсінуі керек;
Жиынтық бағалау (ЖБ) бөлімдерді / өтпелі тақырыптарды (БЖБ), тоқсанды (ТЖБ),оқу жылын (9 және 11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау) зерделеу аяқталғаннан кейін оқу материалының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және белгілеу үшін білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды білдіреді.
БЖБ тоқсанына үш реттен артық емес жүргізіледі.
Бөлімдер/тақырыптар тоқсандағы төрт немесе одан да көп бөлімдерді / тақырыптарды зерттеу кезінде
тақырыптардың ерекшеліктерін және оқу мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде жүргізуге рұқсат етіледі;
• оқу пәндерінің күрделілік деңгейін ескере отырып, бір күнде үштен аспайтын ТЖБ өткізіледі. ТЖБ тоқсанды аяқтаудың соңғы күнінде және бір уақытта бір оқу пәні бойынша БЖБ және ТЖБ өткізілмейді;
ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтижелері бойынша 2-11 сынып білім алушыларына тоқсандағы оқу жетістіктерін бағалау кезінде ескерілетін балдар қойылады.
Баллдар мен бағаларды қою бөлігінде педагогтер мыналарды ескереді:
• ФБ үшін максималды балл 2-11 сыныптарда 1-ден 10 баллға дейін болуы керек (әр сабақта ФО үшін балл қою міндетті емес);
• БЖБ үшін ең жоғары балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15 балға дейін, 5-11(12) сыныптарда 7-ден 20 балға дейін;
• БЖБ және ТЖБ үшін қорытынды балды қою кезінде оқу тапсырмалары мен
міндеттерінің шарттарын белгілеу және ресімдеу ескерілмейді, мінез-құлық үшін балдар төмендетілмейді;
• ФБ, БЖБ және ТЖБ балдары электрондық журналдарда қойылады;
• білім алушылардан алынған нәтижелер балдарды аудару шкаласы бойынша тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады (балдардың пайыздық құрамынан бағаға): 0%-39% – «2» бағасы, 40%-64% – «3» бағасы, 65%-84% – «4» бағасы, 85%-100% – «5» бағасы;
• тоқсандық баға 25%, 25% және 50% арақатынаста ФБ, БЖБ және ТЖБ нәтижелері негізінде қойылады;
2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу пәндері бойынша жылдық бағасы ең жақын бүтінге дөңгелектей отырып, тоқсандық бағалар сомасының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады және қорытынды баға болып табылады.
Педагогтар үш жылда бір реттен сиретпей біліктілік арттыру курстарынан өтеді.
Педагогтерге арналған курстың бағдарламасы да уәкілетті орган белгілеген
тәртіппен сараптамадан өтеді. «Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
4 мамырдағы № 175 бұйрығы бойынша әзірленуі және сараптамадан өтуі тиіс.
Сондықтан, біліктілігін арттыруға ынталы педагог білім саласындағы уәкілетті органның сайтынан немесе әдіскерге хабарласу арқылы курс өткізетін ұйымдар тізімін және курс тақырыбының білім беру бағдарламаларының тізілімінде бар екенін біліп алу маңызды.
Сонымен қатар, педагогтердің біліктілігін арттыруда мектеп ішіндегі әдістемелік бірлестіктің сапалы жұмысы маңызды. Академиялық зерттеулердің нәтижелері мектептегі педагогтердің кәсіби дамуында, өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыруда, ұйымның және білім алушылардың академиялық жетістіктерін арттыруда педагогтердің пән бойынша әдістемелік бірлестіктері маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Сондықтан оқу-тәрбие процесін жақсартуды көздейтін мектеп әкімшілігі алдымен әдістемелік бірлестіктердің жүйелі қызметін қамтамасыз етуі маңызды. Білім беру ұйымдарында әдістемелік қызметті ұйымдастырудың құқықтық негізі «Мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 253 бұйрығымен қамтамасыз етілген.
Әдістемелік бірлестіктің оқу жылына арналған жұмыс жоспарының болуы шарт.
Жұмыс жоспарында әдістемелік бірлестік ішіндегі шаралардан бөлек мектептегі басқа әдістемелік бірлестіктерге, сондай-ақ көрші мектептердегі осындай әдістемелік бірлестіктерге арналған тәжірибе бөлісу жұмыстарын ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, жоспарда білім алушылардың біліміндегі тақырыптық олқылықтарды анықтау және толықтыру бойынша шаралар, оқуға ынтасы төмен балалармен қосымша жұмыстар, дарынды балалармен қосымша сабақтар, оқу бағдарламаларын орындаудағы қиындықтар сияқты пән бойынша оқу-тәрбие
процесін тиімді ұйымдастыруға қажетті шараларды қарастыру ұсынылады.
Өзінің педагогикалық қызметінде жетістігі жоғары педагогтерге «Үздік педагог» конкурсына қатысу ұсынылады. Конкурстың ережесі «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 12 бұйрығымен бекітілген. «Үздік педагог» байқауына қатысу үшін педагогтерге осы қағидалардың талаптарымен танысу қажет.
«Үздік педагог» педагог конкурсында бәсеке жоғары болғандықтан бұл атақты иелену жоспарлы дайындықты талап етеді. Сонымен қатар, бұл педагог қызмет ететін мектептің, өңірдегі әдістемелік қызмет сапасының көрсеткіші.
«Үздік педагог» конкурсы бойынша әдістемелік ұсынымдамамен Академия сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады https://uba.edu.kz/qaz/metodology/3
Педагогтерге біліктілік санаттарын берудің (растаудың) бірнеше тәртібі бар:
1. кезекті біліктілік санаттарын беру (растау) (кемінде 5 жылда 1 рет);
2. мерзімінен бұрын беру (растау) (2 жылдан кейін);
Елімізде педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес бес жылда кемінде бір рет өткізіледі. Аттестаттаудан өткізу қағидаларының біліктілік санатына қойылатын талаптарына сәйкес келген жағдайда педагогтерге мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге болады.
Педагогтердің авторлық бағдарламалары – білім беру сапасын арттыру, білім
алушылардың пәндік білімі мен құзыреттерін тереңдету және кеңейту мақсатында инновациялық педагогикалық іс-әрекет аясында әзірлеп, жүзеге асыратын шығармашыл педагогтердің білім беру жобалары.
Орта білім беру ұйымдарында оқыту сапасын арттыруға бағытталған авторлық бағдарламаларды әзірлеу және енгізу арқылы инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату тәжірибесі кең өріс алуда.
Түркі ғалымы Махмұд Қашқаридің туғанына 995 жыл (1029-1101)
• Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының туғанына 840 жыл (1184-1227)
• Жошы ұлысына 800 жыл (1224)
• Қазақ ханы Қасым ханның туғанына 580 жыл (1445-1521)
• Тарихшы, философ Мұхаммед Хайдар Дулати туғанына 525 жыл (1499-1561)
• Ақын, қолбасшы Махамбет Өтемісовтың туғанына 220 жыл (1804-1846)
• Ғалым, мемлекет қайраткері Санжар Асфендияровтың туғанына135 жыл(1889-1938)
• Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл (1924-1988)
• Мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың туғанына130 жыл (1894-1943)
• Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (1995)
• Қазақ тілтанушысы, филология ғылымдарының докторы Сыздық Рәбиға
Сәтіғалиқызының туғанына 100 жыл (17.08.1924–04.07.2020)
• Тарихшы–этнограф Халел Арғынбаевтың туғанына 100 жыл (21.09.1924–08.08.1998)
• Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл (13.10.1924–1992).
• Қазақ тіл білімі–түркітанушы Абдуали Қайдаровтың туғанына 100жыл
• Ақын, қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Ілияс Жансүгіровтың туғанына130жыл (1894–1938)
• Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл (10.09.1894–1939)
• Мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл