№3 Әдістемелік кеңес. Мәтінмен жұмыс мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістері » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №3 Әдістемелік кеңес. Мәтінмен жұмыс мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістері
04
январь
2023

№3 Әдістемелік кеңес. Мәтінмен жұмыс мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістері

Мәтінмен жұмыс мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдістері


     Қазіргідей үздіксіз өзгерістер мен жаңа технологиялар заманында біздің жастарымыз үшін түрлі ғылым саласын жәй ғана білуі жеткіліксіз. Жаһандану заманында білімді болумен біргесол біліміңді өмірде тиімді қолдану, кездесетін қиындықтарды анықтап, оларды шешудің жолдарын таба білуі маңызды.

Осыған байланысты елімізде оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі өзекті болып отыр. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануынаүйрету.

Оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамытуда мәтінмен жұмыстың маңызы зор. Мәтін – географияны оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады.

Оқу сауаттылығының 3 құрамдауышы (жағдай, мәтін, аспект) бойынша оқушыларды мәтіндермен жұмыстандырып, сол мәтіндердегі шынайы мысалдарды неғұрлым көбірек табуға жұмыстандыру арқылы мәтін типін зерттеуге қатыстыру, мәтінде берілетін қорытынды ойды беретін сұрақтар бойынша жұмыстар жүргізу тиімді. Мәтінмен жұмыс істеуде: мәтіннен ақпарат алып, оған тақырып таңдап, мәтіннің жалпы мағынасын беретін тезис құрап, графиканың негізгі бөліктері мен картаның, суреттің мақсатын түсіндіру, салыстыру және мәтіннің сипаты мен түрін анықтау керек. Мәтіннен ақпарат табу үшін оқушы мәтінді оқи отырып, оның негізгі бөліктерін айқындап,  ондағы айтайын деген негізгі ойды табады.  Сонымен бірге мәтіндегі түрлі ақпаратты салыстырып және қарама-қарсы қойып, тезистер арқылы қорытындылар жасайды

Негізгі мәтін – оқулықтың ядросы. Ол меңгерілуге тиісті курстың бағдарламалық материалының логикалық жағынан байланысқан, жүйелі түрде баяндалуы болып табылады. Мұғалім онымен екі бағыт бойынша жұмыс істейді:

Ø Кітаптың әртүрлі компоненттерін, басқа да оқу құралдарын пайдалана отырып, оқушыларға оқу материалын түсіндіреді.

Ø Материалды өз бетінше игеруді ұйымдастырады (материалды түсіндіруге, негізін бөліп алуға,қандай нәрсеге назар аударуға, керек болған жерде қиын немесе түсініксіз жерлерді түсіндіріп береді). Сондықтан, балаларды оқи білуге оқыту үшін үнемі уақыт бөлу керек.

Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері әр түрлі. Олар шартты түрде мынандай топтарға бөлінеді:




  Мәтінмен жұмыс істеу тәсілдері                                   


 ·           Көз жүгірту

·     Оқу

·     Таңдап оқу


·     Мәліметтерді табу

·     Анықтамаларды бөліп алу

·     Жоспар құру

  Цитата келтіру

 Мазмұнын айту

·     Конспектілеу

·     Анықтама құрастыру

·     Ұқсас және өзгеше жақтарын бөлу

·     Сызбалық конспектілеу

·     Тезарус құрастыру

·     Аннотация жасау

·     Түсіндірмелік оқу 

Оқу процесінің басты тәсілдерінің бірі – мәтінге талдау жасау, яғни оны логикалық бөліктерге бөліп, олардың арасындағы өзара байланысты анықтау, оның құрылымдық принціптеріне көз жеткізу. Әдетте, талдау жасауға мәтіннің қайта құрылуы – ілесе жүреді.

Алғаш білімді жүйелеп, ең бастысын анықтау және негізгі жағдайларды еске түсіру үшін балаларды мәтіндегі материалды баяндаудың жоспарын жасауға үйретудің маңызы зор. Қысқа уақыттың ішінде бұл біліктілікті игеру үшін мәтіннің ыңғайлы, шағын фрагменттерін таңдап алу керек. Алғашында жұмысты оқушылармен бірге отырып жүргізген дұрыс. Бұл негізгі операциялар бізге жақсы таныс: балалар мәтінді оқып, оны жеке бөліктерге бөледі, оларға тақырып таңдайды. Одан соң қалыптасқан жоспар бойынша өз сөздерімен  мазмұнын айтып, әр бөлімдерге қойылған сұрақтарға жауап береді.

Жоспар қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Төменде «Еңбек ресурстары және экономикалық белсенді халық» 2-ші параграфша бойынша қарапайым жоспардың мысалы келтірілген:



Жоспар: еңбек ресурстары және ЭБХ:

1.     Жұмыс жасының шекарасы

2.     Еңбек ресуртары, олардың құрамы.

3.     Еңбек ресурстары санының өзгерісі.

4.     Экономикалық белсенді халық.

5.     Жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздар.

6.     ЭБХ таралып орналасуы

7.     ЭБХ-ң мемлекеттік және жеке меншік секторға бөлінуі.

Күрделі жоспардың үлгісін «Ауылдық қоныстанудың географиялық ерекшеліктері» деген параграфшаның фрагменті бойынша береміз:

1.                     ҚР халқы.

2.                     Ауылдық қоныстанудың қалыптасу кезеңдері:

a)    XVII-XVIII ғ.ғ.;

b)    XIX-XX ғ. басы;

c)     Кеңестік кезең;

d)    Қазіргі кезең;

3.                 Ауылдарды халық саны бойынша топтау:

a)    Шағын

b)    Орташа

c)     Ірі

4.                 Ауылдарды атқаратын функциялары бойынша топтау:

a)    Әр түрлі функциялы;

b)    Аз функциялы

5.                 Ауыл халқының географиясы

6.                 Ауылдық қоныстануға табиғи жағдайлардың әсері.

Келесі бір жүйелі түрде жұмыс істеуді қажет ететін маңызы үлкен біліктілік  - конспектілеу және жоспар-конспект құрастыру (конспект –кез-келген мәтін мазмұнының қысқаша жазбасы) бұл біліктілікке жаттығу үшін «экономикалық-географиялық жағдайы: «плюстары» мен «минустары» деген параграфша қолайлы болып келеді. Оны мынандай түрде беруге болады:

Жоспар-конспект:ЭГЖ

1.     ЭГЖ – ол кәсіпорындардың, елді мекендердің, аймақтардың, елдің сыртқы экономикалық-географиялық нысандарға қатысты алғандағы жағдайы.    ЭГЖ қолайлы және қолайсыз

2.     ЭГЖ түрлері:

а) теңіз маңызы және ішкі континенталдық;

ә) орталық, түкпірлік және шеткі;

б) көліктік және нарықтық-географиялық, көршілік

   3. Қазақстанның ЭГЖ-ның ерекшеліктері:

«минустары» -әлемдік сауда жолдарынан, әлемдік экономикалық орталардан қашықтықта орналасқан; теңізге шығу мүмкіндігі жоқ;

«плюстері» - транзиттік жағдайы , Ресеймен, Қытаймен шекаралас болуы, Каспий теңізіне шығу жолы бар.  

Мәтінмен істелетін жұмыстардың бірі – анықтама құрастыру, яғни сипаттамалық мәліметтер жинақтау, оған мысал ретінде Қазақстандағы алюминий өндірісі туралы анықтаманы алуға болады.

Анықтама: Алюминий өндірісі

Қазақстанның алюминий өндірісі шикізат (боксит) қорыме 50 жылға қамтамасыз етілген. Оны өндіру екі ауданда – Арқалық пен Жоғары тобылда жүргізіледі. Павлодар алюминий зауытында бокситтен глинозем (алюминий оксиді) алынады. Бұл дүние жүзіндегі ірі зауыттардың бірі. Павлодарда алюминий шығаратын зауыт салынуда.

Оқулық мәтінмен байланысты басқа тәсілдердің ішінде зерттелетін нысанаға сипаттама беру, яғни оның ерекше жақтарының сипаттамасын құрастырудың әдістемелік маңызы бар. Сипаттама үшін кез келген бір экономикалық-географиялық нысанды, мысалы , Жезқазған КМК-н алуға болады.

Сипаттама: Жезқазған КМК

Жезқазған КМК –ның мынандай өзіндік ерекшеліктері бар:1)Бұл бір аса ірі салалық кәсіпорын (флагман); 2) бұл – өндірістің барлық сатылары бар комбинат (кен өндіруден прокат алуға дейін) және шикізатты кешенді түрде өңдейтін комбинат; 3) өнімдері – рафинадталған мыс,мыс прокаты (орамасы), сирек кездесетін және қымбат металдар, күкірт қышқылы; 4) негізгі шикізат базасы – Жезқазған  кен орны; 5) оның кені металға бай болғандықтан, басқа да кен орындары игерілуде.

Мәтін+ кесте. Мұндай үйлесім көбінесе мәтінді статистикалық кестенің мәліметтерімен нақтылау үшін қолданылады.

Мәтін+мәтіндік карта. Мұндай комбинация дұрыс географиялық түсінікті қалыптастыруға және географиялық номенклатурамен жұмыс істеу тәсілдерін қалыптастыруға арналған.

Мәтін+тапсырма+сурет. Бұл жағдайда негізгі мағыналық жүктеме мәтін мен суреттің үлесіне тиеді. Олардың көмегімен балалар өзіндегі білім мен біліктілікті пайдалана отырып жүзеге асыра алатындай облыстың (одан әрі экономикалық ауданның) ЭГЖ сипаттама құрастыру керек. Бұл жерде мұғалімнің бағыт беруші рөлі қажет, өйткені, механикалық тұрғыдағы орындалатын жұмыс емес, облыс үшін маңызды ЭГЖ элементтерін, оның логикалық орналасуын ойластыра отырып қарастыруға келеді.

Мәтін+сызба. Мәтін ме сызбаны біріктіріп талдаудың мысалы түсіндірмелік оқуды қарастырған кезде берілген.

Мәтін+тапсырма+қосымшалар. Қосымша материалдарының және мәтіннің біріктірілген сипаттамасы оқулықтағы ғылыми жағдайларды қорытындылау мен сандық түсініктердің қалыптасуына, цифрлық кестелермен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін жүргізіледі.

Мәтін+кесте+мәтіндік карта+тапсырма. Құрылымы бойынша ең күрделі тапсырма – нысанның нақты конспектілік – анықтамалық кестесі түріндегі сипаттамасын құрастыру. Бұл жағдайда әртүрлі 4 ақпарат көздерінен мәлімет алады. Тапсырмада істелетін жұмыстардың тізбесі берілген – металлургиялық базаны сипаттаудың жоспары, мәтінде оның даму деңгейіне, қалыптасу дәрежесіне, мәселелері мен болашағына баға берілген.  Кестенің мазмұнында базаның мамандануын, оның ел экономикасындағы рөлін анықтауға мүмкіндік беретін цифрлық мәліметтер бар. Балалар мәтіндік картадан қара және түсті металлургия орталықтары, олардың ірілігі, географиясы, орналасу факторлары туралы ақпарат ала алады.

Мәтін+тапсырма. Бұл екеуінің байланымы бір мезгілде бақылау жасау функцияларын атқара алады. Бұл жағдайда қызықты географияның тәсілі – сөжұмбақ шешуді қолдануға болады. Негізінде оқушылар тапсырманы мәтінсіз де орындай алады.

Мәтінмен жұмыс істеуде келесі бір қолайлы тәсіл – мәтінге көз жүгіртіп қарап шығу. Ол уақытты үнемдеп, ақпарат ағынындағы қажетті материалдарға жылдам хабардар болуға мүмкіндік береді. Оның әсіресе хабарлама, реферат даярлау барысында бірнеше ақпарат көздерін – кітап газет, журналдарды қарастыруға тура келгенде маңызы өте зор.  Барлық жазғандарды оқып шығу мүмкін емес және оның қажеті де жоқ. Ең бастысы қажетті материалдарға назар аудару қажет.

Аннотация, яғни мәтін фрагментінің немесе толық шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасын құрастыру - көбінесе реферат жазуда пайдаланады.

Түсіндірмелік оқу негізінде төменгі сынып оқушыларына арналған жұмыс тәсілі. Мәтіндегі күрделі әрі қайшылықты фрагменттерге түсінік беру, шындыққа көз жеткізу.

Мәтінмен жұмыс істеудің көптеген тәсілдері іріктеп (оқу, іріктеп оқу, қажетті мәліметтерді табу, анықтамалар мен түсініктерді бөліп алу, мазмұнын айту және т.б.) мұғалімдерге жақсы таныс болғандықтан, оларға көп түсініктемелерінің қажеті жоқ.

Мәтін+сұлбалық сурет. Бұл компоненттер жұбымен оқушылар алғашқы сабақтың өзінде ақ кездеседі. (Оқып үйренуді басталғалы отырған ғалымның күрделі құрылымын түсіне білуге арналған. Оқушыларға ондағы экономикалық және әлеуметтік пәндер блогын не құрайтынын яғни, «бұл ғылымның атауына «экономикалық» және «әлеуметтік» деген сөздер неліктен қатар қолданылған?» деген сұраққа жауап бере білуі қажет. Екінші маңызды аспект – жалпы және аймақтық бөлімдердің бірлігі балалар аймақтарды оқып зерттегенде еліміздің басқа төмендеу деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік мәселелерін қарастыратын болады.  

 «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Ұлт болашағы – білімді ұрпақ дейтіндей болсақ, ұстаз жауапкершілігі арта түспек. Жауапкершілікті терең сезіне отырып, жас ұрпақ бойына білім-білік дағдысын дұрыс дарыту барша ұстаздар міндеті деп білемін.