Психолог кеңестері » Долайты орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасы
ұйғыр ауданы бойынша білім бөлімінің
"Долайты орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727857363
Есепші бөлімі:
+7(72636) 57-3-63
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
апрель
2022

Психолог кеңестері

«Долайты орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі ҰБТ-ге психологиялық дайындық бойынша 9-11-сынып ата-аналарына арналған кеңес

Педагог-психолог: А. Махпирова


Тақырыбы: «Сен менің бақытымсың, қуанышымсың»


«Жақсы сөз-жарым ырыс» Бұл шын мәнінде солай.Сондықтан бір- бірімізге жақсы сөз айтуды әдетке айналдырыңыздар.

Егер сіз балаға немесе басқаға «Басыма бәле болдың ғой» дейтін болсаңыз адамда өзін кінәлі сезіну, өзін төмен бағалау, айналасындағыларға өшпенділік, бөтендік , ата-анасымен қақтығыс пайда болады. Мұндай шиеленістер ешкімге керек емес.Ендеше «Сен менің бақытымсың, қуанышымсың» дегенді көбірақ айтыңыз. Бұдан оның нәтижесі де сізді қуантады.

«Бұл сенің ақылың жететін жұмыс емес, араласпа!» Осылай дедіңіз екен, бала өзін төмен сезініп, өзіндік пікірі болмай, шеттеп өседі. «Ал сен қалай ойлайсын?» деп, оны әңгімеге жиі тартатын болсаңыз, балаңыз көз алдыңызды жақсы жаққа қарай өзгеріп өседі.

 «Ешнәрсе істей алмайсын, қолыңнан түк келмейді» , «Қопалсың» деген сөздер баланы өзін кінәлау мен қорқыныш пен сыртқы келбетіне көңлі толмау, дос таңдай білмеу келеңсіздіктерге көбірақ ұрынады.Қайта «Сен таза, әрі  жинақы жүргенде өте кереметсің» деген сөздермен алмастырсаңыз  балада өзіне деген сенімділік қалыптасады.

«Түрің бар болсын,кімге тартқансың»  бала жас кезінде осы сөзді көп естиді мұның өзі сырт келбетіне көңлі толмау ,қарым-қатынастың бұзылуы болады. «Сен маған ұнайсын, күштісің,қолыңнан барлығы келеді» деп балаға қолдау көрсету керек

Біздің ата-әжелеріміз неге «жоқ», «таусылды», «болдым» деген сөздерді мүлдем қолданғысы келмеген. Берекені кетіргісі келмеген.Айтылған сөз атылған оқ. Қалай айтасыз солай болады. Болдымның орнына қанағат, қайтайық деместен көбейейік деген. Әжелеріміз «Өмірің ұзарғыр», «Көп болғыр», «Тұқымың көбейгір» деп ұрсатын оларда терең ой бар. «Жақсы сөз жарым-ырыс» дейді ғой сол қазақ.

 Тест кезінде мыналарға көңіл бөлуге кеңес беремін:

Ата-ана үшін ең үлкен бақыт-БАЛАНЫҢ АМАНДЫҒЫ, ЖЕТІСТІГІ.

ҰБТ қарсаңында баланы көп мазаламаңыз, бұл тестілеу қортындысына кері әсерін тигізеді.Ата-ананың қобалжуы балаға беріледі.

Балаңыздың көңіл күйі мен денсаулығын жиі тексеріп қадағалап отырыңыз, балаңыздың жан дүниесін сізден артық ешкім түсінбейді.Балаңыз қатты шаршап қажуына жол бермеңіз.

Үйден баланың тестке дайындалуына қолайлы орын   беріңіз, үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай болсын.

Тамақтануына ерекше көңіл бөліңіз, оймен қарқынды жұмыс істеу барысында сіңімді және әр түрлі дәруменді тағам жеуі керек.Балық, ірімшік,дәндер,құрма мидың жұмыс істеуіне жақсы көмектеседі.