әлеуметтік педагогтың мәтіндік есебі » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
январь
2022

әлеуметтік педагогтың мәтіндік есебі

Әлеуметтік   педагог  жұмысының  мақсаты: мектеп  оқушыларымен, 

ата-аналармен  әлеуметтік   педагогикалық  жұмыстар  жүргізу және аз  қамтамасыз   етілген, көпбалалы,  жартылай жетім,толық  емес отбасы  балаларына    әлеуметтік  қолдау  жұмыстарын   жүргізу, сонымен  қатар  тәртібінде   ауытқушылығы  бар  және қиын, құқықбұзуға  бейім балалармен  әлеуметтік –психологиялық  және құқықтық   жұмыстарды  ұйымдастыру, отбасы  мен  мектеп   арасындағы  ынтымақтастықты  нығайту. 


Әлеуметтік  педагогтың   міндеті:   1. Оқушылардың әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктерін және олардың ортасын,  өмір салтын, қызығушылығы мен  қажеттіліктерін, мәселелерін, келеңсіз жағдайларын, оқушылардың мінез- құлқындағы ауытқуларды зерттей келе, өз   кезегінде балаға және отбасына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету                                                                                                               2. Әлеуметтік педагогикалық жұмыстың әдістері мен бағытын, тапсырмаларын, әлеуметтік және жеке мәселерді шешу   жолдарын  айқындау.                                                                                                                                    3. Оқушыларды әлеуметік қорғауда  білім беру, тәрбиелеу, дамыту процестерін жүзеге асыру. 

  1. 2021-2022  оқу жылын  «Долайты   орта  мектебі»  коммуналдық   мемлекеттік  мекемесінде  129   оқушы  білім  алуды бастады.  Оның 71і    ұл бала, 58сі   қызбала.                                                                                                                                  Қыркүйек айында  әлеуметтік   педагогтың  2021-2022 оқу жылына  арналған   жылдық   жұмыс  жоспары  жасалып   бекітілді.  Жоспарға сәйкес  сынып   жетекшілерден  оқушылардың әлеуметтік  тұрмыс  жағдайы,   мәртебесі   бойынша  мәліметтер алынып  мектептің әлеуметтік төл құжаты  жасалды.                                                                                         Нақтылап  өтсем   жетім  және  ата-анасының   қамқорлығынсыз  қалған  оқушы   жоқ.                                                                                                                                  2. Көпбалалы отбасы саны-13, ондағы бала саны- 27

3.Толық емес отбасы саны- 9, ондағы бала саны-11

4.Азқамтылған отбасы саны-7, ондағы бала саны- 10

5.«Д» бақылауда тұратын бала саны- 5

     6. Мүгедектігі бар бала саны - 2

     7. Үйден оқитын бала саны-1

Әлеуметтік  мәртебеге  ие оқушылар   оқулықтар  мен толық қамтылды.                                                                                                                                                                                                                                                             Тамыз айында  «Мектепке  жол»   жалпыреспубликалық  акцияны  жалғастыру   жұмыстары  жүргізілді.   Жоспарға   сәйкес  мектеп  дәлізімен   ауласына  банер  ілініп,   бұрыш  ұйымдастырылды.  Акцияға   ат  салысуға  шақыру,   демеушілерді  тарту  мақсатында   түрлі мекемелерге,  қоғамдық  орындарға   хабарландырулар   ілінді.   Мектеп   ұжымы  7 «а» сынып  оқушысы   Сраждинова  Гульзараға  аяқ киім   мен  оқу  құралдарын алып берді,  ал             9-сынып оқушысы Нурахметов Талисманға 15000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.                                                                                                          Аудандық   Ұйғыр  Этно  Мәдени   орталығы  тарапынан  1-сынып оқушысы  Хакимжанова    Гульфайрузға,   5 «а» сынып оқушысы  Орынбасар Ақнұрға  оқушы   сөмкесі мен оқу  құралдары  сыйға   тартылды.                                                                  «Долайты жастары»  ұымының   демеушілігімен  2 «а» сынып оқушысы Анадулламова Айлин мен 5 «а» сынып оқушысы Амирдинов Мехратқа   оқушы сөмкесі мен  оқу құралдары   табысталды.





16-17. қыркүйек  күндері   1-сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімділігін анықтау  мақсатында Керн Йирасектің психодиагностикалық әдістемелерінің  1-кезеңі   жүргізіліді.   Бұл  әдістемені жүргізудің мақсаты 1-сынып оқушыларының  мектепте оқуға психологиялық даярлығы мен бейімділігін анықтау. Зерттеуге  1-сыныптың   7 оқушысы қатысты.  

1-сынып   оқушыларының    дұрыс   қарым –қатынас  жасауына    «Социометрия»  әдісін қолдану арқылы  психологиялық   тренинг  өткізілді. 


27.09.– 01.10.21   күндері   аралығында  әлеуметтік  мәртебеге ие оқушылардың  бос уақытын ұйымдастыру,  үйірмелерге тарту  мәселесі бойынша  мәліметер алдым. Мектепте баскетбол, волейбол, тоғызқұмалақ, бейнелеу өнері, ән-би   үйірмелері  жұмыс атқаруда. Өткен  аптада   дене шынықтыру пәні  мұғалімі  Ү.Рахмитуллаевтың  ұйымдастыруымен  веложарыс   спорттық ойыны өткізілді. Санаттағы оқушылар    іс-шараларға тартылып, бос уақыттарын тиімді пайдалануда. 

11- сынып  оқушыларынан   отбасының  әлеуметтік  жағдайы туралы  сауалнама   алынды. Сауалнамаға  10 оқушы  қатысты. Сауалнамадан оқушылардың  әлеуметтік   жағдайы  жақсы екені  байқалды. 




11 -15.10.21  күндері   аралығында   әлеуметтік  мәртебеге ие оқушыларды «ЖББ қоры»  есебінен   қыстық киім мен қамтамасыз ету мақсатында  27   ата-анадан  өтініштер  алынды.     

 5 «а,ә» сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен  «Бала құқығы туралы Конвенция» тақырыбына  сынып сағаты өтілді.  Сынып жетекшілер тарапынан бала құқығы туралы түсінік беріліп, видеороликтер, слайдтар көрсетілді.     Сұрақ –жауап арқылы балалардың түсініктері бекітілді. Әлеуметтік  педагог тарапынан сауалнама алынды.  

 №472 бұйрық   негізінде  1-11 сынып  оқушыларының    әлеуметтік  картасы   әзірленіп,  бекітілді. 

18-22.10.21  күндері   аралығында   әлеуметтік  мәртебеге   ие                                                                           27 оқушыға «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен  қыстық   етіктер алынып, таратылып   берілді. Қамқоршылық кеңес мүшесі К.Усенов  пен бірге мектеп директоры С.Розахунов  алынған заттардың  сапасын   тексеріп, қазіргі нарықта жүрген сапалы   етіктер екеніне көз жеткізді.  Олардың келісімімен аяқ киімдер оқушылар мен ата-аналарға  таратылып, берілді. 






15.11. – 19.11.21  күндері аралығында   «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы  құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу»  мақсатында сауалнама  алынды.   Сауалнамаға  9 -11 сынып  оқушылары қатысты.  Олардың жалпы   саны - 26 оқушы.   Сауалнаманың   қорытындысы   шығарылып, анықтама   жазылды.    


Қараша  айында   ЖББҚ  есебінен  әлеуметтік мәртебеге ие оқушылар қыстық курткалар мен қамтамасыз етілді. 



 22-26.11.21  күндері  аралығында   6 -7 «а»  сынып  ата-аналары   арасында       ата-аналарға   арналған  сауалнама  жүргізілді.   Жалпы 14  ата-ана  қатысты. Сауалнама онлайн  тәртіпте   өтілді.   Ата –аналардың  жауаптары   қалыпты,  алаңдаушылық  тудыратындай   жауаптар  байқалмады. 

    29.11- 03.12.21  күндері   аралығында   медбике  мен   бірлескен  жұмыс жоспары  негізінде    әлеуметтік  мәртебеге  ие оқушыларға   уақтылы  егу жұмыстарының жүргізілуі  қадағаланды. Қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан  айлары  аралығында   МАНТУ сынамасы  жалпы 80 балаға егілді.  

1-сыныптың 5 оқушысы Бариев Р, Гайратов Д, Идимов Р, Турсунова Ф, Молотова Д лар БЦЖ екпесімен егілді.                                                                                                     

 Толық   емес отбасы баларымен жеке   жұмыс  жүргізу  мақсатында   «Тұңғыш Президент»  күніне  орай   шығарма  жазу,  сурет   салу  тапсырмалары  берілді. 

Сраждинова Г,Аркенова Сабриналар шығармалар жазған.  Сидиков К, Аркинова Армина, Курбанов Ислам, Амердинов Мехрат, Анадулламова Айлин мерекеге байланысты  суреттер салған. 

13 -15.12.21 күндері  аралығында    «Тәуелсіздікке  30 жыл»   мерекесі  қарсаңында «Мен бақытты баламын»  тақырыбына  көпбалалы   отбасы балалары   суреттер салды.

 5 «а» сынып   оқушылары  арасында  «12 жануар» диагностикалық  ойыны   жүргізілді. 

 3 «а» сынып  оқушыларымен «Себебін айту»  жаттығуы   жүргізілді. Балалардың   пікірі  тыңдалды. 

28.12.21  күни  азқамтылған және толық емес отбасы балалары Нуркелдіқызы Арайлым мен Аркинова Арминаға аудан әкімінің жаңа жылдық  сыйлығы   тапсырылды. 


Оқу жылының  І жартыжылдығын 130 оқушы аяқтады. Оқушыларға  қысқы демалыс кезінде  сақтық шаралары мен  өмір қауіпсіздігін сақтау  бойынша түсініктер берілді.