Педагог -психологтің 2025-2026 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары
Бекітемін
мектеп директоры
__________ А.Давлетов
02.09.2025ж
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№ 130 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 472 Бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
17 наурыздағы № 68 бұйрығы
«Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
2025-2026 оқу жылына арналған
«Психологиялық қызметтің» жұмыс жоспары
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 92 бұйрығы).
Білім алушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдармен (балалармен) психологиялық диагностика, консультация және тренингтер (топтық, жеке) "Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) сәйкес ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің жазбаша келісімімен өткізіледі.
Мақсаты: балалардың оқудағы, дамудағы, мінез-құлықтағы қиындықтарын уақытында анықтап, оларға психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық көмек көрсетуді көздейді.
1. Негізгі мазмұны:
ППҚҚ – білім алушылардың, соның ішінде ерекше білім беруді қажет ететін балалардың оқуы мен дамуына жағдай жасайтын жүйелі қолдау қызметі.
ППҚҚ құрамына: директордың орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, кәсіби бағдар берушілер кіреді.
2. Негізгі қағидалары
- кәсіби әдепті сақтау;
- білім алушылардың жеке басына эмпатия және құрмет көрсету;
- білім алушының жеке, жас ерекшеліктері мен ерекше білім беру қажеттіліктері;
- білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың құпиялылығы;
- білім алушыларды білім беру процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың ғылымилығы, кешенділігі, бірізділігі, кезеңділігі және үздіксіздігі ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Негізгі бағыттары мен мазмұны
1. Диагностикалық жұмыс
- 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін анықтау.
- 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерттеу.
- 9, 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар диагностикасы.
- Қиындықтары бар оқушыларды (мінез-құлық, эмоциялық, үлгерім) анықтау.
- Сынып ұжымдарының әлеуметтік-психологиялық климатына зерттеу жүргізу.
2. Консультативтік жұмыс
- Оқушыларға жеке және топтық консультациялар.
- Ата-аналарға баланың даму ерекшеліктері туралы кеңес.
- Мұғалімдерге оқушылармен жұмыс істеу стратегиясы бойынша кеңес.
3. Дамыту (түзету) жұмысы
- Эмоциялық тұрақтылықты дамытуға арналған тренингтер.
- Қарым-қатынас мәдениетін дамытуға арналған жаттығулар.
- Өзін-өзі бағалауды қалыптастыруға арналған сабақтар.
- Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке түзету сабақтары.
4. Психологиялық-педагогикалық ағарту жұмысы
- Ата-аналар жиналыстарында баяндама, тренинг өткізу.
- Педагогикалық кеңестерде психологиялық-педагогикалық қолдау тақырыптары бойынша сөз сөйлеу.
- Психологиялық мәдениетті арттыруға арналған сынып сағаттары.
- Суицидтің алдын алу шаралары.
- Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу.
- Зорлық-зомбылық пен жыныстық тиіспеушілік, жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы бойынша әңгімелер.
5. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыс
- Психолог кабинетін оқу-әдістемелік құралдармен толықтыру.
- Мониторинг жүргізу (оқушылардың даму динамикасы).
- ПМПК, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілермен бірлескен жоспарлы жұмыс.
4. Қолдау кімдерге көрсетіледі?
Мінез-құлық, эмоциялық қиындықтары бар (суицидке бейім) балаларға,
Әлеуметтік-психологиялық, мәдени кедергілері бар (бейімдеуі қиын) балаларға,
ЕББҚ бар балаларға.
5. Жүзеге асыру тәсілдері
Жеке, топтық, кіші топтық сабақтар (Мектеп жасындағы кіші топтық және топтық сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды. Ал балаларға жеке сабақтардың ұзақтығы 30 минутты құрайды).
Жеке оқу жоспарлары мен бағдарламалары.
Бағалау тәсілдерін бейімдеу.
Арнайы оқулықтар, оқу материалдары, бейімделген орта (пандус, тактильді жолдар, дыбыс күшейткіш құралдар, т.б.).
Білім алушыларға, оның ішінде осы Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға (балаларға) арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар ППҚҚ мамандары әзірлеген жеке-дамыту бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі.
6. Екі кезеңдік жұмыс
1. Қызметті ұйымдастыру - мектеп директоры бұйрық шығарып, құрамды бекітеді, мұғалімдер мен ата-аналардың өзара іс-әрекеті жолға қойылады.
2. Қолдау процесі - жеке жоспарлар мен бағдарламалар әзірленіп, іске асырылады; педагогтер мен мамандар жүйелі түрде жұмыс істейді.
7. Жүктемелер
Кіші топтық (2-4 бала), топтық (6-8 бала). Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін аптадағы жеке, кіші топтық, топтық сабақтардың саны олардың жеке білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып белгіленеді. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жеке, кіші топтық және топтық сабақтар "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес түзету компоненті шеңберінде арнайы педагогтер әзірлеген түзету-дамыту бағдарламалары негізінде жүргізіледі.
8. Қолдау формалары
Қосымша сабақтар, факультативтер, үйірмелер.
Әлеуметтік көмек және кәсіби бағдар беру.
Ата-аналармен жүйелі жұмыс.
Арнайы жабдықталған кабинеттерде жеке және топтық сабақтар.
Мектеп педагог-психологының жылдық жұмыс жоспары
2025–2026 оқу жылы
р/с№ | Іс-шаралар | Жұмыстың бағыттары | Нысаналы топ | Орындау мерзімі | Орындалу нысаны | Жауаптылар | Орындалуы туралы белгі |
1 | Мектеп оқушыларының психологиялық картотекасын жүргізу «Жанұя» отбасын қолдау орталығының электрондық базасында | Диагностика Ресурс тесті | 1–11 сынып | Қыркүйек | Тест, сауалнама | Психолог | Хаттама |
2 | 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін зерттеу | Диагностика, бейімделу «10 сөзді есте сақтау», «Суреттің реттілігі» «Төртіншісі артық» «Корректуралық сынама» | 1-сынып | Қыркүйек- Қазан Қараша | Сауалнама, бақылау | Психолог | Хаттама |
3 | 5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуін зерттеу | Диагностика, бейімделу Жанұя отбасын қолдау орталығынан«Өзін- өзі бағалау», «Мінез-құлық»Оқу мотвациясын анықтау (Дубовицкая) | 5-сынып | Қыркүйек- Қазан | Тест, әңгімелесу | Психолог | Хаттама |
4 | 10-сынып оқушыларының бейімделуін зерттеу | Диагностика, бейімделу. Жанұя отбасын қолдау «Өзін –өзі бағалау Креактивтілік деңгейін анықтау | 10-сынып | Қыркүйек- Қазан | Сауалнама | Психолог | Хаттама |
5 | Мектепке алғаш келген балаларды (инклюзив) зерттеу | Инклюзия, диагностика | ЕББҚ бар балалар | Жыл бойы | Сауалнама, әңгіме | Психолог | Хаттама |
6 | Оқушылардың психоэмоциялық күйін анықтау | Диагностика. «Жанұя» отбасын қолдау «Мектептегі мазасыздық деңгейін анықтау» Е.В.Амент Б. Филлипс «Әлеуметтік мазасыздық» Ла- Фрейни «Интернетке тәуелділік» «Сигнал» А.Бек «Оқуға эмоционалды қарым- қатынас» | 1–11 сынып 2-4 сынып 5-7 сынып 9-11 сынып 5-8 сынып | Жыл бойы Қазан Қараша Желтоқсан | Тест, сауалнама | Психолог | Хаттама |
7 | ҰБТ-ға дайындық кезінде 11-сынып оқушыларына психологиялық қолдау | Кеңес беру, стресс-менеджмент | 9-11 сынып | Жыл бойы | Тренинг, кеңес | Психолог | |
8 | Оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынастарын зерттеу | Әлеуметтік-психологиялық диагностика Социометрия «Буллинг» Д.Ольвеус, Л.Г. Федоренко | 1–11 сынып 6-11 сыны 3-11 сынып | Қыркүйек Акпан Қазан | Социометрия | Психолог | Хаттама |
9 | Оқушылармен жеке психологиялық кеңес беру | Консультация | 1–11 сынып | Жыл бойы | Жеке кеңес | Психолог | Анықтама |
10 | Ата-аналарға психологиялық көмек көрсету | Консультация «Буллингті қалай байқауға болады» семинар Ата- аналар чатына ақпараттық жадынамалар тарату | Ата-аналар | Жыл бойы Қазан, Қаңтар | Жеке/топтық кеңес | Психолог | Анықтама |
11 | Мұғалімдерге психологиялық-педагогикалық қолдау | Консультация «Буллингті ерте анықтау бойынша» тренинг Пед консилиум | Мұғалімдер | Жыл бойы Қараша Желтоқсан, Сәуір | Әңгімелесу, тренинг | Психолог | Анықтама |
12 | Сынып сағаттарына қатысу (психологиялық тақырыптар) | Алдын алу | 1–11 сынып | Жыл бойы | Әңгіме, тренинг | Сынып жетекші, психолог | Анықтама |
13 | Дарынды оқушылармен жұмыс (мотивация, өзін-өзі дамыту) | Қолдау | Дарынды оқушылар | Жыл бойы | Тренинг, әңгімелесу | Психолог | Анықтама |
14 | Оқушылардың кәсіби бағдарын зерттеу және қолдау | Кәсіптік бағдар Дж. Голланд тесті «Ойлау типін анықтау» әдістемесі (Г.В. Резапкина модификацияси» «Жетістікке жету мотивациясы» | 9–11 сынып | Жыл бойы Қазан Қараша Желтоқсан | Тест, тренинг | Психолог | Хаттама |
15 | Оқушылардың девиантты мінез-құлқының алдын алу | Алдын алу «Достық апталығы» «Қауіпсіз интернет» акциясы | ПҚТ оқушылары | Жыл бойы Қараша | Кеңес, әңгімелесу | Психолог | Анықтама |
16 | Суицидтің алдын алу жұмыстары | Алдын алу «Мен өмірді сүйемін» акция | 7–11 сынып | Жыл бойы Қыркүйек | Жеке/топтық жұмыс | Психолог | Анықтама |
17 | Сыныптағы ЕББҚ бар балалармен жеке жұмыс | Қолдау, түзету «Инклюзивті білім беру: ата- аналарға маңызды ақпарат» тақырыбында кездесу ЕББҚ бар оқушыларға қолдау көрсету, түсіну және құрмет көрсету тақырыптары қамтылған көркем әдеби шығармаларды оқу мен талқылауды ұйымдастыру «Жұлдыз- ай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалі | ЕББҚ бар балалар | Қыркүйек Тоқсанына 1 рет Өз уақытында | Жеке сабақ, аптасына 2 рет (45 минуттан) | Психолог, дефектолог | Анықтама |
18 | Қиын жағдайға тап болған балалармен жұмыс (қамқорлықтағы, жетім) | Қолдау Жеке түзету жұмыстары | Әлеуметтік осал топтар | Жыл бойы | Жеке кеңес | Психолог, әлеуметтік педагог | Анықтама |
19 | Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған іс-шаралар | Алдын алу ДосболLike, Көңілді үзіліс | 1–11 сынып | Жыл бойы | Тренинг, ойын | Психолог, сынып жетекші | Анықтама |
20 | Психологиялық қызметтің жартыжылдық және жылдық қызметі туралы талдамалық есебі | Есеп беру | Барлық бағыт | Қаңтар, мамыр | Жазбаша есеп | Психолог | Есеп |
Мектеп педагог-психологының айлық жұмыс жоспары
Қыркүйек айы | Ақпан айы |
1. Оқушылардың жаңа оқу жылына бейімделуін анықтау (1, 5, 10-сыныптар). 2. 1-сынып, 5-сынып оқушыларына «Мен мектептемін» бейімделу тренингтері. 3. 10-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру сауалнамасы. 4. Сынып жетекшілеріне психологиялық кеңес. 5. Ата-аналарға мектепке бейімделу бойынша жадынама тарату. | 1. Оқушылардың сыныпішілік қарым-қатынасын анықтау (социометрия). 2. «Жан достық» тренингі (5–6 сыныптар). 3. Ата-аналарға «Жасөспірім кезеңіндегі қиындықтар» дәрісі. 4. Педагогтарға «Қақтығыстарды шешу жолдары» семинары. |
Қазан айы | Наурыз айы |
1. Интеллектуалды даму диагностикасы (2–4 сыныптар). 2. Сынып сағаттарына қатысып, психологиялық ахуалды бақылау. 3. «Менің эмоцияларым» атты психологиялық тренинг (5–7 сыныптар). 4. Инклюзивті оқушылармен жеке түзету жұмыстары. 5. Педагогтарға эмоционалды күйзелістің алдын алу семинары. | 1. «Мен – ұлттық мәдениеттің мұрагерімін» патриоттық тренинг. 2. 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуін қайта зерттеу. 3. Жеке кеңестер (оқушылар мен ата-аналар). 4. Инклюзивті оқушыларға түзету сабағы. |
Қараша айы | Сәуір айы |
1. Жеке консультациялар (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер). 2. Оқушылардың агрессия деңгейін анықтау (7–9 сыныптар). 3. «Достық пен сыйластық» тренингі (3–4 сыныптар). 4. Жеткіншек жастағы балаларға арналған тәртіп бұзушылықтың алдын алу жұмыстары. 5. Сыныптағы инклюзивті балалардың ата-аналарымен кездесу. | 1. «ҰБТ-ға психологиялық дайындық» тренингтері (11 сынып). 2. «Жағымды қарым-қатынас» психотренингі (7–8 сынып). 3. Ата-аналарға арналған семинар: «Баламен тиімді қарым-қатынас». 4. Мұғалімдерге арналған кеңес беру. |
Желтоқсан айы | Мамыр айы |
1. Жартыжылдық психодиагностикалық зерттеулерді талдау. 2. «Қысқы күйзеліс» тақырыбында оқушыларға психологиялық қолдау әңгімелері. 3. Қиын оқушылармен жеке жұмыс жоспарын құру. 4. Мұғалімдерге арналған релаксациялық тренинг. | 1. Оқу жылының қорытынды психологиялық мониторингі. 2. Емтиханға дайындық кезінде стрестің алдын алу (9, 11 сынып). 3. Қиын оқушылармен жеке жұмыс есебі. 4. Педагогтармен жылдық жұмысты қорытындылау. |
Қаңтар айы | Маусым айы |
1. Қысқы демалыстан кейінгі оқушылардың бейімделуін бақылау. 2. «Менің арманым» мотивациялық тренинг (8–9 сыныптар). 3. Қорытынды аттестацияға дайындық кезінде психологиялық қолдау (9, 11 сынып). 4. Инклюзивті балалармен арт-терапия. | Жаздық лагерь кезеңдері |
Апталық циклограмма
№ | Күні | Іс-шаралар |
1 | Дүйсенбі | Сынып сағаттарына қатысу, психологиялық ахуалды бақылау |
2 | Сейсенбі | Психодиагностика (тестілеу, сауалнама, бақылау) |
3 | Сәрсенбі | Жеке кеңестер (оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер) |
4 | Сейсенбі | Әдістемелік күн: құжаттар толтыру, тәжірибе алмасу іс-шаралары |
5 | Жұма | Психокоррекциялық сабақтар, тренингтер, талдамалық есеп дайындау |
ЕСКЕРТУ: Мектеп ішіндегі іс-шараларға қатысу (апталық, мерекелік, профилактикалық)