Бірлестік отырыс анықтамасы » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлестік отырыс анықтамасы
04
сентябрь
2023

Бірлестік отырыс анықтамасы

 

Қатысу керек: 3- педагог

Қатысты: 3- педагог 

Күн тәртібінде: ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздерін оқытуды ұйымдастыру туралы» нұсқау хатына сәйкес 2023-2024  оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарларды жасау, пән бірлестіктерінде талқылау, бекіту.

Мақсаты: Білім беру саласындағы заңнаманы сақтау

Бақылау обьектісі: Бірлестік отырысы

Бақылаудың түрі: Сыныптық-жалпылаушы

Бақылаудың әдісі: Құжаттарды зерттеу

Тыңдалды:  «Заңгер»  пән  бірлестігінің жетекшісі   З.Джамбакиева педагогтарға ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2023-2024  оқу жылына арналған «Жалпы білім беретін мектептерде ғылым негіздерін оқытуды ұйымдастыру туралы» нұсқау хаты мен таныстырды.

«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы»  ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығы 21.11.2022 ж. № 467, 05.07.2023 ж. № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен  

httpsнегізгі орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» (5-9-сыныптар), «Құқық негіздері» (9-сынып); − жалпы орта білім беру деңгейінде ««Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Құқық негіздері» (10-11 сыныптар) пәндері оқытылады. Аталған оқу пәндері бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы (ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 ,30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен бұйрықтың 1-3, 11-15 (1-4 сыныптар) қосымшаларында, 6-8, 16-20 (5-9 сыныптар) қосымшаларында, 21-30, 85-90 (1011 сыныптар) қосымшаларында берілген. 

Дж тарихы 5-9,  құқық 5-9, Қаз тарихы 10-11 399бұйрықпен КТП

Каз тарихы 5-9,  дж 10--11 Жмб,  құқық 10-11ҚГБ, 467бұйрықпен КТП

Тарихи концептілер негізінде оқыту тарихи оқиғалардың мағыналары мен маңыздылығын, процестер мен оқиғаларды «тез түсінуге» бағытталған, бұл өз кезегінде пәннің мағынасын терең түсінуге көмектеседі.   Тарихи концептілерге сүйене отырып, тарихи материалдарды талдау жүзеге асырылады. Нәтижесінде, білім алушылар тек қана пәндік материалды ғана емес, зерттеу рәсімін, дағдылар мен біліктермен байланысты комбинацияларды игереді (материалдарды жинау және реттеу әдістері, сұрақтарды құрастыру және дереккөздермен жұмыс жасауда проблеманы қоя білу білігі, сәйкестендіру әдістері мен дереккөздерді сыни бағалауы, зерттеу жоспарларын әзірлеу, материалдарды жинақтау және нәтижелерді тексеру). 7-9-сыныптарда картамен жұмысты нәтижелі деңгейде күшейту ұсынылады. Ол үшін тарихи дереккөздерді пайдалана отырып, тарихи картаның мазмұнын талдауға бағытталған тапсырмаларды қолдану қажет.

Тексеру барысында тарих пәні мұғалімі : Аширова Лена, Аширов Мухидин ж КТП  дұрыс жазылған. Бекітуге жіберілсін. 

Сөйледі:    Тарих пәні мұғалімі Аширов Мухидин    оқу жылындағы атаулы күндер Қожа Ахмет                   Яссауидің  930 жыл туғанына, СұлтанБейбарыстың 800 жылтуғанына, Төле бидің туғанына,    360 жыл, Бұқар жырау Қалқаманұлының       355 жыл туғанына, Махамбет Өтемісұлының 220 жыл туғанына, Шәкәрім                                        Құдайбердіұлының 165 жыл туғанына, Мәшһүр - Жүсіп                                        Көпеевтің 165 жыл туғанына, Спандияр Көбеевтің         145 жыл туғанына.

Жаңалықтар,     Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)-сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. Негізгі орта(5-8-сыныптар), жалпы    орта         (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.


«Заңгер» пән бірлестігінің жетекшісі:                      З. Джамбакиева