№3 Әдістемелік кеңес » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2023

№3 Әдістемелік кеңес

Тақырыбы

«Сабақта саралау тапсырмаларын қолдану»

Өту күні

04. 01. 2023ж

Коуч

Н. Хусайдинова

Жалпы мақсаты

Мұғалімдердің саралап оқытудағы тапсырмаларды құру дағдыларын жетілдіруіне ықпал ету.

Түйінді идея

Саралаудың мәні-оқушыларды  бөлу емес, оларды біріктіруде дер кезінде дифференциалды көмек көрсету.

Күтілетін нәтиже

  • Мұғалімдер оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін ескере отырып өз пәні бойынша сараланған тапсырмалар құрастыра алады.
  • Өз тәжірибелеріне өзгерістер енгізе алады;

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Компьютер, интерактивті тақта,  «Звездочка на земле» филімінен үзінді, маркерлер, үлестірмелі парақшалар, А3 парағы.

Коучинг барысы

Кезеңдері

Уақыты

Тапсырма мазмұны

Ресурстар

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

4 мин

«Суретші» ойыны.

   Қатысушылар шеңбермен тұрады. А3 парағын алдында тұрған адамның арқасына қойып өзі қалаған суретін салады. Болған соң қайта шеңбер ортасына қарап тұрып, бір-бірінің суретін көруге мүмкіндік алады. Суреттің мазмұнына сәйкес 4 топқа бөлінеді. 

Отырғаннан кейін қолындағы суретке көршісіне арнап, тілек жазып, сыйлайды. 

 А4 парағы, қаламсаптар 


Ой шақыру

6 мин

Видео  «Жердегі жұлдыз»

Топпен талқылау: 

  • Көрген бейнежазба арқылы қандай ой түйдіңіздер? Қандай проблемалар туындады?
  • Неге ?
  • Коучингтің мақсаты мен міндетін анықтау.

https://www.youtube.com/watch?v=C_SaeOTbUoA 

Негізгі бөлім


10+5 мин

   Жұптық - топтық жұмыс:  

1.Мен кімді оқытып жатырмын?  /саны, деңгей/

2.Мен нені үйретіп жатырмын? /тақырып, сабақтан күтілетін білім,     дағды/

3.Мен қалай білім беремін? /білім беру әдісі,  уақыты, орны/

4.Оқушылардың сабақты түсінгенін қалай анықтаймын?

/ формальды, формалды емес, оқушының кері байланысы, сұрақ-жауап/ 

Әр топ өз түсініктерін ұсынады.

 Қатысушылармен бірге жұмысты бағалау критерийін құрамыз.                                                        1-топ Саралау дегеніміз не?Саралаудың түрлері. Дифференциация сөзі латын тілінен (difference) шыққан және «айырмашылық», «бөлу» деген мағынаны білдіреді. Осы тұрғыдан «дифференциация» - бұл оқулары әр түрлі жүзеге асатын жекеленген оқушылар тобын бөліп алу. Шындығына келгенде  дифференциация түсінігі анағұрлым терең, әрі кең.                     Саралау («Дифференциация» латынша айырмашылық) – білім беру мазмұнын табысты игеруге, оқушының қабілетін және икемін дамытуға барынша қолайлы білім беру ортасын құру

Ішкі саралау  кезінде оқушылар топқа бөлінбейді, оқу үрдісінде мұғалімдер оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық қолдау көрсетеді.

Сыртқы саралау кезінде гимназия, лицей кластарында білім алушы оқушылар үшін факультатив  және бейіндік пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылар белгілі бір критерийлерге сай бөлінеді. Сыртқы саралау барысында белгілі бір мақсатқа сай түзету, жетілдіру, педагогикалық қолдау көрсету шаралары, оның ішінде дарынды балалармен жұмыс, қосымша шығармашылық тапсырмалар арқылы дамыту, мамандықты игеру немесе жоғары оқу орындарына дайындық жұмыстары жүзеге асырылады.



2-топ «Деңгейлік тапсырмалардың принциптері, талаптары мен ерекшеліктері» Оқу үрдісінде оқушыларды дифференциациялау сипаты шартты болып табылады. Ол әрбір оқушыға жекелей тәсілмен қарауға мүмкіндік беретін икемді және өзгермелі болуы тиіс. Дифференциация балаларды қабілеттері немесе басқа қасиеттері бойынша іріктеуге бағытталмағанОның негізгі міндеті оқушылардың қабілеттерін және бейімділігін дамытуға, білім мазмұнынын табысты игеру мақсатында білім беру үдерісінде барынша қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.                                Оқытуды саралау дегеніміз – оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес әртүрлі сыныптар, топтар, мектептер үшін әртүрлі оқу ортасын құру және әртүрлі топтарда оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық-педагогикалық және ұйымдастырушылық шаралардың кешені. Ал саралап оқыту дегеніміз: оқыту мен оқуға қатысты анықталған ортақ қасиетті ескере отырып дайындалған, оқушылар тобына мұғалімнің оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Саралап оқыту- әрбір оқушының мақсатқа жетуіне оң ықпал етудің тиімді жолы.

Саралап оқыту дегеніміз - бір материалды барлық оқушыларға әртүрлі оқыту тәсілдерін қолданып оқыту дегенді білдіреді және мұғаліммен әрбір оқушының қабілетіне қарай тапсырмаларды қиындық деңгейі бойынша жіктей отырып, сабақты ұйымдастыруды талап етеді.




3-топ «Саралау тәсілдері»

1.Мақсат бойынша саралау сабақты жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар (дарынды) үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталады.

2. Ресурс немесе мәтін бойынша саралау

 Саралаудың бұл түрі ілгері деңгейдегі, мазмұны терең ресурстармен жұмыс жүргізуге бейім балаларға арналады. Оқушылар бәріне ортақ бір сұраққа жауап бергенімен, күрделілік деңгейі әртүрлі ресурстарға сүйене отырып, өз жауаптарын негіздей алады.

 Тарих және география пәндері бойынша негізгі ақпараты бірдей түрлі деңгейдегі мәтіндер әзірлеуге болады. Оқушының жұмыс жасау деңгейіне байланысты мұғалімдер ұсынылатын ресурстарды біртекті етпей, оқушыларға түрлі ақпаратты қол жетімді ету шараларын ойластыруымыз қажет.

3. Тапсырма бойынша саралау (деңгейлік тапсырмалар)

 Саралаудың бұл түрі негізгі мазмұнды қамтитын түрлі тапсырмалар ойластыруды көздейді. Оқушыларға түрлі таратпа материалдарын, кеспе қағаздар мен жаттығулар ұсынуға болады. Кейбір мұғалімдер әр түрлі балаларға ұсынылатын деңгейлік тапсырмалардың әлеуметтік салдары туралы айтады. Мүмкін, олардың пікірі де дұрыс болар, бірақ өз деңгейі үшін күрделі болып шамасы жетпей немесе тапсырма өте жеңіл болғандықтан қызығушылықтың жойылуымен салыстырсақ, әлеуметтік салдардың рөлі төмен деуге болады.

Аталған саралауды әр баланың қабілеті бойынша рөлдер мен жауапкершілікті бөлу арқылы жүргізілетін топтық жұмыс (мүмкіндіктеріне сай жобаның бөліктерін орындау т.б.) барысында қолданған дұрыс болар.

Тапсырмалар бойынша саралау барысында таратпа материалды қолдану деңгейі біртіндеп күрделенеді. Бастапқы тапсырмалар кейінгі тапсырмаларға қарағанда жеңіл болғанымен, кейбір оқушылар үшін қиындық туғызуы мүмкін. Кейінгі тапсырмалар күрделірек болғанымен, бастапқы деңгейді нәтижелі орындаған қабілетті оқушылар үшін қиындық туғызбауы да мүмкін. Мұғалімдер саралаудың осы түрін қолдану тиімді деп санайды, себебі баршаға бірдей тапсырмалар мен таратпа материалдар дайындалады. Дегенмен, қабілеті жоғары оқушылар бастапқы, яғни өздері үшін тым жеңіл тапсырмаларды орындау барысында уақыт жоғалтады.

4. Диалог негізінде саралау

 Кез-келген білім алушы үшін маңызды ресурс - қағаз емес, электронды құрал емес, адами ресурс. Диалог негізінде саралау барысында мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбатқа мән беріледі. Диалог арқылы саралаудың түрлі аспектілері бар.

 Сөздік қор және қолданылатын тілдің мүмкіндіктері мен күрделілігі әр оқушының қабылдау деңгейіне сай бейімделеді. Қабілеті төмен оқушы ақпаратты қарапайым тілмен түсіндіруді қажет етеді, деңгейі жоғары оқушы мазмұны күрделі диалогты талап етеді. Барлық оқушыға диалог аясында сындарлы кері байланыс берілуі қажет.

Класты басқарушы тәжірибелі мұғалім әр оқушының даму траекториясын қалыптастыру үшін олардың қабілеті мен сұранысына сай тиімді кері байланыс ұсына білуі тиіс.

5. Оқушыға жеке қолдау көрсету арқылы саралау

  Саралаудың бұл түрі жоғарыда аталған диалог арқылы саралаумен байланысты, себебі кейбір оқушылар белгіленген мақсатқа қол жеткізуі үшін  арнайы көмекті қажетсінеді. Көмек ауқымы мен деңгейі де оқушы қажеттілігіне сай сараланған болуы тиіс.  

 Бұл қолдау мұғалім немесе басқа да үлкендер тарапынан көрсетілуі мүмкін. Оқушы қолдауды басқа оқушыдан, компьютерден немесе ақпараттық   технологиялар арқылы алуы мүмкін. Қабілетті оқушыға жеке оқыту бағдарламасы бойынша қолдау көрсетуге болады. Қабілетіне, деңгейіне қарамастан әр оқушы қолдауға лайықты, сабақ жоспарын мұқият ойластырған мұғалім ғана педагогикалық қолдауды сараланған нұсқада ұсына алады.

6. Қарым-қатынас формалары бойынша саралау  (топтық жұмыс)

   Ынтымақтастық (коллаборативті) оқыту – саралаудың тиімді тәсілі болып табылады. Шағын топтарда қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.


Ал, саралау тәсілі болып табылмайтын жағдайларға қандай мысал келтірер едіңіз?

Жинақтау:

 Төмендегі ұсынылған жағдаяттар саралаудың қай түріне жатады деп ойлайсыз?

1. 8-класқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін Айгүл     апай Т.Айбергеновтың «Ару ана – бауыр дүние» шығармасы бойынша сабақта кейбір оқушыларға оқулықтағы мәтін бойынша тапсырма берді, ал кластың бір бөлігіне Қ.Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасы мен Т.Айбергеновтың «Ару ана – бауыр дүние» шығармасы арасындағы ұқсастықты табуды сұраса, жекеленген оқушыларға тақырып бойынша үндес шығарманы өз бетінше тауып талдау жасауды ұсынады. Бұл жағдайда мұғалім саралаудың қай түрін қолданды деп ойлайсыз?

2. Химия пәнінен сабақ беретін  Ғанимат  ағай қабілетті оқушыдан Арманнан реттік саны жиырмасыншы элементтің атом құрылысын сипаттауын, ал химия пәні бойынша қабілеті орта оқушы Мараттан кальцийдің атом құрылысында қанша протон, қанша нейтрон, қанша электрон бар екендігін айтуды сұрады. Бұл жағдайда мұғалім саралаудың қандай түрін қолданды?

Ескерту: Әр топ өз жұмыстарын қорғағаннан кейін кері байланыс алады. 

Тапсырма парақтары.

Слайд





15 мин

Жеке жұмыс 

«Ертеңгі сабағыма оқу мақсатын саралаймын...»

Тапсырма парағы

Сараптау


Кері байланыс

  • Нені дұрыс жасады? 
  • Нені үйрендім?
  • Сабағымды қалай жоспарлаймын?
  • Оқушыыларыма қандай тапсырма беремін?

Фломастер 

Рефлек-сия




Қорытын-ды

5 мин

«Аспазшы» әдісі.

.................тойдым

...........әлі де тоймадым

Оны............. жасаса деймін.


«Бәрі де өз қолымызда»