педагог ұйымдастырушының лауазымдық міндеті
Мекеменің атауы: «Алматы облысының білім басқармасының Ұйғыр ауданы бойынша білім бөлім» мемлекеттік мекемесінің «Долайты орта мектебі» отдела образования Шуского района
Лауазымдың аты-жөні: Долайты орта мектебінің -педагог ұйымдастырушысы- Хелилова Назигуль Мухтаржановна
1.Жалпы ережелер
1.1.Педагог-ұйымдастырушы қызметке директоры тарапынан қабылданатын және босатылады.
1.2.Біліктілік талаптары.Педагог-ұйымдастырушы лауазымына орта және жоғары кәсіби білімі бар тұлға, жұмыс стажына талап қойылмастан қабылданады.
2. Лауазымдық міндеттері
Педагог-ұйымдастырушы төмендегідей міндеттер атқарады.
2.1.оқушылардың(тәрбиеленушілердің, балалардың) тұлғалық дамуына, олардың таланты мен қабілет-қарымын қанаттандыруға, жалпы мәдениетті қалыптастыруға, әлеуметтік салалардың педагогтануына ықпал етеді;
2.2. тұрғылықты мекен-жайлары бойынша білім алушы оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) жас және психологиялық ерекшеліктерін, қызығушылығы мен қажеттілігін зерделейді, оларды әртүрлі шығармашылық қызметте іске асыруларына жағдай жасайды;
2.3 балалар клубтарының, үйірмелерінің, секцияларының және басқа да әуесқой бірлестіктердің жұмыстарын, оқушылар ( тәрбиеленушілер, балалар) мен үлкендердің бірлескен шараларын ұйымдастырады;
2.4. қызметі бойынша техникалық, көркем шығармашылық, спорттық, туристік-өлкетанушылық т.б. бағыттарына жетекшілік етеді;
2.5. балалар ассоцияцаларын, бірлестіктерін құруға байланысты бала құқықтарының жүзеге асуына ықпал етеді;
2.6. кештер, мейрамдар, жорықтар, экскурсия ұйымдастырады, оқушылардың (тәрбиеленушілердің, балалардың) бос уақытын өткізу, ойын-сауық жөніндегі әлеуметтік мәні бар бастамаларын қолдайды;
2.7.мәдениет және спорт мекемелерінің қызметкерлерін, ата-аналарды, жұртшылдықты оқушылармен (тәрбиеленушілермен, балалармен) жұмыс жүргізуге тартады,
2.8. еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтайды;
2.9. білім беру процесі кезеңінде тәрбиеленушілер өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз етеді;
3. Білуге тиісті
Педагог-ұйымдастырушы мыналарды білуге тиісті.
-ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, ҚР Үкіметі мен білім беру ісін басқарушы жергілікті органдардың білім беру мәселелері бойынша шешімдерін;
-бала құқықтары туралы конвенция;
-жас ерекшеліктері педагогикасы мен арнайы педагогиканы, психологияны, физиология мен гигиенаны;
-оқушылар (тәрбиеленушілер) ынтасы мен талап-тілектерін дамытудың өзіндік ерекшеліктерін, олардың шығармашылық негіздерін;
-жас таланттарды іздестіру мен оларды қолдау әдістемесін;
-ғылыми-техникалық, эстетикалық, туристік-өлкетанушылық, сауықтыру-спорт, бос уақытты өткізу, ойын-сауық бағыттары бойынша шығармашылық түрлерінің біреуін, оның мазмұнын, әдістемесі мен ұйымдастыру тәсілдерін;
-үйірмелер, секциялар, клуб бірлестіктері сабақтарының бағдарламаларын;
-балалар ұжымдары, ұйымдары мен ассоциациялары қызметінің негіздерін;
-еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін;
4.Құқықтары.
Педагог-ұйымдастырушы мыналарға құқылы;
4.1.басқару ісіне қатысуға, өзінің кәсіби абыройы мен намысын қорғауға;
4.2. оқыту және тәрбие беру әдістемелерін, бекіткен бағдарламаға сәйкес оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды еркін тағдап алуға;
4.3. өз қызметінің мәселелері бойынша директорының қарауына ұсыныстарды ендіруге;
4.4.басшылығы мен мамандарынан өз қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпараттарды алуға;
4.5. лауазымдық міндеттерін орындауға басшылығынан көмек көрсетуді талап етуге;
4.6. еңбек қорғау талаптарына сай жұмыс орнымен қамтамасыз етілуге, жұмыс берушіден жұмыс жағдайлары туралы нақты ақпараттар алуға;
4.7. кәсіби біліктілігін көтеруге, аттестациядан өтуге;
5.Жауапкершілігі
Педагог-ұйымдастырушы мыналарға жауап береді:
5.1.осы нұсқаулықта қарастырылған өз лауазымдық міндеттерін орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін-қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес;
5.2.келтірген материалдық залалы үшін –қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сәйкес
Нұсқаулықпен таныстым:
_____________________