Психолог кеңестері » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
октябрь
2021

Психолог кеңестері

Жас мамандарға психологиялық кеңес


Ұстаз..... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі...., мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын,  жақындарына да, жат адамдарына да әділ...., жұрттың бәріне....жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек.

Әбу Насыр әл-Фараби.


Құрметті жас мамандар!

1.Оптимист болыңыздар!

2.Ең бастысы мынаны ұмытпаңыздар: балалар - олар да үлкендер;

3.Ештеңеден қорықпаңыз: тәжірибелі ұстаздарға арқа сүйеңіз;

4.Ата-аналармен қалай қарым-қатынас жасау керек? Балалармен қалай қарым-қатынас жасасаңыз, олармен де дәл солай байланыс орнатыңыз. Үлкендер - олар шаршаған үлкен балалар тәрізді;

5.Әкімшілікпен қарым-қатынаста мына техниканы ұстаныңыз: Барлығына келісім беріңіз (сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумаңыз;

6.Ұмытпаңыз: алғашқы сабақтар, алғашқы танысулар - барлық алғашқы нәрселер үлкен маңызға ие;

7.Мына ережені ұстаңыз: егер де сіз балаларға ең алдымен еркіндік беріп, одан кейін қаталдыққа барсаңыз - олар сізді ұнатпайды; ал керісінше бірінші қаталдық танытып, одан кейін бостандық берсеңіз  -  олар сізге риза болады;

8.Есте сақтаңыз: сіздің ең басты жұмысыңыз – балалармен дұрыс қарым-қатынас орнату;

9.Балалардың көзінше жұмыссыз отырмаңыз;

10.Өзіңіздің жылуыңызды кім қажет етсе соған аямай беріңіз;

11.Мұғалім - әрқшан бірқалыпты, нық, сенімді, жақсы көңіл-күйде болуға тиісті;

12.Оқушылармен амандасып жүріңіз, бұл өте маңызды;

13.Өзіңіздің оқушыларыңыз туралы білуге ұмтылыңыз. Олар қалай оқиды, тұрмысы қалай, бұрын қандай болған? Бұл сізге педагогикалық талдау жасауға көмектеседі;

14.Өз қателігіңізге ұялмаңыз. Балалар үлкендерге қарағанда қатені үнемі кешіреді;

15.Шешім қабылдау кезінде күдіктенсеңіз, ең жақсысы - асықпаңыз;

16.Өз-өзіңізді таңертең, күндіз, кешке 3 рет мақтаңыз. Ойлану сіздің ең басты мақсатыңыз;

17.Бала да болып көріңіз. Балалармен ойнаңыз, күліңіз, секіріңіз. Өзіңіздің мұғалімдігіңізді балалық шағыңыздың жалғасы сияқты қабылдаңыз.


Сіздерге сәттілік тілеймін!









«Долайты орта мектебі»  кмм



    Тақырыбы:


/кеңес/





Педагог-психолог: А.Махпирова







2021ж