Педагог-психологтың лауазымдық міндеті » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(727857363
Бухгалтерия
+7(72636) 57-3-63
Версия для
слабовидящих
02
сентябрь
2024

Педагог-психологтың лауазымдық міндеті

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N

338 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17

тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750

болып енгізілді.

Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым

министрінің 31.03.2022 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін № 121 күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 78) тармақшасына

сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) бұйрығымен.

1. Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 31.03.2022

№ 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды

қамтамасыз етсін.

3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және

жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты

облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық

ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының

назарына жеткізсін.

4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің:

1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының

үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61

бұйрығының (№ 5168 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде

тіркелген, 2009 жылғы 11 ақпандағы № 21 "Юридическая газета" газетінде

жарияланған);

2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының

үлгі біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы № 61 бұйрығына өзгерістер мен

толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы № 128 бұйрығының (№ 5615

нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші

жойылды деп танылсын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға

жүктелсін.

6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң

қолданысқа енгізілді.


Министр Ж. Түймебаев

"КЕЛІСІЛДІ"

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

__________ Г. Әбдіқалықова

2009 жылғы 07 тамыз

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2009 жылғы 13 шілдедегі

№ 338 бұйрығымен

бекітілген

Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары

Ескерту. Біліктілік сипаттамалары жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым

министрінің 31.03.2022 № 121 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он

күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Кіріспе

1. Осы Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары "Білім туралы"

Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 78) тармақшасына сәйкес әзірленді

және меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына және ұйымдық-құқықтық

нысаны бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және

жалпы орта, техникалық және кәсіптік (орта білімнен кейінгі), арнайы,

мамандандырылған, қосымша білім беру ұйымдарының қолдануы үшін міндетті.

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 249 (

алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) бұйрығымен.

2. Білім беру ұйымдары педагогтерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік

сипаттамалары (бұдан әрі – Сипаттама):

білім беру ұйымдарындағы олардың орны мен рөлін айқындайтын құрылымдық

бөлімшелер туралы ережелерді жасауға;

педагогтердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершілігін бекітетін лауазымдық

нұсқаулықтарды әзірлеуге;

кадрларды іріктеу және орналастыру, олардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды

жүргізуге;

білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаттарын беру (растау) рәсімін

өткізуге негіз болады.

3. Педагогтер лауазымының атаулары білім беру ұйымдарының штат кестесінде

осы Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет.

4. Заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған

лауазымдары бойынша мамандардың (бас есепші, бас инженер, есепші, инженер,

экономист және тағы басқалар) лауазымдық міндеттер мен білімге қойылатын

талаптары жалпы біліктілік сипаттамалары негізінде анықталады.

5. Білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтерінің, білім беру ұйымдары мен

әдістемелік орталықтар (кабинеттер) әдіскерлерінің біліктілік санаттарын білім

басқармалары "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және

жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және

кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және

арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін

педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді

аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83

сәйкес белгілейді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік бұйрығына тіркеудің

тізіліміне №13317 болып тіркелген).

6. Сипаттамаларды білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірледі.






Бекітемін 

Мектеп директорының у.м.а

__________С.Розахунов 



Педагог-психолог,  білім беру ұйымдарының психологі

72. Лауазымдық міндеттері:

оқушылар мен тәрбиеленушілердің психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге

және қалыпқа келтіруге, олардың әртүрлі өмірлік жағдайларда

әлеуметтік-психологиялық бейімделу қабілетін дамытуға, оның ішінде девиантты

мінез-құлыққа байланысты мәселелерінде көмек көрсетуге бағытталған қызметті

жүзеге асырады;

білім алушылар мен тәрбиеленушілерге бейінді және кәсіби өзін-өзі анықтауда

көмек көрсетеді;

білім беру ортасы жағдайында педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды

өкілдердің психологиялық-педагогикалық мәдениетін қалыптастырады және білім беру

процесіне қатысушылар арасында толеранттылықты қалыптастыруға ықпал етеді;

инклюзивтілік қағидатын іске асыруға жәрдемдеседі және білім беру процесіне

қатысушылардың барлығының мінез-құлқының толерантты мәдениетін қамтамасыз

етеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің аутодеструктивті және девиантты

мінез-құлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жай-күйіне психологиялық-педагогикалық

диагностика жүргізеді, психологиялық көмек көрсету үшін

психологиялық-педагогикалық қорытынды мен ұсынымдар жасайды;

білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалауға қатысады және

білім алушылардың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып дамыту

бағдарламаларын әзірлейді;

әртүрлі психологиялық проблемалары бар балаларға, оның ішінде ерекше білім

беру қажеттіліктері бар балаларға консультациялар, жеке, кіші топтық және топтық

дамыту сабақтары түрінде психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;

дарынды білім алушыларға психологиялық қолдауды жүзеге асырады;

білім беру іс-әрекетіндегі қиындықтарға байланысты психологиялық

проблемаларды шешуде білім алушыларға, тәрбиеленушілерге, педагогтерге,

ата-аналарға немесе өзге де заңды өкілдерге консультациялық көмек және

психологиялық қолдау көрсетеді;

педагогикалық ұжымға, сондай-ақ білім алушылардың және тәрбиеленушілердің

жеке және әлеуметтік даму мәселелері бойынша ата-аналарға немесе өзге де заңды

өкілдерге ұсынымдар әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық-әдістемелік және

ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізеді;

белгіленген нысан бойынша құжаттаманы жүргізеді, педагогикалық, әдістемелік

кеңестердің жұмысына, ата-аналар жиналыстарын, тәрбиелеу және білім беру

ұйымының жұмыс жоспарында көзделген басқа да іс-шараларды өткізу жөніндегі

жұмысқа қатысады;

педагогика, психология және психотерапия бағыттары бойынша кәсіби

құзыреттілікті үздіксіз арттырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді

психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу әдістері мен технологияларын қолданады;

Баланың құқықтарын қорғау жөніндегі конвенцияға және Қазақстан

Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеке адамның құқықтарын

қорғауға жәрдемдеседі;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі

қиындықтарды жеңу бойынша ұсынымдар әзірлеуді жүзеге асырады;

кәсіби қызмет барысында білім беру қызметінің психологиялық-педагогикалық

принциптерін басшылыққа алады;

білім алушылардың жас ерекшеліктерін және келіп түсетін сұраныстарды ескере

отырып, диагностика жүргізу үшін жол берілетін әдістер мен әдістемелерді

айқындайды;

жалпы білім беру бағдарламаларын игерудегі психологиялық, әлеуметтік немесе

физиологиялық қиындықтардың себептерін саралайды;

білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке басының ерекшеліктеріне психологиялық

зерттеу жүргізеді, психоэмоционалды жай-күйін және оны тұрақтандыру

мүмкіндіктерін талдайды;

жеке немесе топтық түзету, дамыту және мотивациялық сабақтар немесе тренингтер

өткізеді;

білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу-танымдық қызметі мен

әлеуметтенуіндегі өзгерістер динамикасының мониторингіне қатысады;

білім алушы мен тәрбиеленушінің оқу-танымдық қызметіндегі және

әлеуметтенуіндегі қиындықтарды еңсеру бойынша білім беру ұйымының өз ішінде

және одан тыс тиісті бейіндегі мамандармен өзара іс-қимыл жасайды.

Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100

(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі) бұйрығымен.


73. Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім

туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

" Заңдары және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

жеке тұлға психологиясы, дифференциалды балалар және жас ерекшеліктері,

әлеуметтік, медициналық психология, балалар нейропсихологиясы, патопсихология,

психосоматика;

педагогикалық этиканың нормалары;

дефектология, психотерапия, сексология, психогигиена, кәсіптік бағдар, мамандану

және еңбек психологиясы, психодиагностика, психологиялық кеңес беру және

психопрофилактика негіздері;

белсенді оқыту, әлеуметтік-психологиялық қарым-қатынас әдістері;

жеке және топтық кеңес берудің, диагностика мен баланың дамуын түзетудің

заманауи әдістері,

еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы

қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.


74. Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім "Педагогика және психология", "

Әлеуметтік ғылымдар" ("Психология" білім беру бағдарламаларының тобы) кадрларын

даярлау бағыттары бойынша, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары немесе орта деңгейі болған кезде мамандығы

бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін

кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша

жұмыс өтілі: педагог-шебер үшін кемінде 5 жыл.

Ескерту. 74-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 №

100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң

қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



75. Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

заманауи психологиялық әдістерді қолдану керек;

балалармен диагностикалық, түзету жұмыстарын жүргізу;

балалардың эмоционалды әл-ауқатын, тиімді дамуын қамтамасыз ету;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие

процесін жоспарлау және ұйымдастыру;

педагогикалық ұжым мен ата-аналарға психологиялық білім беруді жүзеге асыру;

2) "педагог – модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

жеке психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, балалармен жұмыс жүргізу;

балалармен, педагогтармен, ата-аналармен проблемалық (стандартты емес)

жағдайларда жұмысты ұйымдастыру;

ересектердің балалармен қарым-қатынасын қамтамасыз ету және реттеу;

әлеуметтік бейімделудің белсенді әдістерін қолдану;

ата-аналар мен педагогтарға консультациялық көмек көрсету;

3) "педагог – сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне, сондай-ақ:

әр түрлі профильдер мен мақсаттардағы психологиялық диагностиканы жүргізу,

балалармен жеке жұмыс жүргізу;

шығармашылық топты басқару, психологиялық – педагогикалық қызметтің өзекті

мәселелері бойынша конференцияларға, семинарларға қатысу;

мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық қолдау бойынша ұсыныстар

әзірлеу;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және

әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау, аудан/қала деңгейінде

тәжірибені жинақтау;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне, сондай-ақ:

психологиялық тексеру және диагностика деректерін ескере отырып, мектеп

жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау бойынша психологиялық-педагогикалық

бағдарламаларды дербес әзірлеу, психологиялық қорытынды жасау және түзету

жұмыстарын жүргізу;

әдістемелік құралдар, Оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу;

психологиялық-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың инновациялық

тәжірибесін енгізу;

балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру бойынша педагогтерге көмек

көрсету;

аудан, қала деңгейінде психологиялық - педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті

жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар

қалалар және астана деңгейінде тәжірибені жинақтау;

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне, сондай-ақ:

РОӘК-те мақұлданған, авторлық бағдарламасы болуы немесе шығарылған

оқу-әдістемелік құралдардың, оқу-әдістемелік кешендердің авторы (тең авторы) болуы;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс/республикалық маңызы бар қалалар және

астана деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен республикалық және халықаралық

кәсіптік конкурстардың қатысушысы болу.__