педагог-психологтың жылдық жоспары » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2021

педагог-психологтың жылдық жоспары


Долайты орта мектебінің 2021-2022 оқу жылында 

психологиялық қызметінде жүргізілетін жұмысының  мақсаттары мен міндеттері


Психологиялық қызметтiң мақсаты:

Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету. 


Психологиялық қызметтiң мiндеттерi: 

- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;

- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;

- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру; 

психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.








Бағыты

Тамыз

Қыркүйек

Қазан

Диагностика

1. Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындау және психологтың жылдық жоспарын жасау, іс құжаттарды реттеу

2. Мектеп бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жеке құжаттарымен танысу, жинактау;

3. «Жол картасы» жобасы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алуға жоспар әзірлеу.

4.Педагогикалық кеңесте консилиум құрамын бекіту;

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. Социометрия әдістемесі

/5-10 сыныптар/

2. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек көрсету бойынша  іс-шаралар өткізу;

3. Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру;


Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу»  бағдарламаға қатысатын оқушылардан сауалнама алу (Филлипс, Айзенк психикалық күйді анықтау, МЦВ -8 әдістемесі, /5-11 сыныптар/

2. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек бағдарламасы бойынша іс-шара ұйымдастыру;

3.«Біз зорлық–зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында  іс-шаралар ұйымдастыру;

4. «Үй-Ағаш-Адам» проективті тесті 5-8 сыныптар


Профилак-

тика

Сынып жетекшілермен жыл бойы жүргізілетін жұмыстарды талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу;









1. 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек 

2.  «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу» бағдарламасы бойынша ата-аналарды оқыту (ата-аналардан рұқсат қолхат алу)

8-10 сынып ата-аналары

3. «Интернет балалар үшін несімен қауіпті?» тақырыбында  1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен пікірталас өткізу;

4. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек (5-6-7сынып оқушыларының ата-аналарына) 


1. 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек ;

2. «Кәсіп дегеніміз не?», «Менің мүмкіндігім немесе кәсіп мені қалай таңдайды?» тақырыптарында дөңгелек үстел, пікірталас жүргізу;

4.«Біз зорлық–зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында  8-9 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізу;

Кеңес беру

1.Жас мамандарға бейімделуге байланысты кеңес беру;

2.Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңес беру;

3.Бірінші сынып оқушыларының  ата-аналарына және сынып жетекшілеріне мектеп өміріне психологиялық бейімделу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша кеңес беру;

4. Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына және сынып жетекшілеріне орта буынға психологиялық бейімделу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша кеңес беру;

5. Сауалнама нәтижесі бойынша сұхбат жүргізу, ата-анасын хабардар ету, арнайы маманға жолдау;


Түзету-дамыту

1. «Тәуекел топ» балаларымен коррекциялық жұмыс;

2. Бесінші сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;  

«Жүрек», «Мейірімділік», «Тыныштық», «Біз біргеміз», «Таныстық»   тақырыптарында тренингтер өткізу; 

3. 5-9сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу. «Орындықтар» , «Күрделі шаршы» тапсырмалары

4. 10-11 сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;

5. Қабілеті жоғары оқушылармен (олимпиада қатысушыларымен) «Сенімділік» тренингін өткізу;

















Бағыты

Қараша

Желтоқсан

Қаңтар

Диагностика

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. Темперамент типін анықтау

/5-11 сынып/;

2. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында  5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына қажетті іс-шаралар ұйымдастыру;

3. Орта буынға бейімделуін анықтау: «Менің сыныбым» әдістемесі 

/5 сыныптар;

4.Өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу /5-10 сынып/;

5. Дарынды балаларды анықтау үшін эксперименттік бағалау әдістемесі

(А.А.Лосева)

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу» бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

2. «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ, ЖҚТБ алдын алу» бағыты  бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;

3. «Ғаламторға жəне компьютерлік ойындарға

тəуелділікті анықтау» тест-сұрақшасы

4. «Үй-Ағаш-Адам» проективті тесті

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. «Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары» бойынша 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстар жүргізу

2.«Ерте жүктіліктің алдын алу» бағыты бойынша іс-шаралар ұйымдастыру


3.  9-11сынып оқушыларынан «Невротизация деңгейін анықтау» Л. Вассерман


Профилактика

1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу»  бағдарламасы бойынша оқушылармен дәрістер өткізу /8-10 сынып/;

2. «Тату отбасы, бақытты балалар-Мемлекетіміздің гүлденуінің сенімді іргетасы» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел

3.Жас мамандарға «Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық климат – нәтижелі қарым-қатынас негізі» тақырыбында тренинг өткізу

1.  «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу»  бағдарлама негізінде 8-10 сынып оқушыларына қайталау дәріс сабақтарын ұйымдастыру;



3. «Өз балаңды жаман ортадан қалай қорғауға болады?» тақырыбында ата-аналарға психологиялық тренинг өткізу(5-11 сыныптар);

1.«Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы» тақырыбында семинар-тренинг /жас мұғалімдер/

2. «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар», «Қызым қызғалдағым – ұлым ізгі арманым»  тақырыптарында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен пікірталас өткізу.


Кеңес беру

1.Сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңес беру;

2.Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес беру;

3.Бесінші сынып дегеніміз не?«Орта мектептегі жаңа оқушы»,«Біздің мұғалімдеріміз»

«Біз және біздің сынып» тақырыптарында тренингтер өткізу;

4. Оқушыларға кәсіп таңдау мәселесі бойынша кеңестер беру;

Түзету-дамыту

1. «Тәуекел топпен» коррекциялық жұмыс 

2.Сұраныс бойынша түзету-дамыту жұмыстары;

2-3сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;

2. 5-6  сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу;

6. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары;

7. Оқушыларға, ата-аналарға және мектеп педагогтарына түрлі тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізу     /дөңгелек үстел, пікір-сайыстар, рефлексия;

8. Дамыту сабағы. «Біз жəне біздің сынып» 5сынып оқушылары.










Бағыты

Ақпан

Наурыз

Сәуір

Мамыр 

Диагностика

1. «Мұғалім – мектептің жүрегі»   2. Оқушылармен «Менің кәсіптік - мендігім» тақырыбында психологиялық семинар – тренинг өткізу

3. 9-11 сынып  Д. Голланд әдісі:

«Тұлғаның типтерін анықтау», мамандық таңдауға арналған зерттеулер жүргізу.

4. 9-11сынып оқушыларынан «Стресс саған қалай əсер етеді?» (Э.Ховард)

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. 5-11  сынып оқушыларынан «Тәуекел топты» анықтау үшін кешенді тестілеуді өткізу:  

МЦВ -8, Зунг депрессия шкаласы, Айзенк психикалық күйді анықтау;

2. Балаларда өзіне сенімділік жəне сенім сезімін

қалыптастыруға бағытталған жаттығулар

Жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг сабақтар:

1. «ҰБТ дегеніміз не жəне оның мен үшін маңыздылығы қандай?»;

2. «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»;

3. «Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу əдісі»;

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1.Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау жөніндегі ойларын анықтау /9-11 сынып;/

Психологиялық сүйемелдеу мақсатында:

1. Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;

2. Дөңгелек үстел «Менің болашақ мамандығым»  9-11сынып оқушыларына

Профилактика

1. Қорытынды тестке  қатысатын оқушылармен психологиялық сабақ    2. «Мамандықтар әлемінде» тренинг 9-10 сын.


«Тәуекел топқа» алынған оқушылармен сұхбат жүргізу, ата-аналарын хабардар ету, арнайы маманға жолдау;



Ата-ана мен ұжым арасындағы жағымсыз көзқарастың алдын алуға байланысты ағартушылық жұмыс жүргізу;


1. Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты лекция өткізу;

2. 11 сынып оқушыларының ҰБТ психологиялық дайындығы бойынша қорытындылау;



Кеңес беру

1.Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына кеңес;

2. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңес беру;

3.11 сынып оқушыларының ҰБТ психологиялық дайындығы бойынша ата-аналарға кеңес беру;

1.      «Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер»

2.      «Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер»

3.      «Таңдалған шешімге жеті қадам»

4.      «Мамандық таңдау бойынша

ата-аналарға арналған жаднама».

Түзету-дамыту жұмыстары

1. «Тәуекел топ» балаларымен коррекциялық жұмыс;

2.Мектеп бітіруші түлектерді     түзету-дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізу «Ашу-ызамен не істеу керек?» тренинг  9-11 сынып;

3.Жеке және сұраныс бойынша жұмыс;

4.11 сынып оқушыларымен стрессті жеңуге байланысты бағдарлама негізінде тренингтер өткізу;

5.Психологиялық қызмет орталығының жылдық есебін дайындау, ұсыныстар беру;

6.Келесі оқу жылын жоспарлауға әзірлік;