Бірлестік отырыс-Анықтамалары
Қатысу керек: 6 педагог
Қатысты: 6 педагог
Күн тәртібінде: ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздерін оқытуды ұйымдастыру туралы» нұсқау хатына сәйкес 2023-2024 оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарларды жасау, пән бірлестіктерінде талқылау, бекіту.
Мақсаты: Білім беру саласындағы заңнаманы сақтау
Бақылау обьектісі: Бірлестік отырысы
Бақылаудың түрі: Сыныптық-жалпылаушы
Бақылаудың әдісі: Құжаттарды зерттеу
Тыңдалды: « Эколог» бірлестігінің жетекшісі Азнабакиева. А педагогтарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2024 оқу жылына арналған «Жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздерін оқытуды ұйымдастыру туралы» нұсқау хаты мен таныстырды.
бастауыш білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (1-4-сыныптар);
негізгі орта білім беру деңгейінде «Жаратылыстану» (5-6-сыныптар), «Физика», «Химия», «Биология», «География» (7-9-сыныптар);
жалпы орта білім беру деңгейінде екі бағыт бойынша «Физика», «Химия», «Биология», «География» (10-11-сыныптар) пәндері оқытылады.
Жоғарыда аталған пәндер бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығының (өзгерістер мен толықтырулар ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.09.2022 ж. № 412; 12.08.2023 ж. №365 бұйрықтарымен енгізілген) 1–3, 11–15-қосымшаларында (14-сыныптар), 6–8, 16–20-қосымшаларында (5-9-сыныптар), 21–30, 85–90қосымшаларында (10-11-сыныптар) көрсетілген. Осы бағдарламаға сәйкес ҚМЖ бекітілсін.Сөйледі: Химия пәні мұғалімі Розахунова Аида. Жоғарыда айтылған нұсқауларды басшылыққа алып , жұмыс жүргіземіз.2023-2024 оқу жылында№ 130 буйрықты басшылыққа ала отырып , БЖБ және ТЖБ жұмыстарын жүйелі түрде жоспарлап ұйымдастырылуымызды айтып өтті.Розахунов С, Аширова С, Азнабакиева А, Азнабакиев Р, Розахунова А, Л . Ашировалардың күнтізбелік -тақырыптық жоспарлары оқу бағдарламасына сәйкес тексеріліп бекітілді. Осы жылының оқу аптасы 34 аптаны құрайды.
« Эколог» пән бірлестігінің жетекшісі: А. Азнабакиева