Буллингтің алдын алу бойынша атқарылатын жұмыс жоспар
Бекітемін: Мектеп директоры __________А.Давлетов «____» « _________» 2025ж
Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы бойынша мектеп педагог- психологының жылдық жұмыс жоспары
Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 506 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
Мақсаты: Оқушылар арасында қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру, буллингтің алдын алу, құрдастар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту.
№ p \ p | Іс-шара | Қатысушылар | Мерзімі | Жауапты |
1 | Жылдық жоспарды әзірлеу; оқушылардың жеке даму картасын ретке келтіру. | Оқушылар | Қыркүйек | Психолог |
2 | Оқушылар арасында буллинг сауалнамасы (электронды платформа). | Оқушылар | Қыркүйек | Психолог |
3 | «Достық пен құрмет» тренингі | 1-4 сынып | Қазан | Психолог |
4 | Құрдастар медиациясы клубы (оқушыларды келісімге үйрету) | Оқушылар | Жыл бойы | ДТІЖО Психолог |
5 | «Қауіпсіз интернет» акциясы. | Оқушылар | Қазан | Психолог |
6 | «Буллингсіз мектеп» тақырыбында ата-аналар жиналысы. | Ата-аналар | Қазан | ДТІЖО Психолог Сынып жетекшілер |
7 | «Жақсы сөз – жарым ырыс» акциясы (мектепішілік челлендж). | Оқушылар | Қараша | Психолог Сынып жетекшілер |
8 | Ата – аналар чатына ақпараттық жадынамалар жіберу. | Ата-аналар | Жыл бойы | Психолог |
9 | Буллингті ерте анықтау бойынша тренинг. | Оқушылар | Жыл бойы | Психолог |
10 | Оқушылардың бір-біріне деген көзқарасын зерттеу (социометрия). | Оқушылар | Ақпан | Психолог |
11 | «Эмпатия және қолдау» психотренингі | 7–8 сынып | Наурыз | Психолог |
12 | «Оқушының күйзеліс белгілерін тану». Педагогтарға арналған психологиялық ағарту | Педагогтар | Сәуір | Психолог |
13 | Мектептегі қауіпсіздік деңгейін анықтауда жылдық қорытынды сауалнама. | Оқушылар | Мамыр | Психолог |
Педагог-психолог: Г.Ниязова