педагог-психологтың жылдық жоспары
Долайты орта мектебінің 2021-2022 оқу жылында
психологиялық қызметінде жүргізілетін жұмысының мақсаттары мен міндеттері
Психологиялық қызметтiң мақсаты:
Орта бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтiк-психологиялық жағдай жасау және бiлiм беру үдерiсiне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Психологиялық қызметтiң мiндеттерi:
- тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негiзiнде әрбiр бiлiм алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
- психологиялық диагностиканы жүргiзу және бiлiм алушылардың шығармашылық әлеуетiн дамыту;
- психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
- психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерiн таңдауда ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;
- бiлiм беру үдерiсi субъектiлерiнiң психологиялық-педагогикалық құзыреттiлiгiн көтеру.
Бағыты | Тамыз | Қыркүйек | Қазан |
Диагностика | 1. Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындау және психологтың жылдық жоспарын жасау, іс құжаттарды реттеу 2. Мектеп бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың жеке құжаттарымен танысу, жинактау; 3. «Жол картасы» жобасы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтердің алдын алуға жоспар әзірлеу. 4.Педагогикалық кеңесте консилиум құрамын бекіту; | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. Социометрия әдістемесі /5-10 сыныптар/ 2. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек көрсету бойынша іс-шаралар өткізу; 3. Жасөспірімдердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету интернет-тәуелділік қалыптасуының алдын алу бойынша шаралар ұйымдастыру; | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1.«Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу» бағдарламаға қатысатын оқушылардан сауалнама алу (Филлипс, Айзенк психикалық күйді анықтау, МЦВ -8 әдістемесі, /5-11 сыныптар/ 2. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек бағдарламасы бойынша іс-шара ұйымдастыру; 3.«Біз зорлық–зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында іс-шаралар ұйымдастыру; 4. «Үй-Ағаш-Адам» проективті тесті 5-8 сыныптар |
Профилак- тика | Сынып жетекшілермен жыл бойы жүргізілетін жұмыстарды талқылау, түсіндірме жұмыстарын жүргізу; | 1. 10-11 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек 2. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу» бағдарламасы бойынша ата-аналарды оқыту (ата-аналардан рұқсат қолхат алу) 8-10 сынып ата-аналары 3. «Интернет балалар үшін несімен қауіпті?» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен пікірталас өткізу; 4. Республикалық ата-аналар конференциясы «ХХІ ғасырдағы қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол»мектеп оқушыларының ата-аналарына психология –педагогикалық көмек (5-6-7сынып оқушыларының ата-аналарына) | 1. 8-9 сынып оқушыларының ата-аналарына психология-педагогикалық көмек ; 2. «Кәсіп дегеніміз не?», «Менің мүмкіндігім немесе кәсіп мені қалай таңдайды?» тақырыптарында дөңгелек үстел, пікірталас жүргізу; 4.«Біз зорлық–зомбылыққа қарсымыз» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен психологиялық тренинг өткізу; |
Кеңес беру | 1.Жас мамандарға бейімделуге байланысты кеңес беру; 2.Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңес беру; 3.Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына және сынып жетекшілеріне мектеп өміріне психологиялық бейімделу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша кеңес беру; 4. Бесінші сынып оқушыларының ата-аналарына және сынып жетекшілеріне орта буынға психологиялық бейімделу деңгейін анықтау қорытындысы бойынша кеңес беру; 5. Сауалнама нәтижесі бойынша сұхбат жүргізу, ата-анасын хабардар ету, арнайы маманға жолдау; | ||
Түзету-дамыту | 1. «Тәуекел топ» балаларымен коррекциялық жұмыс; 2. Бесінші сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу; «Жүрек», «Мейірімділік», «Тыныштық», «Біз біргеміз», «Таныстық» тақырыптарында тренингтер өткізу; 3. 5-9сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу. «Орындықтар» , «Күрделі шаршы» тапсырмалары 4. 10-11 сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу; 5. Қабілеті жоғары оқушылармен (олимпиада қатысушыларымен) «Сенімділік» тренингін өткізу; |
Бағыты | Қараша | Желтоқсан | Қаңтар |
Диагностика | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. Темперамент типін анықтау /5-11 сынып/; 2. Отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына қажетті іс-шаралар ұйымдастыру; 3. Орта буынға бейімделуін анықтау: «Менің сыныбым» әдістемесі /5 сыныптар; 4.Өзін-өзі бағалау деңгейін зерттеу /5-10 сынып/; 5. Дарынды балаларды анықтау үшін эксперименттік бағалау әдістемесі (А.А.Лосева) | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. «Жасөспірімдер ортасындағы девианттық мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын-алу» бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; 2. «Жасөспірімдер арасында АҚТҚ, ЖҚТБ алдын алу» бағыты бойынша іс-шаралар ұйымдастыру; 3. «Ғаламторға жəне компьютерлік ойындарға тəуелділікті анықтау» тест-сұрақшасы 4. «Үй-Ағаш-Адам» проективті тесті | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. «Жасөспірімдер ортасына деструктивті діни ағымдар енгізудің алдын алу шаралары» бойынша 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен түсіндірме жұмыстар жүргізу 2.«Ерте жүктіліктің алдын алу» бағыты бойынша іс-шаралар ұйымдастыру 3. 9-11сынып оқушыларынан «Невротизация деңгейін анықтау» Л. Вассерман |
Профилактика | 1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу» бағдарламасы бойынша оқушылармен дәрістер өткізу /8-10 сынып/; 2. «Тату отбасы, бақытты балалар-Мемлекетіміздің гүлденуінің сенімді іргетасы» тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен бірлескен дөңгелек үстел 3.Жас мамандарға «Ұжымдағы жағымды моральдық-психологиялық климат – нәтижелі қарым-қатынас негізі» тақырыбында тренинг өткізу | 1. «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицид алдын алу» бағдарлама негізінде 8-10 сынып оқушыларына қайталау дәріс сабақтарын ұйымдастыру; 3. «Өз балаңды жаман ортадан қалай қорғауға болады?» тақырыбында ата-аналарға психологиялық тренинг өткізу(5-11 сыныптар); | 1.«Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы» тақырыбында семинар-тренинг /жас мұғалімдер/ 2. «Ананың ізін қыз басар, атаның ізін ұл басар», «Қызым қызғалдағым – ұлым ізгі арманым» тақырыптарында 7-11 сынып оқушыларының ата-аналарымен пікірталас өткізу. |
Кеңес беру | 1.Сынып жетекшілерге зерттеу нәтижелері бойынша кеңес беру; 2.Тест нәтижелерінің қорытындысы бойынша, сұраныс арқылы жеке және топтық кеңес беру; 3.Бесінші сынып дегеніміз не?«Орта мектептегі жаңа оқушы»,«Біздің мұғалімдеріміз» «Біз және біздің сынып» тақырыптарында тренингтер өткізу; 4. Школьникам кәсіп таңдау мәселесі бойынша кеңестер беру; | ||
Түзету-дамыту | 1. «Тәуекел топпен» коррекциялық жұмыс 2.Сұраныс бойынша түзету-дамыту жұмыстары; 2-3сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу; 2. 5-6 сынып оқушыларымен түзету-дамыту сабақтарын өткізу; 6. Денсаулығына байланысты мүмкіндігі шектеулі оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары; 7. Школьникам, ата-аналарға және мектеп педагогтарына түрлі тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізу /дөңгелек үстел, пікір-сайыстар, рефлексия; 8. Дамыту сабағы. «Біз жəне біздің сынып» 5сынып оқушылары. |
Бағыты | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр |
Диагностика | 1. «Мұғалім – мектептің жүрегі» 2. Оқушылармен «Менің кәсіптік - мендігім» тақырыбында психологиялық семинар – тренинг өткізу 3. 9-11 сынып Д. Голланд әдісі: «Тұлғаның типтерін анықтау», мамандық таңдауға арналған зерттеулер жүргізу. 4. 9-11сынып оқушыларынан «Стресс саған қалай əсер етеді?» (Э.Ховард) | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. 5-11 сынып оқушыларынан «Тәуекел топты» анықтау үшін кешенді тестілеуді өткізу: МЦВ -8, Зунг депрессия шкаласы, Айзенк психикалық күйді анықтау; 2. Балаларда өзіне сенімділік жəне сенім сезімін қалыптастыруға бағытталған жаттығулар Жоғары сынып оқушыларына арналған тренинг сабақтар: 1. «ЕНТ дегеніміз не жəне оның мен үшін маңыздылығы қандай?»; 2. «Емтихан кезінде стресстен қалай арыламыз?»; 3. «Жүйке жүйесіне түсетін күштен психологиялық арылу əдісі»; | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1.Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау жөніндегі ойларын анықтау /9-11 сынып;/ | Психологиялық сүйемелдеу мақсатында: 1. Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты іс-шаралар ұйымдастыру; 2. Дөңгелек үстел «Менің болашақ мамандығым» 9-11сынып оқушыларына |
Профилактика | 1. Қорытынды тестке қатысатын оқушылармен психологиялық сабақ 2. «Мамандықтар әлемінде» тренинг 9-10 сын. | «Тәуекел топқа» алынған оқушылармен сұхбат жүргізу, ата-аналарын хабардар ету, арнайы маманға жолдау; | Ата-ана мен ұжым арасындағы жағымсыз көзқарастың алдын алуға байланысты ағартушылық жұмыс жүргізу; | 1. Мектеп бітіруші түлектердің емтихан кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алуға байланысты лекция өткізу; 2. 11 сынып оқушыларының ЕНТ психологиялық дайындығы бойынша қорытындылау; |
Кеңес беру | 1.Мектеп бітіруші түлектердің ата-аналарына кеңес; 2. Сұраныс бойынша жеке және топтық кеңес беру; 3.11 сынып оқушыларының ЕНТ психологиялық дайындығы бойынша ата-аналарға кеңес беру; 1. «Мамандық таңдаудағы негізгі мотивтер» 2. «Мамандық таңдаудағы ең кең таралған қателіктер» 3. «Таңдалған шешімге жеті қадам» 4. «Мамандық таңдау бойынша ата-аналарға арналған жаднама». | |||
Түзету-дамыту жұмыстары | 1. «Тәуекел топ» балаларымен коррекциялық жұмыс; 2.Мектеп бітіруші түлектерді түзету-дамыту бағдарламасымен жұмыс жүргізу «Ашу-ызамен не істеу керек?» тренинг 9-11 сынып; 3.Жеке және сұраныс бойынша жұмыс; 4.11 сынып оқушыларымен стрессті жеңуге байланысты бағдарлама негізінде тренингтер өткізу; 5.Психологиялық қызмет орталығының жылдық есебін дайындау, ұсыныстар беру; 6.Келесі оқу жылын жоспарлауға әзірлік; |