Психолог жұмысының есебі » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
август
2021

Психолог жұмысының есебі

Долайты орта мектебінің педагог-психологі А.Махпированың 2020-2021 оқу жылында  атқарған жұмысының мәтіндік есебі


        Долайты орта мектебінде 2020-2021 оқу жылына психология саласы бойынша  жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. 

Жоспар бойынша 1сынып оқушыларына жекелеген педогогикалық- психологиялық карта жасалынды. Педагогикалық-психологиялық карта оқушылардың  жеке құжаттарына салынды. Сол бойынша сынып жетекшысы мен пән мұғалімдеріне жыл бойы кеңестер беріліп отырылды. Мысалы: 1сынып оқушыларынан Керн-Йерасик, Қисынсыздықтар, 10сан, 10сөз, социометрия, «Отбасының  кинетикалық суреті»  әдістері алынды. Әдістеменің мақсаты оқушылардың ата-ансына  яғни отбасына деген қатынасын анықтау. Салынған суреттер бойынша отбасындағы қатынас жақсы депнәтиже шығарылды.  5сынп оқушыларының пәнге болған қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнама алынды. Нәтижесі төмендегідей болды.

 


1сынып ата-аналарына ұлкен көлемде «Өз балаңа үлгі бол» тақырыбында республикалық конференция ұйымдастырылды.  Конференцияға ата-аналар түгел қатысты. 

 

 Мектепалды даярлық топқа келген балаларға «Сәлемдесу», «Танысу» тренингтік жаттығулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар мектепалды даярлық топ балаларына проективтік әдіс өткізілді. Онда балаларға жаңа жағдайға тез бейімделіп кетуіне көмек көрсетілді. 

Мектеп оқушыларына және жалпы сыныптардың картасы жасалынды. Онда әр бір жеке оқушының анкета, сауалнама, тест,  психологиялық суреттері,   және де оқушылардың жауаптары бойынша шығарылған нәтижелері (анықтамалар)  салынған.  1-5сынып оқушыларынан қарым-қатынасты анықтау мақсатында «Социометрия » әдісі алынып нәтижесі шығарылды.  Жалпы мектеп бойынша суициттың алдын-алу мақсатында  «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында науқан ұйымдастырылды. Науқан   өте қызықты болып, оқушылар белсенді қатысты. 

 



 


Сонымен қатар 7-11сынып оқушыларына «Үрленген қуыршақ» тренингтік жаттығу ұйымдастырылды. Ал 9-11сынып оқушылары арасында «Басса Даркинның» әдістемесі, «Аяқталмаған сөйлем» әдістері және «Менің өмірім» жаттығуы ұйымдастырылды. Оның хаттамалары жоспарға қосымша тігілді.  

ҰБТ-ге байланысты: 11сынып оқушыларға келер болсақ  қорытынды аттестациялауға байланысты жылдық жоспар жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша балалардан Уайымыны жеңу, дипрессиялық деңгейды, табысқа жету деңгейін анықтау мақсатында әдістемелер  алынды.  

50 ұпайдан төмен-диагностикалық күйі дипрессиясыз 25%

50-59 ұпай арасында-жеңіл ситуативті   немесе невротикалық дипрессияға оқушылардың 75%белгілеген

60-69 ұпай арасында-субдипрессивті күйі

Сонымен қатар 11сынып оқушыларына ҰБТге байланысты психологиялық тренингтік жаттығулар үнемі өткізілуде.


 

Сонымен қатар биілғы оқу жылында қыз балаларға арнап мектепішілік қыздар ұйымы құрылды. Ұйым «Қыз жибек» аталынып жылдық жоспар бекітілді. Жоспар бойынша жыл бойында қарқынды жұмыстар атқарылды.  Тоқсан сайын білім бөліміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріліп отырды.


 


Онда жиналыстар, тренингтік жаттығулар, жеке мәселер бойынша кеңестер үнемі өткізіліп тұрды. Сонымен қатар тоқсан сайын мектеп медбикесімен қыз баланың жеке гигиенасы тұралы баяндамалар оқылды.

 

Ерте жүктіліктің алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған қыздар жиналысы.

 

5сынып оқушыларын бейімделуге байланысты тренингтік жаттығу ұйымдастырылды.


 


 


Ал 4сынып оқушыларына «Біз 5-сыныпқа барамыз» тақырыбында психологиялық ойындар ұйымдастырылды. 

 


Ата-аналармен жұмыс папкасында: жылдық жоспар, сол бойынша атқарылған жұмыстардың есебі,  жауап парақтар, сауалнамалар, кеңестер салынды. 20 қазан күні өткізілген жалпы ата-аналар жыналысында «Сыз қандай ата-анасыз?» тақырыбында ұйымдастырылған сауалнаманың нәтижесі шығарылды.

Нәтижесі сол жерде шығарылып ата-аналарға көрсетілді. Ата-аналардың 90 пайызы 17-30ұпай аралығындағы балды алған. 

 


 

 Жалпы ата-аналар жиналысында «Отбасы жарастығы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ата-аналар отбасына байланысты өз ойларын айтып, топтар бойынша постер қорғап  шықты.   Дөңгелек үстел соңында «Менің отбасымның болашағы» тақырыбында тренингтік жаттығу ұйымдастырылды. Онда ата-аналар бірлікте белсенді қатысты. Тренингтік жаттығудың мақсаты отбасындағы қатынасты анықтап, оны жақсартуға ықпал жасау.


11сынып ата-аналарына қорытынды аттестацияға және ҰБТға байланысты, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуға, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, педагогикалық-психологиялық бала қайдан шығады тақырыптары бойынша кеңестер берілді. Жиналыстардың соңында ата-аналарға төмендегідей жаднамалар таратылды.


 



АТА-АНАҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА  

 «Балаңызды жақсы көріңіз; қарым-қатынаста өз балаңызға және өзіңізге өзіңіз шынайы және адал болыңыз»

      Егер сіздің баланыз өмірдің қиын жағдайына тап болса,  

   Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 8(7172)74-25-28, Алматы облысының      

  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 8(7282) 27-17-76 телефондарына қоңырау шалуыңызды сұраймыз 

  Ұйғыр ауданының білім бөлімінің «Долайты орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің сенім телефоны:87277857840

 Педагог-психолог: 8 7006930185

Баланың өз бағасын жоғарлатуының бес ережесі

1 ереже.Баланың жетістіктері мен қатар ынтасын, жігерін мақтаңыз. Азғантай жетістіктерін де байқаңыз. Көп мақтаңыз. Ынта мен табандылық, нәтижеден де маңызды екенін түсіндіріңіз.


2.ереже. Баланың алдына шынайы мақсат қоя   білуіне  көмектесіңіз. Егер баланың өзі немесе оның ата-анасы өз мүмкіндігіне  артық   талап- тілек қойса, бұл жеке тұлғаның бұзылуына әкеледі. Басқалардың жеңісі, жетістігі емес,  балаңыздың азғантай болса да  өзінің  жетістіктері. Сіз үшін мақтаныш, шаттық әкелетінін ол білуге тиіс. 


3. ереже. Кемшілікті түзету үшін баланың өзін емес, оның іс-әрекеті мен тәртібін сынаңыз. Мысалы: бала шегелер қағылған биік қақпаға  шығып кетті делік. Мұндай жағдайда баланың өзін-өзі бағалауын төмендетпес үшін былай айту керек: « Мұндай қақпаға шығу қауіпті. Құлап жарақат алуың мүмкін еді. «Енді бұлай  істеме». Өзін-өзі күйретуге әкелетін сөздер мынандай  болар еді: «Қайда шығып кеттің? Иығыңда басың жоқ па?».

4. ереже. Баланың нағыз жауапкершілікті сезінуіне мүмкіндік беріңіз. Үйде жұмысы бар болса өзін отбасында маңызды сезінеді, өзін  «команда» мүшесі деп санайды. Үй шаруасына қолғабыс тигізуді өзінің жетістігі деп қабылдайды. 


5. ереже. Баланы жақсы көретініңізді үнемі көрсетіңіз, үнемі айтыңыз. Аймалау, құшақтау, сүю, «Мен сені өте   жақсы көремін» деп айту баланың өзін жақсы жағынан көруге, қабылдауға әсер етеді. Баланың ең қымбатты, ең сүйікті екенін  қайталап айта беру ешқандай  оны ересек етпейді. Кейбір айтылып жүрген пікірлерге қарамастан  толық емес отбасыларында да баланың өзін-өзі бағалауына негіз  қалауға болады. Әрине егер баламен қарым-қатынас нық, әрі шынайы жақсы көру бағытында болса ғана.


5-7сынып оқушыларымен «Бақытты балалық шақ» тақырыбында фото-колаж

 

Мұғалімдермен жұмыс папкасында жылдық жоспар жасалынып бекітілді. Жоспар бойынша  педагог ұжымына «Менің өмірімдегі эмоцияның ролі» тақырыбында психологиялық тренингтік жаттығу ұйымдастырылды.  Тренингтің мақсаты: педагог ұжымының өз эмоциясын басқару жолдарын түсіндіру болды. Онда мұғалімдер белсене қатысты.  «Суицидке барудың негізгі себептері»  тақырыбында жалпы мұғалімдерге жиналыс өткізілді. Жиналыстың хаттамасы жоспармен бірге тігілді. Жас мамандарғада, 5сынып оқушыларының пән мұғалімдеріне, үйде оқитын оқушының мұғалмдеріне, және де сынып жетекшілерге үнемі кеңестер беріледі. «Жеке тұлға және маман» тақырыбында жас мамандарға арналған тренингтік жаттығу ұйымдастырылды. Тренингтік жаттығуға жас мамандар аз болған себебінен  6-мұғалім қатысты. Тренингтік жаттығу өз дәрежесінде өтті. Сонымен қатар жыл бойы 11сынып пән мұғалімдеріне қорытынды аттестацияға және ҰБТға байланысты, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын-алуға, зорлық-зомбылықтың алдын-алу, педагогикалық-психологиялық бала қайдан шығады тақырыптары бойынша кеңестер берілді.

Үйде оқытын оқушының папкасы:Үйде оқитын 8 сынып оқушысы Р.Шерипжановқа психологиялық тұрғыдан жылдық жоспар жасалынып бекітілген. Міндеттер бойынша оның сабақ кестесі әкесінің келісіліп жасалынған. Екі аптада бір рет бақылау жүргізіледі, оны үнемі дәптерге тіркеп отырамын. Сонымен қатар пән мұғалімдеріне апта сайын кеңестер беріліп баланың жағдайын үнемі сұрастырамын және кеңестер беріледі. Бақылау бойынша сабақтардың өз уақытында өтілуін үнемі қадағалауда алынады.

 

 Жалпы оқушының жағдайы жақсы әкесімен бірге еріп жүреді. Үйде көп еркелік жасайды, психологиялық тұрғыдан қарағанда холерик пен сангвиник типтеріне жатады. ОПМПКА нәтижесі бойынша «Легкая умственная отсталость с нарушением поведения. Дневной энурез. ОПР ІІІ-уровня» диагнозымен үйде оқиды. 

 

         Радмирдің адамдармен қарым-қатынасқа түспейді, ол өз ойын ашық және нақты айталмайды, кейде мүлде сөйлемейды. Кейде сабақтарды қызығып оқиды, көңіл-күйі болмаса мүлде оқымайды. Радмирдың физиологиялық дамуы қалыпты. 

 

2сынып Садыкова Дениза ның диагнозы: Ахондаплазия спастицеский тетрапорез. Денизаға ота жасалынуына байланысты үйде жалпы бағдарламамен білім алады. Дениза 2сыныпты үздік бітіріп мақтау грамотасымен марапатталды.     

 

Жалпы психология саласында көптеген оқушыларға арналған тренингтік жаттығулар ұйымдастырылды. Көбіне оқушыларды көңіл-қүйін көтеруге, өмірге деген қызығушылығын арттыруға, өзін еркін сезінуіне, қарым-қатынасты жақсартуға т.б жағдайларға байланысты көптеген тренингтік жаттығулар ұйымдастырылды.

 


 



Сонымен  қатар оқушылардың бос уақытын тиымды пайдалану мақсатында «Өлкетану» кружогының жетекшісі мен бірлікте 6-7сынып оқушыларын көптеген мәдениетті жайларға саяхатқа апардық. 



 



 







Педагог-психолог        А.Махпирова