№4 Әдістемелік кеңес хаттамасы » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №4 Әдістемелік кеңес хаттамасы
04
март
2023

№4 Әдістемелік кеңес хаттамасы



Тыңдалды: Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н. Хусайдинова Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 382 бұйрығы негізінде педагогтар стандарт, оқу бағдарламасы, ұзақ мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспардың оқу бағдарламасына сәйкес оқыту  мақсаттары бірдей болу керектігін естертілді. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттарына сәйкес, сабақ мақсаты жазылсын. Сабақ мақсатына негізделіп тапсырмалар орындалсын. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсат кодтарға назар аударып, сабақта тапсырмалар орындалсын. Тапсырмаларға нақты дискрипторлар құрылу керектігі ескертілді. Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, сабақтың соңында 10 баллдық бағалау жүргізілуін, және сол бағаның күнделік кз-ке уақытылы қоюлуын ескертті. Сабақта тек оқулық пен шектелмей сабақ мақсатына сәйкес тапсырмалардың орындалуын назарға алу керектігі айтылып өтілді. Жаратылыстану, тарих, география сабақтарында карталар сабақ тақырыбына сәйкес қолдануы ескертілді. Дене шынықтыру сабағында білім алушылар өздері-өздері, бір-бірлерін бағаламай мұғалім өзі қалыптастырушы бағалау қою керектігін ескертті. 

Сөйледі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Х. Накисбекова сөз алып, сабақта тақырыпта емес, оқу мақсатына жету керектігін қайта мұғалімдерге ескертті. Блум таксаномиясы негізінде тараударды меңгеру керектігін қайта естеріне салды.

Шешім:

1.    Барлық педагогтар қысқа мерзімді жоспарларын жоспарларын А4 параққа шығарсын. Дайын ҚМЖ-ды шығармай әр педагог өздері жазсын. 

2.    Шешімдің орындалуын бақылау директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Н: Хусайдиноваға жүктелсін.


Төрағасы:                               Р. Розахунов

Хатшы:                                    Д. Мичитова