Аттестаттау ережелері мен таныстыру » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
февраль
2022

Аттестаттау ережелері мен таныстыру

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы.                                                                      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 18 қарашада № 25208 болып тіркелді

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде №13317 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3. Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей, білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет, білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес үш жылда бір рет өткізіледі.

      "педагог" – білім беру ұйымдарында;

      "педагог-модератор", "үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы", "екінші біліктілік санатты басшының орынбасары" немесе "басшы-менеджер", "педагог-модератор" – әдіскерлер үшін – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың білім бөлімі органдарында;

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

      15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:

      педагогтер үшін:

      1) Біліктілік тестілеуі;

      2) эссе;

      3) біліктілік бағалауы;

      4) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, басшының орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін:

      1) біліктілік бағалауы;

      2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда);

      білім беру ұйымдарының және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін:

      1) Біліктілік тестілеуі;

      2) біліктілік бағалауы;

      3) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;

      4) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу (өзін-өзі бағалау және комиссияның бағалауы сәйкес келмеген жағдайда).

      21. Біліктілік тестілеуі:

      педагогтер:

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет – ақысыз;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет мерзімінен бұрын аттестаттауға өтініш берген педагогтер – ақысыз;

      сынақ (педагогтің қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде;

      педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар:

      күнтізбелік жыл ішінде 1 рет – ақысыз;

      білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары күнтізбелік жылда 1 (бір) рет – ақысыз;

      күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) рет қайта өту ақылы негізде;

      сынақ (қалауы бойынша) – күнтізбелік жыл ішінде ақылы негізде.

22. Біліктілік тестілеуі келесі тест тапсырмаларынан тұрады:

      1) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін:

      "Мектепке дейінгі педагогика және психология" – отыз тапсырма;

 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 2) Бастауыш білім беру педагогтері пәндер бойынша тест тапсырады:

 "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 "Оқу пәнінің мазмұны" (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі бойынша), әдебиеттік оқу, математика) – жетпіс тапсырма;

 3) Негізгі орта және жалпы орта білім беру педагогтері үшін:

 "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;

 4) Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін:

 "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

 Өзге лауазымдағы педагогтер:

 "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 "Психология негіздері" – отыз тапсырма;

 10) Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:

 1) "Оқу пәнінің мазмұны" – жетпіс тапсырма;

 "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

 2) "Педагогика, оқыту әдістемесі" – отыз тапсырма;

25. Біліктілік тестілеуінің уақыты:

 "Математика", "Физика", "Химия", "Информатика" пәндері үшін – екі жүз қырық минутты;

 "Мектепке дейінгі білім беру" және "Қосымша білім беру" бағыттары үшін – жүз жиырма минутты;

 өзге педагогтер үшін – екі жүз он минутты құрайды.

30. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін (басшы – "білім беру ұйымының басшысы" біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.

 32. Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде аудиториядан кезекшінің рұқсатынсыз және ілесіп жүруінсіз шығуға, бір-бірімен сөйлесуге, бір орыннан екінші орынға ауысуға, материалдармен алмасуға, аудиториядан материалдарды алып шығуға, аудиторияға заттарды (оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттерді, цифрлық смарт-аппаратураны) кіргізуге және пайдалануға жол берілмейді.

 33. Отырғызғаннан кейін тестілеу басталғанға дейін тестілеу және эссе жазу кезінде мінез-құлық қағидалары бойынша нұсқама жүргізіледі.

 34. Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:

 1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;

 2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін:

 барлық дұрыс жауаптар үшін – екі балл;

 жіберілген бір қате үшін – бір балл;

 екі және одан да көп қателіктер үшін – нөл балл.

51. Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.

 52. Педагог тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты "педагог" біліктілік санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.

 53. "Екінші", "бірінші", "жоғары" санаттары бар педагог қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – "педагог" санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.

 2-параграф. Эссе жазу тәртібі

 54. Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады. Берілетін уақыт – 30 минут. Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз. Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.

 55. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетіне жолданады.

4-параграф. Мемлекеттік қызметтік көрсету тәртібі

 58. Біліктілік тестілеуінің нәтижелері бойынша педагогтің өтініші негізінде (қолданыстағы санат мерзімі өткенге дейін) және біліктілік бағалауынан кейін одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі:

. Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5 қарашасына дейін) Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.

      77. Сараптама кеңесі аттестатталушының қашықтықтан немесе күндізгі форматта қатысуымен әрбір пән бойынша немесе бағыт бойынша портфолионы жеке қарайды және бағалайды. Аттестатталушының қатысуымен портфолионы қарау 30 минуттан аспайды. Бұл ретте аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио бейнежазба аттестаттау өткізген ұйымның архивінде кемінде бір жыл сақталады.

       78. Сараптама кеңесі осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беру (растау) үшін педагогтердің портфолиосын бағалау парақтарын және осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімде (осы жылдың 5 маусымына және 5 желтоқсанына дейін) Комиссияға әрбір педагог бойынша өтініш берілген біліктілік санатына сәйкестік/сәйкессіздік туралы, бір деңгейге төмен сәйкестік туралы қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтаудың қорытындылары бойынша ұсынымдар жібереді.

80. Білім беру ұйымы жыл сайын 1 қыркүйекке дейін алдағы қаржы жылына арналған біліктілік санаттарын берудің (растаудың) перспективалық жоспарын жасайды және бекітеді, ол қажеттілігіне қарай түзетіледі.

      82. Педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) туралы соңғы шешімді Комиссия қабылдайды.

Педагогтер (басшылар, басшының орынбасарлары) жүктілігі және босануы бойынша демалыстан немесе бала үш жасқа толғанға дейін оны бағып-күтуге арналған демалыстан немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлер үшін демалыстан шыққаннан кейін біліктілік талаптарына сәйкес келетін санатқа Біліктілік тестілеуін тапсырады. Педагогтердің осы санаты үшін қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау кезеңін тиісті деңгейдегі аттестаттау комиссиясы бір жыл ішінде өткізеді. Бұл ретте педагогте осы кезеңде бар біліктілік санаты сақталады.

      92. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 53-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлікке шығуға екі жылдан аз қалған зейнеткерлік жасқа дейінгі педагогтер Біліктілік тестілеуінен босатылады.

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Педагог-

модератор

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

60%

18

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-

сарапшы

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

70%

21

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-

зерттеуші

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

80%

24

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-

шебер

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

90%

27

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

70%

21

Орта білім беру ұйымдарының педагогтері, білім беру ұйымдарының әдіскерлері үшін

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Педагог-

модератор

Оқу пәнінің мазмұны

70

60%

42

Педагогика,

оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-

сарапшы

 Оқу пәнінің 

мазмұны

70

70%

49

Педагогика,

оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-

зерттеуші

 Оқу пәнінің 

мазмұны

70

80%

56

Педагогика,

Педагогика,

оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-

шебер

 Оқу пәнінің 

мазмұны

70

90%

63

Педагогика,

оқыту әдістемесі

30

70%

21

Таңдау бойынша дене шынықтыру педагогтері үшін:

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Педагог-

модератор

Оқу пәнінің мазмұны

70

60%

42

 Педагогика, 

оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-

сарапшы

Оқу пәнінің мазмұны

70

70%

49

 Педагогика, 

оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-

зерттеуші

Оқу пәнінің мазмұны

70

80%

56

 Педагогика, 

оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-

шебер

Оқу пәнінің мазмұны

70

90%

63

 Педагогика, 

оқыту әдістемесі

30

70%

21

 "Информатика", "Цифрлық сауаттылық" пәндері бойынша педагогтер үшін

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

 Педагог 

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

30%

9

Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау

30

50%

15

Педагог-

модератор

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

40%

12

Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау

30

60%

18

Педагог-

сарапшы

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

50%

15

Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау

30

70%

21

Педагог-

зерттеуші

Педагогика, оқыту әдістемесі

30

60%

18

Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау

30

80%

24

Педагог-

шебер

Педагогика, оқыту әдістемесі

3

70%

21

Оқу пәнінің мазмұны және бағдарламалау

30

90%

27

Білім беру ұйымдарының басшылары үшін

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балл)

Ұйымдастырушы-басшы

Заңнаманы білу

80

70%

56

Басқарушылық құзыреттер

20

70%

14

Басшы-

менеджер

Заңнаманы білу

80

80%

64

Басқарушылық құзыреттер

20

80%

16

Басшы –

көшбасшы

Заңнаманы білу

80

90%

72

Басқарушылық құзыреттер

20

90%

18

2021-2022 оқу жылының сәуір-мамыр айларында өтетін аттестаттауға сегіз мұғалім тестке баруға өтініш берді. Педагог-модераторға

  1. Самиева Р
  2. Розахунова Г
  3. Мушрапилов С
  4. Марупова Д-педагог
  5. М. Амаева
  6.  Д. Анаятова
  7. Касимова Рано
  8. Ш. Турсунова

Аттестациядан тесттен өтуге өтініштерін аты аталған мұғалімдер беріп құжаттары реттелді.