ҰБТ-бойынша ата-аналарға кеңес » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҰБТ-бойынша ата-аналарға кеңес
15
апрель
2022

ҰБТ-бойынша ата-аналарға кеңес

Жоғары сынып оқушыларына ҰБТ-ға дайындалуға ата-анаға және оқушыға  психологиялық көмек көрсету тренинг сабақ

Күні: 29.04.2022ж

Сыныбы: 11аә

Мектепте тест сұрақтарын білу, жауап парақтарын дұрыс толтыру сияқты мәселенің техникалық жағын ғана емес, сонымен қатар толқуды жеңе білу, тестілік тапсырмаларды орындау кезінде зейінді шоғырландыра білу, демала білу сияқты мәселелердің де маңызы зор.

ҰБТ-ға психологиялық дайындық:

 емтихан алдында материалды қалай қайталау керек;

өзіңді тестілеу кезінде қалай ұстау керек;

стресті қалай жеңе білу керек;

теріс эмоцияларды қалай дұрыс сыртқа шығара білу керек;

«Менің болашақтағы жоспарым» талқылауы

Оқушынының емтиханға дайындалу кезеңінде ата-ананың рөлі маңыздылығы айқын нәрсе. Себебі ата-аналар балалары тапсыратын пән таңдауға бағдар береді, олардың өз күшіне сенуіне қолдау көрсетеді. Ал кейде жағдай керісінше болып жатады: баланың толқуына толқу қосады, төмен баға деңгейі уайымға салындырады.

Жалпы саны 6,11 «А» арасында ҰБТ-ға дайындалу бойынша сауалнама өткізілді. Сауалнама оқушылардың ҰБТ-ға дайындалу кезіндегі қиындықтарын анықтау мақсатын көздеді.

Байқау тестілеуі сіз үшін қалай болды?  

Байқау тестілеуін тапсыру кезінде қандай қиындықтарға кез болдыңыз?

Негізгі жоспарларың жүзеге аспай қалған жағдайда қосымша нұсқаларың бар ма?











Ата-аналарға келесі нұсқаулық ұсынылады: «Сіздердің әрқайсыңызда балаға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесуге болады деген мәселе бойынша өз ойларыңыз бен ұсыныстарыңыз бар. Егер біз бір-бірімізбен осындай ойларымызбен бөлісе білсек, түп нәтижесі біздің балаларымызға жақсы қолдау көрсете білуіміз түрінде көрініс береді». Ата-аналар әрқайсысы 5-6 адамнан бірнеше топқа бөлінеді. Әр топқа бір парақ қағаз беріледі де, тапсырма түсіндіріледі: «Қазір, бес минут ішінде ата-ана балаға ҰБТ-ға дайындалуға қалай көмектесуге болады деген мәселе бойынша барынша көбірек ойларыңыз бен ұсыныстарыңызды жазыңыздар. Ойларыңыздың шынайылығына баға бермеңіздер және сынамаңыздар. Сіздердің міндетіңіз – барынша көбірек идеяларыңызды беру».

Талқылауға берілген уақыт аяқталған кезде ата-аналарды жазған ойларын, идеяларын оқып беруі сұралады. Бұл жерде ата-аналардың ойларына қолдау көрсету, мақұлдау өте маңызды болып келеді.

Педагог – психолог:               А.Махпирова