"Адал ұрпақ" еріктілер мектеп клубының жұмыс жоспары
Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Тұжырымдамалық тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Тәрбие жұмыстың мақсаты және міндеттері
2. Осы Бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі, жауапты бастамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптастыру үшін жағдай жасау.
3. Көрсетілген мақсатты іске асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
1) рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) оқушылардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру;
3) оқушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқының адамгершілік-этикалық құндылық негіздерін қалыптастыру.
4. Кешенді іс-шаралар өткізу үшін келесі тәрбиелеу түрлері қолданылады:
1) адамгершілік тәрбиелеу моральдық-этикалық қағидаларын қалыптастыруға, әр оқушының сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбиелеу азамат және мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың мәні туралы түсінік алуға, құқықтар мен міндеттер туралы білім алуға, құқықтық нормаларды сақтау қажеттілігіне көз жеткізуге, сыбайлас-жемқорлық қоғамдық қауіпін түсінуге бағытталған;
3) эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер, әдебиет туындыларының көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған.
3. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.
6. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.
7. Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.
8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылады.
9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:
1) жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;
2) сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие жұмыс жоспары;
3) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары
болып табылады.
10. Осы бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген жоспарлар Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес қалыптастырылады (қоса тіркелген).
11. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың, күнтізбелік іс-шаралар өткізудің, қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары көрсетілген.
12. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар, қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары
13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.
17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар байқаулары мен іс-шараларын ұйымдастыруға қатысады.
Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
«Бекітемін»
Мектеп директоры
_________ С.Розахунов
«___» _________ 2022ж
«Долайты орта мектебі» отдела образования Шуского районанің
2022-2023 оқу жылына арналған «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жылдық жоспары
Іс –шараның атауы
| мақсаты | сынып | мерзімі | жауаптылар | |
1 | «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерін сайлау | Мектеп басшысын,сынып жетекшілердің, мектеп қызметкерлерінің, пән мұғалімдерінің, оқушылардың көмегімен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерін сайлау | 5-10 | Қыркүйек | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Джамиев Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
2 | Сынып жетекшілер мен ұйым мүшелеріне іс-шара жоспарымен таныстыру | «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жоспарында нақты өткізілетін іс-шаралардың тақырыптары мен оларды өткізуге жауаптылар, іс-шараларға қатысатындар мен оларды өткізу мерзімдерін көрсету | 1-10 | Қыркүйек | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Джамиев Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
3 | «Парасатты азамат» бұрышын ұйымдастыру
| Бұрыштың басты мақсаты – азаматтық, патриоттық тәрбие беру, кез-келген адамның құқығын, бостандығын және міндетін құрметтеу, адамгершілік қасиет пен этикалық сананы қалыптастыру, жемқорлықты қабылдамау шығармашылық қарым-қатынасты қалыптастыру | 1-10 | Жыл бойы | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Хелилова Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
4
| «Адалдық-адамдық белгісі» «Адалдық-ардың ісі» «Адамгершілік асыл қасиет» «Адамгершілік шуағы сөнбесін» | Ар – ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділдік сияқты адамгершілік және құқықтық мәдениетке баулу. | 1-4 | Жыл бойы | Сынып жетекшілері |
«Адал ұрпақ –мәңгілік елдің кепілі» «Адал ұрпақ-ел тірегі» «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» «Жемқорлық індет, жою міндет» | Патриоттық, өз Отаны үшін мәдениетін, еңбек сүйгіштік тәрбие, өмірге, еңбекке, білімге деген мақтаныш, қоғамдық тәртіпті сыйлау, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік, құқықтық негізді білу және құрметтеу қасиеттерін дамыту. Сыбайлас жемқорлыққа тәрбиелеу үшін олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру. | 5-8 | Жыл бойы | Сынып жетекшілері | |
«Сыбайлас жемқорлық және қоғам» «Елімнің болашағы менің қолымда» тақырыбындағы сынып сағаттар | Жоғары сыныптың оқушыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу үшін олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаным қалыптастыру. | 9-10 | Жыл бойы | Сынып жетекшілері | |
5 | Ата-аналар жиналыстарын өткізу | Жиналыс барысында отбасының құқықтық тәрбие беру берудегі рөлі туралы айту. Отбасында тәртіп бұзушылықтың, жемқорлықтың алдын алуға баулуды қалыптастыру. Родителям балаларының бойында заңды сыйлау, тәртіпті бұзбау сияқты жақсы қабілеттерді сіңіру жолдары бойынша кеңестер беру. | 1-10 | үнемі | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Джамиев Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова
|
6 | «Қоғамдық тәртіп негізі» дөңгелек үстел | «Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекеттік қызметкерлерге деген сенімін жоятындығын тілге тиек етеді. Бұны болдырмау үшін әркім не істей алады?» Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет қандай болады деген тақырып көтереді | 9-10 | қыркүйек | Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Джамиев Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
7 | «Қазақстан – құқықтық мемлекет» апталық | «Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің жұмысы туралы мәлімет жасау (кездесу өткізу) | 5-8 | қазан | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
8 | Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» сурет байқау | жалпыазаматтық құндылыктарды насихаттау. Заң алдында барлығының тең екендігін үйрету, еңбексүйігіштікке, адалдыққа тәрбиелеу. | 9-11 | қараша | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
10 | «Біздің таңдаумыз – заңды мемлекет» дөңгелек үстел | «Біздің таңдаумыз – заңды мемлекет» атты дөңгелек үстел барысында құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық принциптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшіліктері туралы білгізу. | 1-4 | желтоқсан | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова
|
11 | «Біз парақорлыққа қарсымыз» флешмоб ұйымдастыру | Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру7 | 7-10 | қаңтар | Педагог ұйымдастырушы |
12 | «Жемқорлықпен қалай күресеміз» пікір – сайыс. | Ар-ожданды,жауапкершілікті, мейірімділікті, адалдықты, әділдікті насихаттайтын қойылым қою арқылы балалардың бойында жақсы қасиеттер қалыптастыру. | 9-11 | ақпан | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова Сынып жетекшілер |
13 | «Мемлекеттік қызмет – елдің мүддесіне адал еңбек» шығарма байқауы | Өскелең ұрпаққа мемлекеттік қызметті түсіндіру оның мақсаты әр азаматқа қалтқысыз қызмет ету екендігін түсіндіру. | 5-8 | наурыз | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова Сынып жетекшілері |
14 | «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер көрсетілімі | Қоғамға ашық және есеп беретін мемлекет қалыптастыруға бағытталған міндеттерді шешу барысындағы Қазақстанның жетістіктерін паш ету, құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің базалық принциптері туралы және біздің елімізде құқықтық мемлекет қалыптастырудың ерекшіліктерін білгізу. | 9-10 | сәуір | Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова |
Педагог ұйымдастырушы Н.Хелилова