Педагог-психологтің І жартыжылдығында атқарған жұмыстарының аналитикалық есебі
Педагог- психологтың 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығына арналған аналитикалық есебі
Мектеп: Долайты орта мектебі
Психолог: Ниязова Гулжахан Исмаиловна
Есеп беру мерзімі: 2025–2026 оқу жылы І жартыжылдық
Жұмыс өтілі: 5 жыл
I. Кіріспе
Бұл есеп 2025–2026 оқу жылы аралығында атқарылған педагог-психологиялық жұмыстың мазмұны мен нәтижелерін талдау мақсатында құрастырылды. Есептің басты мақсаты – оқушылардың психоэмоционалды жағдайын, білім беру процесіне бейімделуін, тұлғалық дамуын қадағалау және оқу - тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға ықпал ету.
II. Негізгі бөлім
2.1. Психодиагностикалық жұмыс
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері мен бейімделу деңгейін анықтау.
Қолданылған әдістемелер:
- “Суреттің реттілігі” А.Н.Бернштейн әдістемесі алынды. Мақсаты: Ойлау қабілетін, логиканы, себеп -салдарлы байланыс құру қабілетін байланыстырып сөйлеуді дамыту. Қатысты: 1 “а,ә” сынып. Қатысқан оқушы саны - 12. Нәтижесі: Жоғары деңгей - 7 оқушы - 58 % Орта деңгей - 3 оқушы - 25% Төмен деңгей - 2 оқушы - 17% Төмен деңгейді көрсеткен 2 оқушымен сыныпта топтық жұмыс жүргізілді. Ұсыныс: Болған оқиғаны өз сөзімен дұрыс әңгімелеп беруге, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.
- “10 сөзді есте сақтау” әдістемесі (А.Р.Лурия) Мақсаты: Ес процестерін зерттеу: есте қалдыру, сақтау, қайта жаңғырту. Қатысты: 1 “а,ә” сынып. Қатысқан оқушы саны - 12. Нәтижесі: Жоғары деңгей - 4 оқушы - 33,4 % Орта деңгей - 6 оқушы - 50 % Ортадан төмен - 2 оқушы -16,6 Төмен деңгей - 0 оқушыҰсыныс: Баланың сөздік қорын дамытуға арналған жаттығулар жүргізу.
- “Өзін -өзі бағалау” тесті Г.Айзенк Мақсаты: Оқушылардың қобалжу, фрустрация, агрессия деңгейлерін анықтау. Қатысты: 10 сынып. Қатысқан оқушы саны: 6 Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы Сары аймақ - 0 оқушы Жасыл аймақ - 6 оқушы Ұсыныс: Бала бойындағы өзгерістерді бақылау.
- “Өзін -өзі бағалау” тесті Г.Айзенк Мақсаты: Оқушылардың қобалжу, фрустрация, агрессия деңгейлерін анықтау. Қатысты: 5 сынып. Қатысқан оқушы саны: 6 Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы Сары аймақ - 0 оқушы Жасыл аймақ - 6 оқушы Ұсыныс: Бала бойындағы өзгерістерді бақылау.
- “Социометрия” сауалнамасы (Я.Л.Морена) Мақсаты: сыныптағы тұлғааралық қатынастарды диагностикалау. Қатысты: 2- 4 сыныптар. Қатысқан оқушы саны: 30 I – Лидер: 4 оқушы
II – Беделділер: 8 оқушы
III - Орта беделділер: 6 оқушы IV - Топтан қалмаушылар: 5 оқушы V - Шеттеп қалғандар: 7 оқушы
Ұсыныс: Сараптама нәтижесі бойынша оқшауланған (елеусіз немесе шеттеп қалған ) оқушылармен жеке және топтық тренинг жүргізу.
- “Ресурс” тесті алынды. “Жанұя” электронды платформа арқылы. Мақсаты: Зорлық –зомбылықтың кез келген түріне: физикалық, психологиялық, сексуалдық, буллинг және басқа да зорлық-зомбылық түрлері, суицидке бейімділігі бар балаларды анықтау. Қатысты: 8-11 сыныптар. Қатысқан оқушы саны: 40Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы. Сары аймақ - 2 оқушы Жасыл аймақ - 38 оқушы Ұсыныс: Күнделікті бақылау. Оқушылардың өзара достық қарым -қатынасын нығайту. Жасырын тәуекел аймағына түскен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу.
- “Жасөспірімнің өз құрдастарымен қарым -қатынасын бағалауы” әдістемесі алынды. Мақсаты: Жасөспірімнің құрдастарын қабылдауының жеке дарашылдық, прагматикалық, ұжымшылдық типтерін анықтау. Қатысты - 11 “ә” сынып Қатысқан оқушы саны - 2. (сары аймақ) Нәтижесі: Г.Г “К” “Ұжымшылдық тип”, А.И “К” “Ұжымшылдық тип” “К” Ұжымшылдық тип. Бала ұжымды дербес құндылық ретінде қабылдайды. Ол үшін және оның мүшелерінің проблемалары бірінші орында тұрады. Ол ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысына мүдделі, ұжымның қызметіне өз үлесін қосуға тырысады, бірлесіп орындайтын жұмыстарға бейім.
Ұсыныс: Достық қарым -қатынасты дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
- “Төртіншісі артық” (С.Я.Рубинштейн) әдістемесі алынды. Мақсаты: бейнелі - логикалық ойлау деңгейін, талдау, жалпылау және салыстыру операцияларын зерттеу. Қатысты: 1 “а,ә” сынып. Қатысқан оқушы саны - 14 Нәтижесі: Жоғары деңгей - 6 оқушы - 43 % Орташа деңгей - 8 оқушы - 57 % Төмен деңгей - 0 оқушы - 0% Ұсыныс: Логикалық ойлау дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды қолдану.
- “Оқу мотивациясының бағытын диагностикалау” (Т.Д.Дубовицкая) Мақсаты: оқушылардың нақты пәндерді оқып үйрену кезіндегі ішкі оқу белсенділігінің бағыты мен даму деңгейін анықтау. Қатысты: 5 сынып. Қатысқан оқушы саны - 6 Нәтижесі: Ішкі мотивация деңгейі жоғары - 4 - 67% Ішкі мотивация деңгейі орташа - 2 - 33% Ішкі мотивация деңгейі төмен - 0
Ұсыныс: Оқу пәніне қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
- “Креативтілік деңгейін анықтау” тесті. “Жанұя” электронды платформасы арқылы жүргізілді. Мақсаты: Шығармашылық ойлау деңгейін, мәселелерді шешудегі икемділігін, жеке ерекшеліктерін анықтау. Қатысты: 10 сынып. Қатысқан оқушы саны - 6 Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы. Сары аймақ - 2 оқушы Жасыл аймақ - 4 оқушы
Ұсыныс: Креативтілікті дамытуға арналған жаттығулар орындау.
- “Мектептегі мазасыздықты диагностикалау” әдістемесі алынды. (Е.В.Амен) Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының мектеппен, оқу әрекетімен, мұғаліммен және сыныптастарымен байланысты мазасыздық деңгейін анықтау.
Қатысты: 2-4 сыныптар. Қатысқан оқушы саны - 28 Нәтижесі: Мазасыздық деңгейі жоғары - 0 оқушы - 0 % Мазасыздық деңгейі орташа - 13 оқушы - 46 % Мазасыздық деңгейі төмен - 15 оқушы - 54 % Ұсыныс: Баланың мектептегі эмоционалды жағдайын бақылау. Достық қарым - қатынасты нығайту.
- “Буллинг” Л.Г.Федоренко сауалнамасы. “Жанұя” электронды платформасы арқылы алынды. Мақсаты: Оқушылар арасындағы буллинг және кибербуллингті анықтау. Қатысты: 3-11 сыныптар. Қатысқан оқушы саны - 99 Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы. Сары аймақ - 0 оқушы Жасыл аймақ - 99 оқушы Ұсыныс: Балалардың сыныптастарымен, құрдастарымен қарым-қатынасын бақылау. Буллингтің алдын алу.
- “Буллинг” Д.Олвеус сауалнамасы. “Жанұя” электронды платформасы арқылы алынды. Мақсаты: Оқушылар арасындағы буллинг және кибербуллингті анықтау. Қатысты: 6 -11 сыныптар. Қатысқан оқушы саны -74 Нәтижесі: Қызыл аймақ - 0 оқушы. Сары аймақ - 0 оқушы Жасыл аймақ - 74 оқушы
Ұсыныс: Балалардың сыныптастарымен, құрдастарымен қарым-қатынасын бақылау. Буллингтің алдын алу.
- “Корректуралық сынамалар” (Б.Бурдон) Мақсаты: зейінді диагностикалау және дамыту (зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, ауысуы, жұмыс жасау қарқыны).Қатысты: 1 “а,ә” сыныптар. Қатысқан оқушы саны - 14 Нәтижесі:
Зейіннің тұрақтылығын анықтау
№ | Оқушының аты-жөні | Пайыздық нәтиже | Көрсеткіш деңгейі |
1 | Ж.Ш | 1,5 | Жоғары тұрақтылық |
2 | К.А | 1,75 | Жоғары тұрақтылық |
3 | М.С | 1,75 | Жоғары тұрақтылық |
4 | С.С | 1,25 | Жоғары тұрақтылық |
5 | С.Д | 2,25 | Өте жоғары тұрақтылық |
6 | Т.Р | 1,25 | Жоғары тұрақтылық |
7 | Т.Д | 2 | Өте жоғары тұрақтылық |
Зейіннің ауысу қабілетін анықтау
№ | Оқушының аты-жөні | Пайыздық нәтиже | Көрсеткіш деңгейі |
1 | Ж.Ш | 20 | Жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
2 | К.А | 13,3 | Жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
3 | М.С | 13,3 | Жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
4 | С.С | 26,6 | Жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
5 | С.Д | 0 | Өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
6 | Т.Р | 26,6 | Жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
7 | Т.Д | 6,6 | Өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
Зейіннің тұрақтылығын анықтау
№ | Оқушының аты-жөні | Пайыздық нәтиже | Көрсеткіш деңгейі |
1 | А.А | 2,25 | Өте жоғары тұрақтылық |
2 | А.А | 1,25 | Жоғары тұрақтылық |
3 | А.Ф | 2,25 | Өте жоғары тұрақтылық |
4 | А.Т | 1,75 | Жоғары тұрақтылық |
5 | М.М | 2,25 | Өте жоғары тұрақтылық |
6 | М.А | 2,25 | Өте жоғары тұрақтылық |
7 | Н.М | 1,75 | Жоғары тұрақтылық |
Зейіннің ауысу қабілетін анықтау
№ | Оқушының аты-жөні | Пайыздық нәтиже | Көрсеткіш деңгейі |
1 | А.А | 26,6 | жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
2 | А.А | 0 | өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
3 | А.Ф | 0 | өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
4 | А.Т | 13,3 | жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
5 | М.М | 0 | өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
6 | М.А | 0 | өте жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
7 | Н.М | 13,1 | жоғары зейіннің ауысу қабілеті |
Ұсыныс: Зейіннің тұрақтылығы, шоғырлануы, ауысуы, жұмыс жасау қарқынын бақылау және дамыту.
- “Ағаштағы орыныңыз қандай?” Пип Уилсон Мақсаты: Оқушылардың эмоционалдық жай - күйін, қоғамдағы орнын анықтау. Қатысты: 1-4 сыныптар. Қатысқан оқушы саны - 44 Нәтижесі:
- Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар -14 оқушы
- Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар- 11 оқушы
- Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адам- 8 оқушы
- Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам- 2 оқушы
- Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адам - 2 оқушы
- Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар - 4 оқушы
- Көңіл көтеруді ұнатып, той-томалақтан қалмайтын адамдар - 2 оқушы
- Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам - 2 оқушы - Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адам - 1 оқушы
Ұсыныс: Бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру. Баланың эмоционалдық жай - күйін бақылау. Достық қарым-қатынасты нығайту.
- “Ойлау типін анықтау әдістемесі” (Г.В.Резапкина) Мақсаты: Оқушының ойлау типін анықтау
Қатысты: 9, 11 сыныптар. Қатысқан оқушы саны - 22 Нәтижесі:
- Іс-әрекетке негізделген ойлау — бұл адамдар нақты әрекет арқылы ақпаратты жақсы қабылдайды. Оларға «алтын қол иесі» деп сипаттама беріледі. Көлік жүргізу, техника, құрылыс, спорт, би – осы ойлау типінің көрінісі - 5 оқушы
- Вербалды–логикалық ойлау — тіл байлығы мен логикалық ойлау қабілеті дамыған адамдарға тән. Ғалымдар, журналистер, мұғалімдер мен басшыларда жиі кездеседі - 6 оқушы
- Шығармашылық ойлау (креативтілік) — стандарттан тыс, тың шешім табуға бейімділік. Креативтілік – табыстың, таланттың айқын белгісі. Ол кез келген ойлау типінде кездесуі мүмкін - 9 оқушы
- Көрнекі–бейнелік ойлау — бұл көркемдік қабілеті бар адамдарға тән. Олар елестету, визуалды бейнелер арқылы ойлайды. Дизайнерлер, суретшілер, режиссерлерге тән - 1оқушы
- Абстрактілі–символдық ойлау — бұл ғалымдарға, аналитиктерге, математиктерге тән. Олар формулалармен, кодтармен және символдармен жұмыс істей алады - 1оқушы
Ұсыныс: Оқушыларға кәсіп таңдаудың маңыздылығын түсіндіру. Сабақ барасында түрлі ойлау әрекеттерін қамтитын тапсырмалар дайындау.
- “Интернетке тәуелділік” А.Е.Жичкина (5-8 сынып), “Алаңдаушылық” А.Бек (8-11 сынып), “Буллинг құрылымын анықтау” Е.Норкина (5-11 сынып), “Жасөспірімнің әл -ауқат шкаласы” К.Рифф (7-11сынып), “Үмітсіздік шкаласы” А.Бек (7-11 сынып)
Оқушылар “Жанұя” электронды платформа арқылы тестлеуден өтті. Нәтижесі анықталды.
2.2. Психокоррекциялық және дамыту жұмыстары
Өткізілген сабақтар:
- 1- сынып оқушыларымен “Алақай, Мен оқушымын” тренинг сабақ өтілді. Мақсаты: Оқушылар арасында қарым-қатынасты жақсарту, қолайлы эмоциялық атмосфера құру.
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыны қолдау, түсіну және құрмет көрсетуге үйрету мақсатында4 “а” сынып оқушыларымен топтық жұмыс жүргізілді. “Көркем әдеби шығармаларды оқу мен талқылау” мақсатында “Аю мен маса” мультфильмін тамашалау және талдау ұсынылды. Оған қосымша қазақ ертегілерін оқып мазмұндау тапсырмалары берілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
- 10 сынып оқушыларымен “Мен өмірді таңдаймын” тренингі өтілді. Мақсаты: Оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау, өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. Тренинг барысында “Мен және өмір”, “Өмір”, “Екі бақа”, “Ойланып көрейік”, жаттығулары орындалды. Би терапиясы арқылы балалардың көңіл-күйі көтеріліп, рефлексия жүргізілді.
- 5 сынып оқушыларымен топтық тренинг сабақ өтілді. Мақсаты: өзін -өзі бағалауды дамытуға, сенімді мінез-құлық дағдыларын дамытуға, өзін -өзі тануға, сондай -ақ сынып алдында сөйлеу тәжірибесін алуға ықпал ету. Тренинг барысында “мен сондаймын”, “Мен күштімін -Мен әлсізмін ”, “Мамыр айында кім дүниеге келді?” ойын жаттығулары орындалды. Оқушылар сабақта белсенділік танытты. Кері байланыс берілді.
- 11 “ә” сыныптың 2 оқушысымен жеке жұмыс жүргізілді. Диагностика нәтижесі бойынша жасырын тәуекел аймағына түскен оқушылар есепке алынды. “Мен кіммін?” жеке жұмыс. Мақсаты: өзін -өзі тану, ішкі ресурстарды анықтау, эмоциялық рефлексияны дамыту. Жұмыс барысында оқушы өзін туралы ақпарат берді. Өзінің күшті жақтары, дамытқысы келетін жақтары, сезімдері, арманы және мақсаты туралы баяндады. Өз ойын жазып, сыр бөлісті. Жеке жұмысқа арналған қысқа ойындар жүргізілді. Мысалы: “”3 сөз - менің бүгінгі көңіл - күйім”, “сиқырлы сұрақ”, “10 секундтық тыныс” т.б
- 4 “а,ә” сынып оқушыларымен “Достық пен сыйластық” тренингі өтілді. Мақсаты: Оқушылардың арасындаға жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлау, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға үйрету. Тренинг барысында «Досым, қалың қалай?”, “Досты қуанту”, “Досымның жүрегі” ойын -жаттығулар, “Сендер өз достарыңды неге теңейсіңдер?” жағдаяттар, “Ойланайық, пікірлесейік” рефлексия жүргізілді.
- 11 “ә” сынып оқушыларымен “Ашу -ыза білегенде не істеу керек?” тренингі өтілді. Мақсаты: Білім алушылардың ашу -ызаға толы сезімдерін қауіпсіз күйде айтуға үйрету. Тренинг барысында “Көрме” жаттығуы, “Бәтеңкедегі тас”, “Мазақтау” ойыны, “Сілкін!” сергіту ойыны өткізілді. Талдау жасалып оқушылар өз ойларымен бөлісті.
- 5-6 сынып оқушылары арасында “Психикалық денсаулығымыз туралы не білеміз?” тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Мақсаты: Психикалық денсаулықты сақтаудың әдістері мен құралдары туралы хабардар ету. І -шара барысында балалар психикалық денсаулық деген не ? деген сұраққа жауап беріп, ой бөлісті. Талдау жасалды. Мектеп психолі мен мектеп медбикесі тарапынан ақпарат берілді. 1. Психикалық саулыққа оң әсер ететін факторлар таныстырылды. 2. Бойыңды жағымсыз эмоциялар билеп алса, не істеу керек? Бұл сұрақ бойынша 8 жаттығу ұсынылды. Мектеп медбикесі Н.Насаева стресс, депрессия және оның денсаулыққа кері әсеру туралы ақпарат беріп өтті.
- 8 “а,ә” сынып оқушыларымен “Жақсы сөз -жарым ырыс” тақырыбында тренинг өтілді. Мақсаты: Оқушыларға жылы сөздің, қолдаудың, жағымды қарым -қатынастың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, пазитивті сөйлеу дағдыларын дамыту. Тренинг сабақ “Жылы лебіз” сергіту жаттығуын орындаумен басталды. Тренинг барысында “Сөздің күші, “Жақсы сөз - жүрекке жол” жаттығулары орындалды. “Жақсылық шеңбері” 5 минут оқушылар тренингтен алған әсерімен бөлісті.
- 6 “а,ә” сынып оқушыларымен “Адалдық пен жауапкершілік” тақырыбында тренинг сабақ өтілді. Мақсаты: Балаларға адалдықтың мағынасын түсіндіру;* Шынайылық, жауапкершілік, сенімділік қасиеттерін дамыту;* Өз ісі үшін жауап беруге үйрету;* Сыныптағы сенімді қарым-қатынасты күшейту.
Тренинг сабақ “Шындық алауы” шаттық шеңберін ұйымдастырумен басталды. Балаларға қарапайым тілмен адалдық, жауапкершілік туралы түсініктер беріліп, өмірден алынған мысалтар келтірілді. “адал немес Адал емес” ойыны өткізілді. “Ар - ұят таразысы” топтық жұмыс жүргізілді. “адалдық - адамзаттың ең асыл қасиеті” тақырыбында бейнеролик ұсынылып, талдау жүргізілді. “Адалдық пен жауапкершілік - тұлға негізі” виктариналық сұрақтарға жауап беріп, кластер құрады. Сабақ “Сенім көпірі” ойынымен аяқталды.
“Психология - ғажайып әлем” апталығының жұмыс жоспары бекітілді. Лездемеде апталықтың ашылуы болды. “Достық пен өзара түсіністік” ойындар мен жаттығулар ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылар арасында сенімді қарым -қатынас орнату.
“Өмір өзіммен ғажайып, әлем менімен әдемі” арт-терапия өткізілді. Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттері арқылы тұлғаның өзін - өзі тануын дамыту.
“Эмоциялар әлемі” ойындар. Көңілді үзіліс. Мақсаты: Балалардың эмоцияларын түсіну және басқару дағдыларын қалыптастыру.
2.3. Психологиялық кеңес беру
Қатысушылар:
• Оқушылар – 17
• Ата-аналар – 4
• Мұғалімдер – 6
Мәселе түрлері:
• Мінез-құлықтағы қиындықтар
• Мотивацияның төмендеуі
• Ата – ана қарым- қатынасы
- Бала бойындағы қобалжу
Ата-аналарға кеңес:«Сіздің балаңыз 5 - сынып оқушысы» "Бірінші сынып оқушысын мектепке бейімдеу" кеңесі. “Буллингті қалай байқауға болады” «ҰБТ-ға дайындалуда оқушыға қалай көмектесуге болады?»
Кеңес нәтижесі: Оқушылар арасында татулық, бірін –бірі түсіну, сыйластық пайда болды. Байқауларға қатысу алдындағы қобалжу, мазасыздық күйі төмендеп, жүлделі орындарға ие болды.
2.4. Психологиялық ағарту жұмысы
Өткізілген шаралар:
- Ата - аналарға арналған сабақтар:
“Эмоциялар әлемі” ата-аналарды педагогикалық қолдау “Қауіпсіз мектеп” ата-аналар жиналысы «Балаңыз буллинг құрбаны екенін қалай анықтауға болады?»
Мұғалімдерге тренинг:
“Буллингті ерте анықтау және алдын алу” мұғалімнің рөлі.
“Тәуекел топ” оқушыларын анықтау және бақылау, Кесте толтыру бойынша түсіндірме жұмысы. «Буллинг деген не? жадынама «Бірінші сынып оқушысы нені білуі қажет?» жадынама "5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі" жөнінде сынып жетекшілерге ЖАДЫНАМА
2.5. Құжаттамалықжұмыс
• Диагностика хаттамалары
• Психологиялық карталар
• Жылдықжоспар мен есептер
III. Қорытындыжәнеұсыныстар
- Психологиялық қызметтің жүйеленген ережесі негізінде жұмыс жүргізілді.; - «Жанұя отбасын қолдау орталығы»қоғамдық қоры тарапынан әзірленген әдістемелер арқылы бала бойындағы аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау, буллингтің алдын алу бойынша жұмыс жасауға жақсы көмек болды.
І жартыжылдық қорытындысы бойынша: - Білім алушылар мен ата-аналар психолог қызметін пайдалануда қызығушылық танытты; - Мектепте адамгершілік психологиялық ахуал жақсы жолға қойылған; - Психолог көмегін қажет етушілерге барлық мүмкіндік жасалған; - Аудандық білім бөлімі тарапынан әдістемелік көмек көрсетіліп тұрды. Жұмыс жасауға мүмкіндік болды.
Ұсыныстар:
• ҰБТ ға дайындық бойынша психологиялық қолдау шараларын күшейту.
• Мұғалімдермен ағарту жұмысын күшейту.
• Ата-аналарменжеке және топтық тренингтер, ағарту жұмысын күшейту.
IV. Қосымша
• Диаграммалар
• Жоспаркөшірмелері
• Әдістемелертізімі