Педагог-психологтың 24-25 оқу жылына СВОТ талдауы
«Алматы облысы білім басқармасының» Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің педагог-психолгі Г.Ниязованың 2024-2025 оқу жылына SWOT талдауы
КҮШТІ ЖАҚТАРЫ - Психологиялық қызметтің жүйеленген ережесі негізінде іске асырылуы; -Облыстық психологиялық қолдау орталығы тарапынан дайындалған жоспар негізінде жұмыс жасалды. - Психологиялық қызметті жүзеге асыратын нормативтік –құқықтық актілер мен психолог журналдарының жүргізілуі бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. - «Жанұя отбасын қолдау орталығы»қоғамдық қоры тарапынан әзірленген әдістемелер арқылы бала бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау, буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жасауға жақсы көмек болды. - «Психологтың бір күні» облыстық ашық есік күнін өткізу шығармашылықпен жұмысты көрсетуге, іс-тәжирібе таратуға мүмкіндік берді. - Білім алушылар мен ата-аналар психолог қызметін пайдалануда қызығушылық танытты; - «Үздік психолог -2025» аудандық психологтар байқауында ІІ орынға ие болдым. - «Жұлдызай -2025» аудандық байқауында 5 «ә» сынып оқушысы К.И ІІІ орынға ие болды. | ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ - Диагностикалау, түзете-дамыту жұмыстарын жүргізуде сабақтардан сұрап алу; - Психолог кабинетінің жоқтығы, материалдық базаның әлсіздігі. - Интернет желісінің әлсіз жұмыс жасауы (кедергі келтіруі). |
МҮМКІНДІКТЕР - Мектепте психологиялық қызметтің жүруіне бар жағдай жасалынған;- Мектепте адамгершілік психологиялық ахуал жақсы жолға қойылған; - Психолог көмегін қажет етушілерге барлық мүмкіндік жасалған; - Психолог он күндігін ұйымдастыру жан-жақты жұмысты қамтуға мүмкіндік берді. - Аудандық білім бөлімі тарапынан әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Жұмыс жасауға мүмкіндік болды. | ҚАУІП – ҚАТЕРЛЕР - Тұйық, ұяң, жабырқаңқы балалар қатты қысылып ішкі сырларын бөлісуден бас тартуы;- Отбасында балаға жеткілікті көңіл бөлінбеу салдарынан баланың назардан тыс қалуы; |
Педагог – психолог: Г.Ниязова